Home » Жаңалықтар »  Ұлттық тәрбие — ел болашағы

 Ұлттық тәрбие — ел болашағы

Алматы қаласы Білім басқармасына қарасты Медеу ауданында орналасқан №99 жалпы білім беретін мектепте «Ұлттық тәрбие – ел болашағы» тақырыбында іс шара өтті.

Семинарға Медеу ауданында орналасқан мектептердің тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары және аудандық білім бөлімінің әдіскері Акылбекова Эльмира Нургазиновна қатысты.

Мектеп оқытатын орын. Сондықтан да болар. Сәлемдесу соңы орыс тілі мұғалімі Джамбакиева Мухаббат Хожамбердиевна ұстаздың шебер сабағымен басталды.

Кездесудің келесі бөлігі оқу орнының мәжіліс залында жалғасты. Жақсы бастама «День тени» яғни, бір күн қандай да бір қызықтырған маманның көлеңкесі болып қасында жүру деген мағынаны білдіреді. Тәжірибе де жоқ емес. Бірнеше оқушылар өздерінің жақсы көретін мамандықтарын үйрену, бақылау жолында дейді мектеп басшысы.

Семинар бір сарынды болмасын деді ме, ұйымдастырушылар қонақтарды қол өнермен айналысуға тартты. Онда ол кісілер өз қолдарымен әшекейлер жасады. Жасаған бұйымдарын өздерімен алып кету мүмкіншілігіне де ие болды. Естелік болсын деген ниетпен гүл отырғызды.

Білім айнасы
Алматы қаласынан
Қуантай Амантайұлы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.