Алдамжарова Нурия Абдимуратовна
Жамбыл облысы, Меркі ауданындағы
«Балдырған» бөбекжай-бақшасының тәрбиешісі
Мақсаты: балаларды жолда жүру ережесімен таныстыру. Бағдаршамның атқаратын қызметін білуге үйрету. Есте сақтау қабілеттерін арттыру, жол тәртібін бұзбауға тәрбиелеу.
Тәрбиеші: Балалар, бүгін бізде ерекше күн. Бізге көптеген қонақтар келіпті. Қонақтармен амандасу.
Шаттық шеңбері
Жұмбақ
Үш көзі бар қаз-қатар
Кезек-кезек ашады
Үшеуінен байқасақ
Үш түрлі нұр шашады (Бағдаршам)
Көліктің қаншасын үстінен өткізген,
Іргеден басталып, алысқа жеткізген (жол)
Олай болса, біздің тақырыбымыз «Жолда жүру ережесін білесің бе?». Бағдаршам бізде жол жиегінде тұрады. Жол тәртібін реттейді.
Жол белгілерімен таныстыру.
Жаяу жүргінші жолынан мысық жол ережесін бұзады. Мысықты қуалап күшік келеді. Инспектор тоқтатады. Сендер неге жол ережесін бұздыңдар. Қараңдаршы, бұл жерде бағдаршам тұр, жаяу жүргінші жолы тұр. Сендер болсаңдар жол ережесін бұздыңдар.
Қасқыр: Біз есік алдында ойнап жүріп, жолға қалай келгенімізді байқамай қалыппыз. Біз жол ережесін білмейміз.
Инспектор: Сендер уайымдамаңдар жол ережесін білетін үлгілі жолаушы балаларға апарамын.
Инспектор: сәлеметсіңдер ме, балалар. Мен сендерге қонақтар әкелдім. Қасқыр мен қоянға сендердің көмектерің қажет.
Тәрбиеші: Сәлеметсіңдер ме қасқыр,қоян сендер қайдан жүрсіңдер?
Инспектор: Бұл екеуі жол ережесін бұзып жолда ойнап жүр екен мен оларды тоқтатып осы жерге алып келдім.
Тәрбиеші:Балалар, сендер мысық пен күшікке көмектесесіңдер ме?
Балалар: Әрине көмектесеміз
Инспектор: Біздің ауданымызда түрлі көліктер өте көп. Көшелер мен жолдардағы жағдай барған сайын күрделене түсті. Жол көлік оқиғаларының қауіпі арта түсуде. Сондықтан да жаяу жүргінші мен жүргізушілер көшедегі және жолдағы тәртіпті қатаң сақтау қажет.
Слайд арқылы әңгімелеу
Инспектор: Ой, мынау Буратино ғой, жол тәртібін бұзып қайда бара жатыр. Мен оны тоқтатып жол ережесін түсіндірейін.
Көңілді әуенмен Буратино келеді.
Буратино: Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Инспектор:Сәлеметсің бе, Буратино! Сен жол ережсін бұзғаныңды білесің бе?
Буратино: Мен көше бойында келе жатып жол жиегінде жатқан қорапшаны алайын деп бағдаршамға қарамай өтіп кеттім. Ішінде не бар екенін білмеймін.
Тәрбиеші: Буратино қанекей қорапты бірге ашып көрейік.
Қораптың ішінде «Бағдаршам» бар екен.
Телефон қоңырауы
Инспектор: Жарайды балалар, мен енді басқа балабақшадағы балаларға жол тәртібін үйренейік іс-шарасына қатысуым керек еді, мені сонда шақырып жатыр. Инспектор шығып кетеді.
Музыка әуенімен «Бағдаршам» кіреді
«Бағдаршам» балалармен амандасады. (Қорабын іздеп жүреді)
«Бағдаршам» мен осы «Балдырған» бөбекжай-бақшасында «Абайла балақай» іс-шарасының өтіп жатқанын естіп келе жатыр едім, қорабымды жоғалтып алдым.
Тәрбиеші: Бағдаршам сенің жоғалтқан қорабың мынау емес па. Буратино тауып алыпты.
Бағдаршам: Қорапта менің балаларға тапсырмам бар еді, оны Буратиноның тауып осында алып келгені жақсы болды, мен енді таба алмаймын де қорқып едім. Рақмет саған, Буратино.
Менің атым бағдаршам,
Маған назар аударсаң
Жолдан өтіп жүрерсің,
Аман-есен әрқашан.
Тәрбиеші: Қасқыр, қоян, Бағдаршам, Буратино сендер отырып біздің балалардың тақпақтарын тыңдаңдар.
Адина: Қызыл көзін ашқанда,
Сынық сүйем баспа алға.
Сары көзін ашқанда,
Қарап қалма аспанға.
Жасыл көзін ашқанда,
Өте бергін жасқанба.
Раяна: Айналайын абайла,
Жан жағыңа қарайла.
Жолда жүру ережесін,
Есте сақта қалайда.
Нұрлыхан: Жол шетіне келгенде,
Тоқтай қалып мен лезде.
Көз саламын арнайы
Белгісі бар жерлерде.
Альтаир: Қауіпті ғой көше тым,
Қумай жолдың төтесін.
Жолақшаларды іздеймін,
Жаяу адам өтетін.
Ақсұлу: Үлкен — кіші қала бар.
Ой жүгіртіп қарап ал,
Көше заңы тым қатал
Сақ болыңдар балалар!
Қоян: Балалар, сендер жол ережесі және бағдаршам туралы біледі екенсіңдер.
Қасқыр: Тақпақтарыңда бізге ұнады, рақмет сендерге балалар. Енді біз қоян екеуміз жол ережесін бұзбаймыз, тәртіпті боламыз сендермен дос болып қаламыз.
Тәрбиеші: Балалар, қасқыр, қоянмен дос боламыз ба?
Балалар: Ия, дос боламыз.
Қасқыр мен қоян: Балалар, сендермен дос болғанымызға қуанып тұрмыз. Сендерге тағы келіп тұрамыз. Сау болыңдар, балалар!
Қимылды ойын: «Автомабиль мен торғайлар»
Ойынның шарты: Музыка әуенімен балалар алаңға шығады. Құстардың қимылын жасайды, кенет автомобильдің дауысы естіледі. Торғайлар өз ұяларына барып қонады. Ойын осылай жалғаса береді.
Шығармашылық жұмыс: Бағдаршамды бастыру әдісі арқылы бояу.
Сергіту сәті: «Бағдаршам» ойыны
«Қызыл» бір орнында тұру.
«Сары» қолдарын шапалақтау.
«Жасыл» шеңбермен жүру.
Дидактикалық ойын: «Не артық»
Қорыту.
Балаларға қатысқандары үшін мадақтама беру.