Home » Мақалалар »   Арнайы пәндерді қашықтан оқытудағы ерекшеліктері

  Арнайы пәндерді қашықтан оқытудағы ерекшеліктері

Айсабек Салтанат Ануарбекқызы
Алматы қаласындағы
Алматы телекоммуникация және
машина жасау колледжінің
Арнайы пәндер оқытушысы

Аннотация: Мақалада арнайы пәндерді қашықтан оқытудағы кейбір ерекшеліктері қарастырылған. Арнайы пәндер бойынша тест тапсырмаларын жаңа заманауи бағдарламаларды пайдалана отырып, әзірлеу ерекшеліктері талданады.

Кілттік сөздер: қашықтан оқыту, арнайы техникалық пәндер, тест тапсырмалары.

 

Елімізде болған соңғы өзгерістерге байланысты, білім беру жүйесіне, қашықтан оқыту енгізілді. Әуелі қашықтан оқыту ұғымына тоқтала кетейік. Қашықтан оқыту термині XX ғасырдың басында пайда болған. Қашықтан оқыту ең алдымен білім алушының өз бетінше оқуына негізделген. Осыдан барып, қашықтан оқытудың негізгі принциптері пайда болады. Олар: білім алушы мен оқытушы арасындағы интерактивті қарым-қатынасты, олардың тікелей кездесуін қамтамасыз етпестен орнату. Белгілі бір білім мен дағдыларды, таңдап алынған оқу бағдарламасы және берілген ақпараттық технологиялар жүйесі бойынша өз бетінше меңгеру.

Қашықтан оқытудың өзіне тән ерекшеліктері: «Икемділік». Білім алушылар өзіне ыңғайлы уақытта, ыңғайлы жерде және ыңғайлы қарқынмен айналысады.

«Модульдік». ҚО бағдарламасының негізіне модульдік принцип негізделген. Білім алушы белгілі бір пән бойынша білім алады. Бұл жеке немесе топтық қажеттіліктерге жауап беретін оқу жоспарын қалыптастыруға мүмкіндік береді.

«Параллельдік». Оқытуды негізгі кәсіби қызметті оқумен, яғни, өндіріспен ұштастыра отырып жүргізуге болады.

«Қашықтан әрекет». Білім алушының орналасқан жерінен оқу орнына дейінгі қашықтық (сапалы байланыс жағдайында) тиімді оқу процесіне кедергі болмайды.

«Асинхрондық». Оқыту барысында білім алушы мен оқытушы өздеріне ыңғайлы сабақ кестесі бойынша жұмыс істейтінін білдіреді.

«Қамту». Білім алушылар саны маңызды параметр емес.

«Рентабельділік». Бұл ерекшелік қашықтан оқытудың экономикалық тиімділігі болып табылады.

«Оқытушы». Оқытушының жаңа рөлі мен функциялары болады.

«Білім алушы». Білім алушыға қойылатын талаптар дәстүрлі талаптардан, айтарлықтай ерекшеленеді.

«Жаңа ақпараттық технологиялар». ҚО-да ақпараттық технологиялардың барлық түрлері, компьютерлер, компьютерлік желілер болып табылатын жаңа ақпараттық технологиялар, мультимедиа жүйесін, т.б. пайдаланылады.

«Әлеуметтік». ҚО белгілі бір дәрежеде әлеуметтік шиеленісті алып, білім алудың тең мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

«Қарым-қатынас». ҚО білім беру қызметін экспорттауға және импорттауға қолайлы мүмкіндік береді.

Қашықтан оқытудың моделі: оқыту технологиясының орталығында — білім алушы; технологияның мәні — білім алушның өзін-өзі оқыту қабілетін дамыту; Білім алушылар оқуда белсенді рөл атқарады; Оқудың іс-әрекеті негізі — ынтымақтастық болып табылады.

Арнайы пәндердің, гуманитарлық пәндерден негізгі айырмашылығы бар. Білім алшулар арнайы техникалық пәндерді оқу барысында, әртүрлі құрылымдық, принциптік сұлбалармен, диаграммалармен, кестелермен, сызбалармен, т.б. материалдармен жұмыс істейді. Бұл ерекшелікті ескермеуге болмайды. Осының негізінде, оқытушы білім алушының оқуға деген қызушылығын арттыру мақсатында, білім алушыға ұсынылатын материалды қызықты, түсінікті етіп дайындауы қажет. Ол үшін оқытушы, оқытудың жаңа әдістері мен технологияларын пайдаланып, телекоммуникациялық ортаға жауап беретін материал жасау керек. Бұл өз кезегінде білім алушы тек ғана пассивті тұтынушы емес, оқытудың пәндік мазмұнына өзінің түсінігін жасайды.

Арнайы пәндерді зерделеу кезінде, мәтін ақпаратының едәуір көлемін, графикалық ақпаратты кең пайдалану негізінде ауыстыруға болады. Естеріңізге сала кетейік, техникалық мамандықтағы білім алушылардың көпшілігі өздерінің ментальдық ерекшеліктеріне байланысты дәл осындай графикалық түрде ұсынылған оқу материалын неғұрлым тиімді меңгеруге бейім. Бұл жағдайда ақпаратты игеру процесі өнімді болады. Мультимедиа мен анимацияны пайдалана отырып, анық, қысқа графикалық ақпарат, техникалық мамандықтардың білім алушыларымен жақсы меңгеріледі. Мұндай оқыту технологияларын қолдану өзінің тиімділігін дәлелдеді: олар заманауи компьютерленген (қағазсыз) оқыту жағдайында жеткілікті түрде жеңіл іске асырады. Сонымен қатар, мультимедиялық оқу құралдарын жасау айтарлықтай материалдық шығындарды талап етпейді. Мұнда негізгі мәселелер графикалық ақпаратты ұсынудың ең оңтайлы тәсілдерін пайдаланумен байланысты. Компьютер мониторында «суреттің сапасы» да маңызды. Оқу материалын түсіну үшін көрнекілік пен қол жетімділікті арттыру үшін суреттің фотореалдылығын қамтамасыз ету қажет. Бұл жағдай технологиялық станциялық жабдықтар, қазіргі заманауи сымсыз және сыммен хабар тарату құралдары, жартылай өткізгіштер түрлері, олардың жұмыс істеу механизмі және принципі, талшықты оптикалық байланыс жүйесінің негізгі материалдары, олардың теориясы сияқты техникалық пәндерді оқу туралы сөз болған кезде ерекше дәлелге ие болады.

