Жумахшамова Нургул Кудайбергеновна
Атырау облысы Жылыой ауданы
Ақкиізтоғай ауылы
«Ақбөбек» бөбекжай-бақшасы»
КМҚК тәрбиешісі
Армысыздар ағайын, құрбы-құрдас,
Бармысыздар жан күйер, әз қауымдас.
Бүгінгі кеш әуенін біз бастайық,
Сайыста көңілменен қол соғайық!
Армысыздар, құрметті қонақтар! Ел байлығын арттырған ,берекелі күз айы да келді. Күз бізге жемістерімен, көкөністерімен, егістіктегі астығымен келеді. Міне осы жемістермен көкөністерге бай күз мезгіліндегі «Ақбөбек» бөбекжай-бақшасының тәрбиешілер арасындағы өткізгелі отырған «Күз аруы-2020» сайысымызға қош келдіңіздер!
Армысыздар асыл халқым ақ жүректі,
Баласына арнаған ақ тілекті.
Сынға түсер достары арасында,
Міне ылғи өнерлі қыздар кепті.
Қарсы алайық қошеметпен қыздарымызды,
Жансын деп лайым бәрінің жұлдыздары,- дей келе, аруларымызды ортаға шақырайық! Қарсы алыңыздар! (Қошеметпен қыздарды қарсы алу)
Кім жүйрік өнерпазды білейікші
«Ханшайым» деп атап жүрейікші.
Әділқазы алқасынан әділдікті,
Ал қыздарға сәттілік тілейікші,- дей келе сайысымызға бағасын беріп, төрелік жасайтын әділқазы алқасымен таныс болайық.
- «Ақбөбек» бөбекжай-бақшасының меңгерушісі: Нарикова.А.А
- «Ақбөбек» бөбекжай-бақшасының орыс тілі маманы: Клара апай
- «Ақбөбек»бөбекжай-бақшасының әдіскер маманы: Казбенова.Р.А
(Аруларымыздың реттік сандарын таңдасақ)
Қайсысы әнші, кім биші,
Талабына қарайық.
Кімдер зерек, кім жылдам,
Таланттарын табайық.!-деп өнер сүйер қауым бүгінгі сайысымыздың барысымен таныстырып өтейін.
1-бөлім. «Тегімді менің сұрасаң» өзін-өзі таныстыру.
2-бөлім. «Қол өнер» (күз бейнесі)
3-бөлім. «Жемістер мен көкөністер көрмесі»
4-бөлім. «Күз бейнесі» (сән үлгісі)
5-бөлім. «Көңілді кеш» ән айту
- Ақыл-көркі бойларында жетеді,
Әлі талай сынақтардан өтеді.
Мына отырған баршаңызға өзімен
Тез арада таныстырып өтеді. Олай болса алғашқы аруымызды ортаға шақырамыз. (Аруларымыз өздерін таныстырып болса,әділ-қазылар алқасы бағасын беріп өтсе).
Уа,халайық, дархан далам армысың,
Табиғатым жаны жайсаң тал мүсін.
Ханшайымы күздің бүгін келіп тұр,
Алмақ болып бар халқымның алғысын.
Күз ханшайымы сіздерді соңғы сиқырлы сәтін, күзгі гүлдердің керемет жұпарын, жиналған жемістердің айқын да сиқырлы сұлулығын, әрине күзге тән ойшыл және сонымен қатар қуанышты көңіл күй сыйлау үшін шақырады.
Қош келдің, Күз ханшайымы! Төрлет.
Ортаға күз ханшайымын шақыру. Күз ханшайымының сіздерге арнаған тосын сыйы бар екен, соны тамашалайық. Ортаға сайысты тамашалауға шақыру.
- Алтын күз сіз бен бізге шуақ шашсын,
Көңілдің серіппелі күйін ашсын.
Бақ пен шаттық бірге қатар қонып,
Біздерге бірлікпенен ортақтассын!,- дей келе «Қол өнер» сайысына кезек береміз.
(Өлең жолдарының жалғасын табу).
3.Көрсетер өнер әр салада майысып,
Қимылдары жүргендей бір жай ұшып.
Мерекелік ас мәзірін жасапты,
Қыздарымыз бармақтары майысып, — дей келе «Жемістер мен көкөністер» көрмесін тамашалауға шақырамыз.
Келесі сайысымызға қыздарымыз дайын болғанша ортаға «Тренинг» Жаншина Гүлжанар.
- Модельер болу оңайма?
Қиналып жатсаң мұңайма.
Әр мамандық өзгеше
Өз мәнінде,шырайда,- деп келесі кезекте «Сән үлгісі» сайысы.
Балабақшамыздың тәрбиешісі: Мәмбетиязова Индира орындауында ән.
- Он саусақтан өнер тамған шебер болу керемет,
Өлең айтып, би билеп, жасап жатсаң текемет.
Өнеріңді көрсетші құрбыларым, қанекей,
Жұптарға сөз берелік, біз жекелеп дей келе,- «Көңілді кеш» ән айту сайысына кезек береміз.
Қош демейміз,әлі талай сайыстар бар,
Өнерлерің өрлей берсін қайыспаңдар.
Ойлы орта кеңейсін күннен-күнге,
Өскен елдің жұртынан қалыспаңдар, — дей отырып, бүгінгі сайысымыздың қорытынды сөзін айту үшін ортаға балабақшамыздың меңгерушісі Асыл Әлімбердіқызын шақырамыз.