Home » Жаңалықтар » «Алматы — біздің ортақ үйіміз» науқаны өтіп жатыр

«Алматы — біздің ортақ үйіміз» науқаны өтіп жатыр

Алматы қаласы Білім басқармасына қарасты № 31 бөбекжай-балабақша ұжымы мен бүлдіршіндер бірлесіп «Алматы — біздің ортақ үйіміз» науқаны аясында «Құстарға ұя салайық» акциясын өткізді. Тәлімі мен тағылымы мол, балаларға берері көп бұл акцияда балалар мен ата-аналар бірігіп, түрлі құралдарды пайдалана отырып, құстарға жылы да жайлы ұя жасауды үйретті. Ұя жасай отырып бүлдіршіндер бойында жақсы көру, құстарды, табиғатты сүю сезімі қалыптасады. Ата-аналар мен балалар болып, бірнеше ұяшық жасады және құстарды өз қолдарымен тамақтандырды.
                   

Аталмыш балабақша ұжымы бұған дейін де бірнеше акцияларды өткізіп келеді, атап айтар болсақ табиғатты аялайық, тал егу, қоқыстарға жан беру, экомода тағысын тағы.
Басты мақсат — қалалық инфрақұрылымға ұқыпты қарау құндылығын қалыптастыру, халық арасында жоғары азаматтық жауапкершілік пен экологиялық мәдениетті тәрбиелеу, жеке экологиялық бастамаларды қолдау мен іске асыруға жағдай жасау.

«Әсем қала Алматымыздың көркейуіне үлес қосудан ешқашан жалықпаймыз, себебі біздің жүрегіміз Алматы деп соғады, біз өз туған қаламыздың тазалығына әрі дамуына жауаптымыз. Сондықтан келешекте де осындай акцияларға қатысамыз. Таза қалада дені сау ұрпақ дүниеге келеді» дейді  науқанға қатысқан ата-аналар. Айнұр Юсупқызы басқарып отырған балабақша ұжымына науқанға қатысқан  ата-аналар үлкен алғыс айтып тарқасты.

«Bilim ainasy»,
Жұлдыз Елеукен,
Алматы қаласы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.