Оған мысалы ретінде, сыммен хабар тарату пәні бойынша микрофондар тақырыбына, мультимедиалық оқу құралын пайдалану арқылы оқу материалын ұсыну үлгісі 1-суретте көрсетілген.

а)     б)

в)  г)

1-сурет. а) Микрофонның жалпы суреті; б) Микрофонның жұмыс істеу принципінің құрылымдық сұлбасы; в) Микрофонның жұмыс істеу принципінің графикалық түрі; г) Микрофондарды қолданып, гитарада дыбыс жазудың графикалық түрі.

Ақпаратты ұсынудың графикалық құралдары, білім алушыда ойлаудың белгілі бір процестерін тудыруға арналған болғандықтан, оларды ресімдеу мазмұнын ғана емес, графикалық ақпаратты жинақтау тұрғысынан да, сондай-ақ оқылатын материалды меңгерудің психологиялық тетігінің тұрғысынан да мұқият ойластырылуы тиіс. Оқу материалын адам ұтымды, эмоционалды түрде қолдану керек. Сабақты анимация, мультимедиа арқылы оқытуда білім алушының логикасын үндестіреді және эмоционалдық саласын (бейнелі ойлау) қолдану нәтижесінде оқыту ұзақтығын айтарлықтай қысқартады, оқылатын материалды бір мағыналы түсінуден азайтады. Мұндай тәсілде білім алушының оқу іс-әрекетін ұйымдастыру, оның өзін-өзі оқытуда және өзін-өзі дамытуда рөлін күшейте отырып, жеке іс-әрекетке көшуді жүзеге асырады. Сонымен қатар, оқытудың деңгейлік саралауын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Білім алушы оқу материалын өз бетінше оқып, компьютерлік құралдарды пайдалана отырып өз бетінше тексере алады. Тапсырмалардың күрделілік деңгейі ептілік пен дағдылардың қалыптасуына қарай өседі.

Тест тапсырмаларын құрастырған кезде, негізінен тестілердің төрт түрін жабық, ашық, дұрыс сәйкестігін анықтау, дұрыс тәртіпті орнату қолданады. Тест тапсырмаларының қарастырылған формалары, білім сапасын бақылауға бағытталған, бірақ мәселені шешу қабілетін тексеруге емес, бұл техникалық, инженерлік ойлаудың мәні. Сондықтан техникалық пәндер бойынша тесттердің ерекшелігі — техника тілінде графиканы, проекциялық сызуды, электрлік және принципиалды сұлбаларды пайдалана отырып, мамандар ойлайтын кәсіби тілде құрастырылуы тиіс.

Quizizz бағдарламасы арқылы тест құрау, өте жеңіл. Алдын ала excel форматта дайындалған тестті бағдарламаға жүктеуге болады. Бұл бағдарламада білім алушылардан қорытындылау, аттестациялау тесттерін алуға болады. Бұл тест ойын ретінде өтеді. Білім алушы кілттік сандарды оқытушыдан алып, ойынға кіреді. Quizizz бағдарламасының графикалық формасы өте қызық жасалған. Қызықты әуен ойнап тұрады. Артқы фоны неше түрлі түсте жасалған. Әрбір ойынға кірген білім алушының, аты-жөні және қызықты бейнесі болады. Осы арқылы оқытушы оларды бақылап отыра алады. Quizizz бағдарламасының осындай ерекшеліктері, білім алушылардың тест орындауға деген қызығушылықтарын арттырады.

Kahoot! бейнеойын бағдарламасыда, жоғарыда аталған бағдарламаға ұқсас. Тек бір ерекшелігі бар. Kahoot! бағдарламасында алдын ала excel форматта дайындалған тестті бағдарламаға жүктеуге мүмкіндік жоқ. Бұл бағдарламада тест құрау барысында, басқа да қолданушылардың тесттерін қарап, соларды алуға да болады. Сонымен қатар, шын немесе жалған сұрақтарын құрастыруға болады. Kahoot! бағдарламасының осындай өзіне тән ерекшеліктері, білім алушылардың тест орындаудағы қызығушылықтарын арттырады.

Қорыта келгенде, қашықтан оқытудың болашақта маңыздылығы жоғары болады. Арнайы техникалық пәндерді оқытуда, жоғарыда аталған ерекшеліктерді ескере отырып, білім алушылардың өз мамандықтарына деген қызығушылықтарын арттыру. Ол үшін оқытушы күнделікті технологияға еніп отыратын жаңалықтарды, бағдарламаларды меңгеріп, пайдалануы қажет.

Әдебиеттер тізімі:

  1. Гозман Л. Я., Шестопал Е. Б. Дистанционное обучение на пороге XXI века. Ростов-н/Д.: Мысль, 1999. 368 с.
  2. Аванесов B.C. Форма тестовых заданий. -М.: МИСиС, 1991.

3.Васильев В.И., Демидов А.Л., Малышев Н.Г., Тягунова Т.Н. Методологические правила конструирования компьютерных тесов. -М., 2000. 64 с.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.