Home » Мақалалар » Қызыл, сары, жасыл

Қызыл, сары, жасыл

Курманкалиева Баян Жайлаубековна
Жамбыл облысы, Меркі ауданындағы
«Балдырған» бөбекжай-бақшасының
 дене шынықтыру нұсқаушысы

Мақсаты: Жолда жүру ережесі  туралы түсінік беру. Балаларды жолда жүру ережелеріне сәйкес бағдаршамның атқаратын қызметімен таныстыру. Ойын арқылы балаларға жолда жүру ережелерін үйрету. Көше, жол, жаяу адам жүретін жол мен көліктер туралы түсініктерін жетілдіру.

Көрнекілік заттар: шарлар, бағдаршам, жаяу жүргінші жолы, жол белгілері.

Тәрбиеші: — Саламатсыздар ма, балалар! Саламатсыздар ма, қонақтар! Бүгінгі «Қызыл, сары, жасыл» атты ойын сауығымызға қош келдіңіздер!

Балалар, біз бүгін жол ережесімен танысамыз. Жолда жүрудің, адамдардың да көліктердің де өз тәртібі бар. Балалардың орындауында

Ән: «Бағдаршам»

Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар, ендігі кезекті жол ережесіне арналған тақпақтарға береміз.

Тақпақтар:

Тәрбиеші: Енді 3 топқа бөлінеміз (қызыл, сары, жасыл).

Тәрбиеші: Балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын:

Өзі сөйлей білмейді

Бірақ «Тоқта, жүр» дейді (Бағдаршам)

Дұрыс балалар,  бүгінгі кешіміздің ең басты қонағы бағдаршамды ортаға шақырамыз. Балалар көшеде жүру тәртібін бағдаршам басқарады. Бағдаршам өмірімізді қауіптен сақтандыратын көмекшіміз, оның сырын біліп, тілің алу баршамызға ортақ. Олай болса балалар бізге «Бағдаршам» қонаққа келіпті.

Бағдаршам: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мені барлық елдердің балалары жақсы біледі. Бүгін сендерге арнайы қонаққа келдім.

Тәрбиеші: Қош келдің, Бағдаршам! Бүгінгі айтар әңгімеміз саған қатысты болмақ. Сондықтан да бізбен бірге бол.

Бағдаршам:

Күндіз түні жанамын

Дабыл беріп бәріне.

Үш түрлі түсім бар

Белгілі жаспен кәріге

Мен бағдаршам боламын.

Тәрбиеші: Бағдаршам бүгін «Қызыл, сары, жасыл» болып үш топ арасында сайыс өтеді. Кезекті топтар ұранына берейік.

Қызыл түс: Қызыл көзін ашқанда,

Сынық сүйем баспа алға!

Сары түс: Сары түсін ашқанда,

Қарап қалма аспанға!

Жасыл түс: Жасыл көзін ашқанда,

Өтебергін,жасқанба!

Бағдаршам: — Иә, расында да балалар өте ақылды екен. Балалардың тапқырлығын тексеріп көрейінші. Әрбір дұрыс жауап бағаланып  қоржынға асық салынады.

1-тапсырма:Дидактикалық ойын:«Кім жылдам»

Бағдаршам:Бағдаршамның неше көзі бар?

Балалар:  үш көзі бар.

Бағдаршам:  бағдаршамның көздерінің түсі қандай?

Балалар:  қызыл, сары, жасыл (красный,желтый,зеленный)

Бағдаршам:  Оның түстері нені білдіреді?
Балалардың жауабы.

2-тапсырма: Дидактикалық ойын: «Бағдаршамның көзерін орналастыр»

Шарты: Балалар қызыл, сары, жасыл шар үрлеп ұяшыққа орналастырып бағдаршам құрастырады.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар, Бағдаршам біздің балалар түрлі жол белгілерін біледі.

3-тапсырма:Сұрақ,жауап.

Жол белгілерін көрсету арқылы сұрақ қойып,жауап алу.

4- тапсырма: Көрініс: «Жол ережесін сақта»

5-тапсырма: Сергіту сәті: «Жол белгілеріне қарап,жолда жүру»

Қорытынды:

  • Балалар бүгін біз не туралы өттік?
  • Бағдаршам туралы.
  • Бағдаршамның неше көзі бар?
  • Үш көзі бар.
  • Қандай?
  • Жаяу жүрген кездегі белгілер қандай белгілер?
  • Ақ жолақтар.

Жол тәртібін білейік.

Аман-есен жүрейік

Тәрбиеші: Рахмет балалар бүгін сендер өздерінің жол ережесін білетіндеріңді көрсеттіңдер. Қай жерде жүрсеңдер де жолда жүру ережесін сақтап, басқаларды да соған шақырыңдар дегім келеді. «Жол ережесін білу-әрбір адамның міндеті»Олай болса қонақтармен қоштасайық.Сау болыңдар балалар.

Би: «Көңілді бағдаршам»

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.