Home » Жаңалықтар » Ғарышкер болуды армандаймын

Ғарышкер болуды армандаймын

Алматы қаласы Білім басқармасына қарасты №31 бөбекжай-балабақша ұжымы 12 сәуір – Ғарышкерлер күніне орай «Мен ғарышкер болуды армандаймын» деген тақырыпта іс-шара өткізді.
Бұл мереке – ғарыш саласы қызметкерлері мен ғылымның жаңа деңгейге көтерілген күні. Осыдан 61 жыл бұрын алғаш рет адамзат баласы аспанға ұшты. Тәуелсіздік таңы атқан түста елімізде ғарыш саласына ден қойыла бастады.  Бүгінгі мерекелік шарада балабақша бүлдіршіндері аспан әлемін зерттеп, түрлі планеталарға шолу жасады. Бірі ұшқыш болуды армандаймын деп, енді бірі ғарышқа ұшу жөнінде дайындаған көріністерін көпшілік назарына ұсынды.

Балалар тақырыпқа орай жан-жақты дайындалыпты. Тәрбиешілерінің үйреткен жаттауларын мүдірмей айтып берді. Ең бастысы қазақ ғарышкерлерінің аттары мен ғарышқа ұшқан жылдарын жаттап алған.
Балалар, «Мен Тоқтар Әубәкіровпін, ал, мен Талғат Мұсабаев боламын,  мен Айдын Айымбетов сияқты ұшыш боламын», деп қиялдарына ерік берді. «Қазақтың үш қаһарман ғарышкері біздің мақтанышымыз!»,  деп ұрандатты. Олар ғарышкер киімін киіп, арнайы аспан тәріздес безендірілген сахна төрінде аспанға ұшып жүргендей сезімде көрініс көрсетті. Балалар да жиналған көпшілік те риза болып тілек айтты.

«Балаларымыз ғарышкер болуды армандайды, бүгінгі мерекеде армандарына бір табан жақындады деп ойлаймын. Ең бастысы патриоттық сезімдері басым бүлдіршіндерім, қазақтан шыққан үш ғарышкерді  Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев, Айдын Айымбетовтерді таныту мақсатым» деді балабақша меңгерушісі Айнұр Юсупқызы.

«Bilim ainasy»,
Жұлдыз Елеукен,
Алматы қаласы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.