Home » Мақалалар » Білім – қойма, инновация – оның кілті

Білім – қойма, инновация – оның кілті

Узденбекова Жанаргуль Кенжетаевна
Ақмола облысы, Целиноград ауданы
Талапкер ауылының ЖОББМ

       Мұғалім мамандығын таңдап тер төгіп еңбек еткеніме 29 жыл өтіпті.Оның көптеген қырларын сөзбен айтып көрсету мүмкін емес, жүрегіңмен және жан-тәніңмен сезіне аласың. Мен бастауыш сыныпта еңбек етіп келемін.

Қиыны мен жеңілі, қызығы мен қуанышы мол болған еңбек жолындағы педагогикалық ұстанымым – үнемі жаңалыққа ұмтылып, алдыңғы қатардан көріну және әр оқушының бойынан жақсылық тауып, бұлақтың көзін ашу арқылы биік мақсаттарға жетелеу. Мұндай ұстаным мұғалімде болмаса, ол жай мұғалім атын жамылып жүргендер деп айтар едім. Ендеше, осы міндеттерді жүзеге асыратын басты тұлға – ұстаз. Тек мықты ұстаз ғана осындай ауыр жүкті алып жүре алады. Халқымыз әрқашанда ұстаз мәртебесін көтеріп, аса жоғары қастерлеп, бағалаған. Ұлы Абай “Адамның адамшылығы жақсы ұстаздан болады”, деп айтқаны белгілі.

Ұлы ағартушы Ахмет Байтұрсынов: «Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектебі һәм сондай болмақшы, яғни мұғалім білімді болса, білген білімін басқаға үйрете білетін болса, ол мектептен балалар көбірек білім біліп шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі, мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар, оқыта білетін мұғалім», – деген. Ғасырға жуық уақыт өтсе де, Алаш арысының осы сөзі ескірмек емес.

Жақсы ұстаз — бұл қай кезде де ең алдымен кәсіби деңгейі жоғары, интеллектуалдық, шығармашылық әлеуеті мол тұлға. Ол оқытудың жаңа технологияларын өмірге ендіруге дайын, оқу-тәрбие ісіне шынайы жанашырлық танытатын қоғамның ең озық бөлігінің бірі деп есептеймін және солай болуы тиіс.

Бұл міндетті жемісті орындау үшін, оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыру үшін оқытудың көптеген жаңа әдіс-тәсілдерін алып, өз іс- тәжірибемде ұтымды пайдалана білуге тырысамын. Педагогикалық процесте инновация- оқыту мен тәрбиенің тәсілдері, түрлері мақсаты мен мазмұнын, мұғалім мен оқушының бірлескен қызметін ұйымдастыруға жаңалық енгізуді білдіреді.

Әр мұғалім жаңа сабақты жоспарлағанда тек тақырыпты мазмұндау міндет емес, оқушы ойын қалай дамыту, керек оқушыға не берем деген мақсат тұрса қазіргі оқытудың жаңа технологиялық әдіс, тәсілдерін қолдана білсе, оқытушы аз сөйлеп, көп білім мен тәрбие бере алады.

Мен өзімнің инновацияны сабақтастыру іс-әрекетімді төрт түрлі өлшеммен сипаттаймын:

— инновациялық іс-әрекеттің қажеттілігін сезіну;

— оқу үрдісіне жаңалық енгізуде шығармашылықпен қызмет етуге даярлығымның болуы;

— енгізілетін жаңалықтардың бағытының дұрыстығына, тиімді нәтиже әкелетініне сенімді болуым;

— белгілі проблеманы шешудегі қолданылатын инновациялық іс-әрекетті толық өзіме қабылдап, оны енгізе білуім.

Шығармашылық – жаңалық ойлап табуға бағытталған қабілеттер деңгейі. Шығармашылық- өте күрделі психологиялық процесс. Мұғалімдерге қойылатын талаптардың бірі – шығармашылық. Мұғалім өз шығармашылығы арқылы оқушы шығармашылығын ұйымдастырады. Ал менің мақсатым – оқушыға оқу үрдісін ұйымдастыру барысында шығармашылықтың маңызын білдіру, баланың басқаға ұқсамайтын қабілетін ашу.

