Home » Жаңалықтар » Жасыл планета – біздің ортақ үйіміз

Жасыл планета – біздің ортақ үйіміз

Алматы қаласы, Алатау ауданы,
№76 бөбекжай-балабақшасында
«Жасыл планета — біздің ортақ үйіміз» атты семинар өтті.

Семинарда Алатау ауданы Білім бөлімінің басшысы, Қалалық мектепке дейінгі ресурстық орталығының мамандары, Алматы қаласының әдіскерлері қонақ болды.

Семинардың шымылдығы балабақша меңгерушісі Кубекова Гульжария ханымның алғы сөзімен түрілді.
— Бұл тақырыпты алу себебіміз: «Табиғатты қорғау-Болашақты қорғау»
Сингапурда айнала жап-жасыл. Балаларды жастайынан табиғатты қорғауға ерте жастан баулиды екен. Балалар мектепке дейінгі ұйымдарда табиғатты қорғауды және оны өсіріудің жолдарымен танысады. Бұл жоба арқылы балаларда табиғатқа деген жанашырлық дамиды. Нәтижесінде біз балаларға кішкентай кезінен бастап айналадағы табиғи ортамен үнемі қарым-қатынаста болуды, қоқыстардың қайта өңделіп пайдаға асыру жолдарын, қоршаған ортаны таза ұстау, ластамау, үлкендердің еңбегін бағалау, құрметтеуді тереңнен ұғындырудамыз, — деді балабақша меңгерушісі.

Семинар барысында балабақша педагогтері балалармен іс-әрекетін көрсетті. Эко-зертханада бақылап өсірілген дәнді-дақылдарды, өсімдіктерді, көкөністерді зерттеп және әр түрлі эксприменттер жасады. Атап айтсақ: бидай мен арпаны сулы мақтада өндіру, жапырақ, гүлдердің көлеңкесін беторамалға түсіру, қолдарымен әр түрлі жемістердің иісін беру арқылы қол жуатын табиғи сабын жасау, мандарин, апельсин жемістерінен иіс су әзірлеу, кептірілген гүлді кепкен қағазды еріту арқылы торға кұю арқылы портрет жасауды балалар зертханада жасап, қолдарын машықтандырып, саналарына сіңіруде. Бұл бір жағынан баланы жастайынан еңбекке баулу болса, екінші жағынан табиғатты аялауға бағыттайды.

   

Осылайша балабақша тәрбиешілерінің ғылыми-зерттеу жұмыстары балалардың ой-өрісін кеңейтуге, сыни тұрғыдан ойлау, тыңдау, есте сақтау қабілеттерін дамытуға ықпал етеді. Балалардың танымдық қызығушылығы мен шығармашылық қабілетін дамытуға септігін тигізеді.

Атап өтсек, 2023 жылдың шілде айында Алматы қаласының мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің қызметкерлері «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласында қайта даярлау және біліктілікті арттыру» курсы бойынша Сингапурда тағылымдамадан өткен болатын.

   

Семинарда қалалық мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының жетекшілеріне оқытудың, тәрбиеленушілердің әртүрлі қажеттіліктерін қолдаудың және қоршаған ортаны қорғаудың озық тәжірибелері мен бірегей әдістері ұсынылды.
Семинар соңында ашық микрофон айдары өтіп, келген қонақтар балабақша меңгерушісі мен ұжымына өз алғыстарын білдірді.

«BILIM AINASY»,
Алматы қаласынан,
Ақерке Амангелдіқызы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.