Home » Мақалалар » “Құстар біздің досымыз”

“Құстар біздің досымыз”

Алматы қаласы, Түрксіб ауданы,
№121 бөбекжай-балабақшасында
“Құстар біздің досымыз” тақырыбында аудандық семинар өтті.

Семинардың ашылу салтанатында алғашқы сөз кезегін алған
№121 бөбекжай –балабақшасының меңгерушісі Колдабаева Шолпан Отепбергеновна
келген қонақтарды семинардың өтілу барысымен таныстырды.

Семинар «Қанатты достар» ертегісімен басталды. Семинар барысында тәрбиеші
Ахметова Д.А. балалармен «Дәстүрден тыс сурет салу технологиясы» бойынша іс-әрекет жүргізді. Сурет салу өте қызықты және сонымен бірге қиын процесс. Сурет салудың әртүрлі әдістерін, оның ішінде дәстүрлі емес тәсілдерді қолдана отырып, тәрбиеші бейнелеу өнеріне деген сүйіспеншілікті, сурет салуға деген қызығушылықты оятады. Тәрбиеші жүргізген әрекет бойынша түсінгеніміз,
“дәстүрден тыс сурет салу технологиясын” қолдану баланың дамуына ықпал етеді: қолдың ұсақ моторикасы және тактильді қабылдауы,
қағаз парағында кеңістікті бағдарлау, көз бен визуалды қабылдау, зейін мен табандылық, ойлау, ұсақ дағдылар мен дағдылар, бақылау, эстетикалық қабылдау, эмоционалды жауап беруіне өз әсерін тигізеді.
Сонымен қатар, семинар барысында тәрбиеші Тажибаева М.И
балалармен папье-маше әдісі бойынша іс-әрекет жүргізді. Тәрбиеленушілер аталған әдіс бойынша көз сүйсінтер “Көгершіндер” жасап шығарды.
Сондай-ақ тәрбиеші Шарипова С.Т тәрбиеленушілермен «Қыстайтын және жылы жаққа ұшатын құстар» атты дидактикалық ойын өткізді. Бұл ойын балалардың ойлануына, құстарды тануына, жыл мезгілдерін ажырата білуіне өз септігін тигізері анық.
Тәрбиеші Терликбаева Ж.Б
«Түлкі мен торғайлар» қимылды ойынын ойнатты. Балалар ойын барысында өте белсенді болды.

Іс-шара барысында тәрбиеленушілер мәнерлеп өлең оқыды. “Көгершіндер ұшыңдар” биін билеп және әсем ән шырқап, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.

Бұл семинарға тәрбиеленушілерден бөлек “ата-аналар да” ат салысқан екен.
Тәрбиеленушілердің әкелері “Қараторғайдың ұясын” балаларымен бірге жасап әкеліп, мектеп ауласына ілді.
Әрбір ата-ана өз баласы үшін — басты тұлға. Сондықтанда да кез-келген бала алдымен үлгіні ата-анасынан алады.
Бала әкеден ақыл, анадан мейір алады.
Сол себепті де аталған іс-шараға әкелердің қатысуында үлкен мән бар деп санаймыз.

Семинарға қатысушы әрбір қонақ
№121 бөбекжай –балабақшасында ұйымдастырылған семинардан «білім қоржындарын» түрлі әдіс-тәсілмен толықтырып, ризашылықпен жақсы көңіл–күйде тарқасты.
Семинар соңындағы ашық микрофон айдарында ата-аналар балабақша ұжымы мен балабақша меңгерушісіне өз ризашылықтары мен алғыстарын жеткізді.

Еліміздің ертеңі болар тұлғаны қалыптастыру жолында қанаттарыңыз талмасын.

“BILIM AINASY”,
Алматы қаласынан,
Ақерке Амангелдіқызы

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.