Қазіргі уақытта елімізде әлемдік білім кеңістігіне бағыт алған жаңа білім беру жүйесі қалыптасуда. Сол жаңа білім кеңістігін қалыптастыруда менің де өз үлесімді қосуымкеректігі сөзсіз.

Ақпараттық коммуникациялық технология әдістерін дәстүрлі әдістермен ұштастыра жаңаша сабақ түрлерін өткізу үшін еш қиындық кездеспейді. Жаңа ақпараттық технологияларды қолдану арқылы өзім де, оқушыларымда да пәнге деген қызығушылықтың жаңа бір белесіне шыққандай болдым.

Ақпараттық коммуникациялық технология әдістерін қолданып оқитын оқушыларының оқу сапасы да жоғары, сабаққа деген мотивациясы да жоғары болуы – қазіргі заман оқушысының танымдылық, шығармашылық қабілетін дамытудың тура жолының бірі – ақпараттық коммуникациялық технологияның артықшылықтары деп білемін.

Мен өз-іс тәжірибиеме тоқтала кететін болсам қазақ тілі, әдебиеттік оқу пәндерін оқыту барысында жаңа технологияны қолдану оқушының пәнге деген қызығушылығын арттырумен қатар дүниетаным шеңберін кеңейтіп, коммуникативтік құзыреттілігін арттырады

Сын тұрғысынан ойлау модулінің басты мақсаты – дамыта оқыту негізінде “Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқу мен жазуды дамыту” бағдарламасын іске асыру, балаларға терең білім беру. Жаңа технология ретінде ең озық әдістерді дер кезінде игеру, іздену арқылы бала бойына дарыту, одан өнімді нәтиже шығара білу – әрбір ұстаздың басты міндеті.

Аталмыш бағдарламаның ішкі құрылымында ерекшелік бар. Бұл құрылым 3 деңгейден тұратын оқыту мен үйретудің моделі. Білімнің болашақта пайдаға асуы, қажетке жарауын қалыптастырады. Көп ақпаратты талдай, жинақтай отырып, ішінен қажеттісін алуға үйретеді.

Енді осы кезеңдерді өз тізбектелген сабақтарымда қалай қолданғаныма толығырақ тоқталып кетсем. Мысалы, 4 сыныпта қазақ тілі пәнінен «Дара және күрделі сан есім» тақырыбы бойынша өткізілген сабаққа тоқталайын.

І кезең — Қызығушылықты ояту. Үйрену процесі – бұрынғы білетін және жаңа білімді ұштастырудан тұрады. Оқушы жаңа ұғымдарды, түсініктерді, өзінің бұрынғы білімін жаңа ақпаратпен толықтырады, кеңейте түседі. Сондықтан да мен сабағымда оқушылардың қызығушылығын оятуға тырыстым..Оқушылардың сыни тұрғысынан ойлау яғни әрі қарай не болатынына қызықтыру, ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыруда «Шаттық шеңберін» құрып бір-бірлеріне жылы тілектер білдіруді ұсындым. Оқушылардың қолдарына сөздер жазылған карточкалар таратылды. Сол бойынша 3 топқа бөлінді.Жеті ата, жеті қазына, жеті күн тобы

Сабақтың тақырыбын «Ойлан, тап» ойыны арқылы табуды ұсындым. Оқушылар өрнектердің мәнін есептеп, тақырыптың атын шығарды.

9+5=15(е) 24+20=44 (і)27:3=9 (н) 18:9=2 (с)13=39 (а) 420:6=70 (м)

