«Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны
«Құстарға үй сыйлайық»
Алматы қаласы Алатау аудандық Білім бөлімінен қарасты №156 жалпы білім беретін мектепте «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны бойынша жоспарлы түрде шаралар ұйымдастырылуда. Науқанның басты мақсаты – қалалық инфрақұрылымға ұқыпты қарау құндылығын қалыптастыру, мектеп оқушылары арасында жоғары азаматтық жауапкершілік пен экологиялық мәдениетті тәрбиелеу, жеке экологиялық бастамаларды қолдау және оларды іске асыру үшін жағдай жасау.
Науқан барша оқушыларды туған қаласын, шағын ауданын, көшесін, мектебін және сыныбын таза ұстауға, құрметтеуге күш-жігерін біріктіруді көздейді.
Науқан бойынша мектеп аумағын қоқыстан тазартуға еріктілер ретінде 8, 9-сынып оқушылары белсенділік танытты.
Биология мұғалімі Нурмухаметова Г. 7 «Ж» сынып оқушыларының көмегімен мектеп гүлзарына гүлдер отырғызды.
Сонымен қатар «Біздің қала — біздің аула, біздің үй» науқаны аясында 10 аққайың ағашының және 10 талшын ағашының көшеттері отырғызылды. Аулалар мен ойын алаңдары жөнделіп, ретке келтірілуде.
«Қоқысқа қайта өмір сыйлайық» атты оқушылар қолымен жасалған заттар көрмесі ұйымдастырылды. Өнерлі өрендер ұшқыр ойлы екендіктерін көрсетіп, түрлі қолөнер бұйымдарын жасап, бәйгеге қатысты, жұмыстары нәтижеленіп, мадақтамалармен марапатталды.
«Құстарға үй сыйлайық» айдарымен өткен шараға көркем еңбек және бастауыш сынып мұғалімдерінің ұйымдастыруымен бірнеше ұя жасалып, мектеп ауласындағы ағаштарға орналастырылды. Оқушылар осындай шараларға белсене араласты. Осы науқанға қатысу арқылы оқушылар еңбекқорлыққа, құстарға қамқоршы болуға, мейірімділікке және тату-тәтті бірлікте болуға тәрбиеленді.
Нан қоқымын шашпаңдар,
Жерде жатса, баспаңдар.
Теріп алып, қастерлеп,
Торғайларға тастаңдар! — деген өлең жолдарын жатқа оқып, келешекте осы ұядағы құстарды тамақтандыратындарын айтып, оқушылар да риза болды.
Науқан аясында «Түлектер аллеясы», «Асар», «Таза ойындар», «Әлемдегі ең әдемі қала», «Мектеп алаңы оазисі», «Қоқымсыз мектеп» акциялары, «Жасыл планета – біздің ортақ үйіміз» сияқты мектеп оқушыларының сурет байқауы және т.б. түрлі шығармашылық әрі экологиялық іс-шаралар жүзеге асырылмақ.
Мектеп оқушылары мен олардың ата-аналары «Алматы-біздің ортақ үйіміз» атты науқанды ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдіріп, бала тәрбиесіне үлкен маңызды әсер ететіндігіне баса тоқталып, қолдау танытты.
Директордың тәрбие ісі жөніңдегі орынбасары:
Мустафинова Гаухар Советкызы