Турсынбай Жанна Мурзабекқызы
Ақтөбе облысы
Мұғалжар ауданы Басшилі ауылы
Ы. Мұхамеджанов атындағы жалпы
білім беретін орта мектептің
шағын орталық тәрбиешісі
Өркениеттің жаңа кезеңіне көшу еліміздің экономика, әлеуметтік, саяси, мәдени және білім беру саласын өзгертті. Цифрлы технологиялардың қарқынды дамуы нәтижесінде ақпарат индустриясының мүмкіндіктері артты. Бұл жалпы әлемдік жаңару, жаһандық тренд. Әлемде болып жатқан заманауи үрдістерден қалмау үшін, еліміз барлық жаңалықтарды игеруде.
Елбасы Н.Ә. Назарбаев: «Болашаққа бағдар – рухани жаңғыру» мақаласында «Болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес, адамдарының бәсекелік қабілетімен айқындалады. Сондықтан, әрбір қазақстандық, сол арқылы тұтас ұлт ХХІ ғасырға лайықты қасиеттерге ие болуы керек. Мысалы, компьютерлік сауаттылық, шет тілдерін білу, мәдени ашықтық сияқты факторлар әркімнің алға басуына сөзсіз қажетті алғышарттардың санатында. Сол себепті, «Цифрлы Қазақстан», «Үш тілде білім беру», «Мәдени және конфессияаралық келісім» сияқты бағдарламалар – ұлтымызды, яғни барша қазақстандықтарды ХХІ ғасырдың талаптарына даярлаудың қамы», — деп көрсетті [1]. Бұл үздіксіз білім беру жүйесіне үлкен талаптар жүктейді. Себебі, білім қоғам мен мемлекеттің стратегиялық ресурстарының бірі болып табылады. Білім саласында жүргізіліп жатқан реформалар, оның өзгеруіне, жаңаруына, интеграциялануына жол ашады. Сондықтан да мектепке дейінгі білім беру жүйесінде заманауи модель жасау өзекті мәселелердің біріне айналуда.
Мектепке дейінгі білім беру — бұл жалпы мәдени, ұлттық құндылықтар негізінде балалардың үйлесімді дамуы, баланы жалпы орта білім берудің бастауыш сатысына дайындау, қоғамдық өмірге белсенді қатысу үшін қажетті жағдайлар жасау, олардың қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында құрылатын білім беру ұйымы[2].
Мектепке дейінгі білім берудің мақсаты — баланың іс-әрекеті үшін кеңістік құру және оның жеке дамуын, қолайлы әлеуметтенін қамтамасыз ету.
Әдебиеттерге жасалған тарихи шолу білім берудің әртүрлі парадигмалары философиялық бағыттардың алуан түрлілігімен байланысты екенін көрсетті.
В. Я. Пи-Липовский әлемдік білім беру үрдісінің ауқымында үш негізгі парадигмалды модельді атап өтті: дәстүрлі, рационалистік, гуманистік (феноменологиялық) [3].
Республика көлемiнде мектепке дейiнгi тәрбиенiң ғылыми-теориялық және әдiстемелiк мәселелерiн зерттеген еңбектер де атап айтарлық. Олар: В.Андросова, Р.К.Аралбаева, Б.О.Арзанбаева, Ә.С.Әмiрова, Б.Б.Баймұратова, С.Г.Бәтiбаева, Л.А.Давиденко, С.Н.Жиенбаева, Т.А.Левченко, А.К.Меңжанова, Қ.М.Меңдаяқова, Г.Ж.Меңлiбекова, А.Е.Манкеш, Г.М.Метербаева, Р.Ә.Нұрмұхаметова т.б.
Мектепке дейінгі білім берудің заманауи үлгілері экономиканың инновациялық даму міндеттерін шешуге негізделген.
Парадигма (гр. үлгі деген сөз) – зерттелетін мәселені шешу үшін үлгі ретінде алынған теория; теориялық көзқарастардың, методологиялық принциптердің, әдістемелік қабылдаудың және эмпиризмдік нәтижелердің бірігу жүйесі; ғылымның белгілі бір даму кезеңінде ғылыми қауымдастықпен қабылданған және болжамдарды ғылыми ұғыну үшін, ғылыми таным процесінде туатын міндеттерді шешу үшін үлгі, модель, стандарт ретінде пайдаланылатын теориялық және әдістемелік ережелер жиынтығы. Біз өз тақырыбымызда мектепке дейінгі білім берудің заманауи парадигмаларын қарастырмақпыз.
Мектепке дейінгі білім берудің заманауи моделі:
- Қызметтердің икемділігі мен алуан түрлілігі;
- Отбасының білім беру әлеуетін қолдау және толық пайдалану;
- Ерте дамудың алуан түрлі бағдарламаларын қолдау;
- Отбасылық тәрбиені педагогикалық қолдау, арнайы қызметтер мен нысаналы бағдарламаларды құру, тәуекел тобындағы отбасындағы балаларды сүйемелдеу
- Жаңа инновациялық технологияларды жетілдіру
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұны балалардың жас ерекшеліктері мен жеке ерекшеліктерін ескере отырып, жан-жақты дамуына бағытталып, «Денсаулық», «Қатынас», «Таным», «Шығармашылық», «Әлеумет» білім беру салаларына негізделеді. Бұл бағыттарда денсаулықты сақтау, салауатты өмір салтын құру, коммуникациялық қарым-қатынасты орнату, шығармашылық дағдыны дамыту сиякты іс-әрекеттер негізге алынады. Мектеп жасына дейінгі балалардың зияткерлік қабілетін дамыту мақсатында тәрбиеші әртүрлі әдістер мен технологияларды қолданады. Атап айтсақ, ойын техноогиясы, драма техноогиясы, арт терапия, музыка терапия, құм терапиясы т.б.