Сабақта қарастырылғалы тұрған мәселе жайлы оқушылардың не білетінін, не айта алатындығын анықтауда тақырыптың мағынасын ашудан бастадым. Дариға, Аружан, Дастан, Бауыржан өз білетінін еске түсіріп, қағазға жазып, көршісімен бөлісіп, тобында талқылады. Яғни айту, бөлісу, ортаға салу арқылы оқушылардың ойы ашылады, тазарады. Осылайша шыңдалған ойлауға бірте-бірте қадам жасала бастайды. Оқушылар бұл кезеңде жаңа білім жайлы ақпарат жинап, оны байырғы біліммен ұштастырды. Өйткені, осы арқылы ойды қозғату, ояту, ми қыртысына тітіркенгіш арқылы әсер ету жүзеге асады. Осы кезеңге қызмет ететін “Топтастыру” стратегиясында сан есім туралы білетіндерін жазды. Топ атымен тақырыптың байланысын анықтады.Топтық жұмыс оқушыларды бірлікке, татулыққа, бір-біріне жанашырлыққа тәрбиелейді. Өздеріне деген сенімділік пайда болды. Оқушылар ойлануға, жеке жұмыс істеуіне уақыттың маңызды екенін үйренді. Білім аясын кеңейту, жүйелеу арқылы ой қозғау әдісімен әр сабақты түрлендіріп өткізіп отырамын. Сабақтарымда сөзжұмбақ, жұмбақ шешу арқылы, мазмұнды сурет, шағын мәтін қолданамын.

Мағынаны тану кезеңінде оқушылар жаңа ақпаратпен танысады, тақырып бойынша жұмыс істейді, тапсырмалар орындайды. Оның өз бетімен жұмыс жасап, белсенділік көрсетуіне жағдай жасалады.

Мағынаны тану, яғни бұрынғы білімімен жаңа білімді ұштастыра түседі.

Ой қозғау, кластер, сурет бойынша ойыңды ортаға салу оқушыларды қызығушылыққа, белсенділікке жетелейді. Оқушылар өз ойларын, байқаған ақпараттарын өз сөздерімен айтуға үйренді.

Бұл кезеңде оқушылар тапсырма орындай отырып ережені қорытындылады. Тақтаға екі бағанға сан есімдер жазылды. Сөздерді жазып, айырмашылығын тапты. Оқушылар өз топ атына байланысты мысалдар келтіріп талдады.

Қазақ тілі сабағында міндетті түрде көркем жазу мен сауаттылық минутын өткізіп тұрамын.Оқушылар сан есімдерді дара және күрделі түрлеріне топтап, сөзбен жазды.

9, 28, 645, 2, 60, 2004, 100 1996.Тоғыз, екі, алпыс, жүз.

Жиырма сегіз, алты жүз қырық бес, екі мың төрт, мың тоғыз жүз тоқсан

Тақырыпты ашу мақсатында әр түрлі тапсырмалар берілді.

І топ: Реттік сан есімдерді есептік сан есімге айналдырып жаз.

ІІ топ: Есептік сан есімдерді реттік сан есімдерге айналдырып жаз.

ІІІ топ: Дара сан есімдерді күрделіге айналдырып жаз.

Оқушыларды шығармашылықпен жұмыс істеуге баулу мақсатында тапсырмалар бердім.

І топ. Санмен өрнектелген мақалдарды оқы

ІІ топ. Көңілді шумақтар

Же1 екен 1қазан: Кей1 жемді 1қазан, 1 – ақ сәтте қойды жеп.

ІІІ топ. «Ерекше сандар» ойыны. Осы сандар қандай оқиғалармен байланысты. Сөйлем құрастырып айт.8, 2017,9, 22

Топтар арасында қорғауда, яғни ортаға шығып сөйлеу бала үшін үлкен жетістік. Осындай бір қуантатын жайт ол төмен оқитын оқушыларымның алға жылжуы. Оның ерекшелігі оқушының білімді өз бетінше меңгеруге ұмтылғандығы, алуан түрлі (есту, көру) арнайы жасалған оқу және танымдық жағдайлар арқылы дамытуға, шығармашылық қажеттілігін қанағаттандыруға, сөздік қорын (ауызша, жазбаша) дамытуға бағытталады.

Жаңа білімді меңгерту үшін ең тиімді әдіс сұрақ-жауап, әңгімелесу, диалог болып табылады. Менің әр сабағым диалогтік оқытуға құрылды. Топтық жұмыс арқылы оқушы мен оқушы арасында, оқушы мен мұғалім арасындағы диалогты тиімді ұйымдастыру арқылы мақсатқа қол жеткізе алдым. Нәтижесі таңғаларлық! Оқушылар мен күткеннен де артық әсер алды. Өз ойларын жарыса айтып, жаңа сабақты өз беттерімен тез меңгере алды.

Ой-толғаныс кезеңі күнделікті оқыту процесінде оқушының толғанысын ұйымдастыру, өзіне, басқаға сын көзбен қарап, баға беруге үйретеді.