Оқытудың жаңа парадигмасы тәрбиешілер мен мұғалімдердің шеберлігін өзгертті. Дәстүрлі жаттанды әдістен жаңа технологияларды пайдалануға мүмкіндік жасады. Білім берудің мазмұны жаңарып, жаңаша көзқарас пайда болды. Білім беру парадигмасының ауысуы, оның тұжырымдамалық негіздерін қайта бағалау, білім беру мақсаттарын, міндеттерін, мазмұнын қайта пайымдау жалпы білім беру жүйесінде және оның мектепке дейінгі буынында, атап айтқанда, күрделі өзгерістерге алып келді.
Педагогикалық қауымдастық гуманистік педагогика принциптерін негізге ала отырып, балалармен жеке тұлғаға бағытталған қарым-қатынас стилін, тәрбиенің табиғатпен сәйкестілік заңдылықтарын негізге ала бастады.
Мектепке дейінгі білім беру жүйесі бүгінгі күні қоғам мен отбасының қажеттіліктеріне бағдарланған және баланың жас және жеке даму ерекшеліктерін ескере отырып, білім беру қызметтерінің әртүрлі спектрін көрсететін, мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің көпфункционалды вариативтік желісі болып табылады.
Педагогикалық процесс баланың дамуының барлық негізгі бағыттарын қамтиды (дене шынықтыру, қоршаған ортамен танысу, көркем-эстетикалық және т. б.).
Сондай-ақ мектепке дейінгі білім беру мазмұнында жаңа, дәстүрлі емес жұмыс түрлері де пайда болды: хореография және ритмика, шет тілін оқыту, бейнелеу шығармашылығының жаңа технологиялары, компьютерлік оқыту, ұлттық мәдениетке баулу, балалардың өз бетінше эксперимент жасауы.
Елімізде отандық тәрбиемен қатар шетелдік тәрбие жүйесі де қолданылады: Монтессори әдістемесі бала-бақшаның педагогикалық процесінің маңызды бөлігіне айналды. Монтессори әдістемесінің негізгі мақсаты- баланың сыни ойлау дағдысын дамыту. Тәрбие үрдісінде баланың табиғи қабілетін ескере отырып, тәрбиенің табиғи қағидасын дамыту. Мысалы, «Шығармашылық» саланы талдайтын болсақ, сурет салу, мүсіндеу, жапсыру арқылы баланың эстетикалық мәдениетін қалыптастырады. Бұл баланың қоршаған ортаға деген қарым-қатынасын, коммуникациялық қабілетін, табиғатқа деген әсерін, ішкі сезімін, қабылдау эмоциясын, психологиялық түйсігін дамытуға көмектеседі. Осы арқылы тәрбиенің гуманистік парадигмасы қалыптасады.
Әрбір парадигма «не үшін тәрбиелеу керек, балаларды қандай мақсатқа дайындау керек, не үшін өмір сүреміз» деген сұрақтарға жауап береді.
Мұнда өркениет пен мәдениетті ұрпақтан — ұрпаққа жеткізу негізгі мақсат болып саналады.
Феноменологиялық немесе гуманистік парадигмада жеке тұлғаның ішкі дүниесін дамыту, оны ерікті, рухани жеке адам ретінде тану және адамдармен тіл табысуында ерекшелену қабілеттерін жетілдіру қарастырылады. Білімнің гуманитарлық парадигмасының діңгегі – білімалушы емес, дайын білімді меңгерудегі ақиқатты түсінуші адам. Мұнда бала мен тәрбиеші арасындағы қарым — қатынас: ынтымақтастық, өзара жауапкершілік, өз позициясын еркін таңдау жағдайында диалогтік ұстанымда өрбиді[4].
Қорыта айтқанда, Қазақстан Республикасында дамудың қазіргі кезеңінде мектепке дейінгі білім беру жүйесіне жаңа тәсілдерді және оқу үдерісін ұйымдастырудың жаңа тиімді нысандарын іздестіруді талап ететін әлеуметтік-экономикалық өзгерістер орын алуда.
Қазақстан қоғамындағы заманауи жаңалықтар мектепке дейінгі білім беру жүйесіндегі елеулі өзгерістерге алып келді. Мектепке дейінгі кезеңде білім берудің мазмұнын жаңарту – бұл ең алдымен «құзыретті тұлға» ұғымының басты мағынасын ашу, білім беру үдерістерін дұрыс талдау, білім беру сапасын арттыруға мүмкіндік беретін жаңа педагогикалық технологияларды қолдана білу. ТМД-ның барлық елдеріндегі сияқты республиканың мектепке дейінгі білім беру жүйесі білім беру процесінің мазмұнын жаңартудың және қолданыстағы жаңалықтарды іске асырудың өте күрделі кезеңдерінен өтуде.
Педагогикалық үдерісті құрудың жаңа тәсілі балалардың қажеттіліктеріне сәйкес келеді. Ойын қызметіндегі міндеттердің біртіндеп күрделенуі балаға алға жылжуға және өздігінен жетілуге мүмкіндік береді,
Пайдаланған әдебиеттер
- Н.Ә. Назарбаев: «Болашаққа бағдар – рухани жаңғыру» Мақаласы. -2017, 12 сәуір
- Р.И.Крымова Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды ұйымдастыру жолдары //Білім беру айнасы Нұр-Сұлтан, -2017
- И.В.Нордман Полипарадигмальный подход как способ повышения качества образования //Педагогические науки Москва, — 2017.
- Анализ современной системы дошкольных организаций в Республике Казахстан https://articlekz.com/article/5782