Бұл оқушылардың жауапкершіліктерін арттырумен қатар, өзін-өзі бағалаулары үшін де тиімді болмақ. Оқушыларым мұғалімнің бағалауына әбден үйреніп қалған. Бағаны не үшін алды, келесі де жақсы баға алу үшін не істеу керек деген талдау жүргізілмегендіктен, оқушылар үнсіз кете беретін. Ал, жаңаша оқыту әдісінде оқушыларды бағалауға көбірек көңіл бөлуге тырыстым. Оқушының өзін-өзі бағалауын ұйымдастырдым. Бастапқы сабақтарымда оқушылар бағалау барысында өздеріне барлығы «5»деген баға ерді. Мен олардың әрбірін тұрғызып, неліктен осы бағаны өзіңе қойдыңдар дегенде қиналып, кейбірі жауап бере алмады. Өзара бағалау оқушыларға олар бір-бірінен үйрену үшін және бір-бірін демеуі үшін, бір-біріне қажетті кері байланысты орнатуға көмектеседі, бұл оларға сөйлесу, талқылау, түсіндіру және бір-біріне сыни бағалау мүмкіндігін береді. Оқушылар өз ойларын, өздері байқаған ақпараттарды өз сөздерімен айта алады. Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқушылар бір-бірімен әсерлі түрде ой алмастыру, ой түйістіру, өз үйрену жолын, кестесін жасау мақсатында басқалардың әр түрлі кестесін біліп үйренеді. Бұл үйрену сатысы – ойды қайта түйіп, жаңа өзгерістер жасайтын кезең болып табылады. Осы кезеңді тиімді етуге лайықталған “Бес жолды өлең”, “Венн диаграммасы”, “Еркінжазу”, “Шығарма кестесі”, “Т кестесі” сияқты стратегияларды әрсабағымда ерекшелігіне, ауыр-жеңілдігіне қарай лайықтырып қолданамын. Бұл әдіс-тәсіл баланы ұйымдасып жұмыс жасауға, ізденуге, ойын дамытуға, уақытты үнемдеуге тәрбиелейді. Бала келесі сабаққа тапсырма алып ізденіп келуге дағдыланды. 45 минут қымбат, оқытушыда мақсатына жетіп, тақырыбын жан – жақты аша алады. Әрине 1 сабақта бала бойына жақсы қасиет ұялаттым деп айту қиын. «Тәрбие, оқу – инемен құдық қазғандай» бала ойына жаман, жақсы қылықтар туралы түсінік қалыптасатыны анық.Қорыта келе қоғамымыздың қазіргі даму кезеңіндегі басты мәселелердің бірі – оқытудың жаңа әдістерін енгізу, яғни оқу үрдісіне пайдалану керек деп ойлаймын. Әр педагог жаңа технологиялық әдіс, тәсілдерді өз тәжірибесіне енгізсе, өз жемісін беретініне сенемін. Үйренген жаңа-әдіс тәсілдерді сабағыма ықпалдастырып қолданамын. Осы жоба аясында алған білімімді шыңдай түсіп еліміздің болашағына кішкене болса да өз үлесімді қоссам деймін!

4 комментария

  1. Балсулу

    Сәттілік 👍💐

  2. Өте керемет

  3. УЛБОСЫН М.К.

    Сәттілік серік болсын!

  4. Жанар! ҚҰрбым! Молодец! Қаламың ұштала берсін! Еңбегіңнің жемісі шаш етектен болсын! Сен сияқты ақылды, білімді, адал, жаңашыл, ізденімпаз ұстаздардың көп болуын тілеймін! Қатарларың көбейе берсін! Білімді, дарынды ұрпағымыз көп болсын! Қазақтың болашағы жарқын болсын! Қазақтың білімді ұрпағы жасай берсін! Мұғалімдердің, ұстаздардың, педагогтердің абырой-беделдері арта берсін, ар-ождандары жоғары болсын! Шығармашылық табыс тілеймін! Жаңалықтарың көп болсын! Сенің ҰСТАЗ болғаныңа шын жүректен қуаныштымын!😍😍😍🥰🥰🥰😘😘😘👏👏👏👍👍👍

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.