Home » Мақалалар » Қоғамды ақпараттандыру және жаңа технологиялардың дамуы жағдайында  мектептегі оқу үдерісін ұйымдастыру ерекшеліктері

Қоғамды ақпараттандыру және жаңа технологиялардың дамуы жағдайында  мектептегі оқу үдерісін ұйымдастыру ерекшеліктері

Әбу Қалмұрат Әбенұлы
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты
№118 Көкбұлақ жалпы орта білім беретін мектебінің директоры

Бүгінгі күні біздің елімізде қоғам мен мемлекеттің заманауи сұранысына бағдарланған білім берудің тұтас жүйесі құрылған. Өскелең ұрпақ тәрбиесіне қойылатын талаптар Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2030: барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» Жолдауында, «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы», «Қазақстан Республикасындағы жастар саясаты туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарында көрініс тапқан. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген «Барлық білім беру ұйымдарында оқыту процесінің тәрбиелік құрамдасын күшейту жөніндегі үлгілік кешенді жоспар», Білім және ғылым министрлігі қабылдаған «Қазақстан Республикасы үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасы» басшылыққа алынған.

Қазақстандық білім беруді жаңғырту тәрбиені білім берудегі маңызды басымдық ретінде оқыту мен дамыту процесіне кіріктірілген педагогикалық іс-әрекеттің құрамдасы болуын көздейді. Қазіргі біздің қоғамымыздың басты талабы – мемлекеттік және халықаралық деңгейге сай, бәсекеге төтеп бере алатын, жан-жақты, адамгершілік-этикалық нормаларды меңгерген, отансүйгіш, патриоттық сезімде өскен ұрпақтар тәрбиелеу. Олай болса құқықтық мәдениетті қалыптастыру – үйлесімді тәрбиені білім беретін оқу орындарында пайдалану, оны жетілдіру, өзге тәрбие нысандарымен байланыстыра отырып, студенттердің құқықтық санасын қалыптастыруда, олардың қоғам алдындағы жауапкершілігін арттыруда қолдану басты іс болып табылады.

Қазіргі уақытта елімізде білім беру жүйелерінде заманауи тұрғыда құзыретті, креативті тұлғаны қалыптастыру бағытында алуан түрлі жұмыстар жүргізілуде. Оның ең маңыздыларының бірі де бірегейі — білім мазмұнын ұлттық негізде жетілдіре отырып, білім мен тәрбиені ұлттық рухта әлемдік жүйеге жақындастыру. Осыған орай білім сапасына жаңа технологияларды кең көлемде енгізу талап етілуде. Сонымен қатар бүгінде мамандықты дұрыс таңдау жолында мектептегі оқушылардың білімін жетілдірудің жетекші бағыттарының бірі мектептің жоғарғы сатысында бейінді оқыту болып табылады.

Білім беру мекемелері қайырымды адамды, азаматты және патриотты тәрбиелеуге, жас қазақстандықтардың мүмкіншіліктері мен қабілеттерін ашуға, заманауи әлемдегі өмірге дайындауға бағытталуы тиіс. Сонымен қатар, білім беру мекемелері мамандандырылған білім берудің орнына білімнің барлық пәндік салаларынан және мектептің тәрбиелік жұмысынан жалпыадамзаттық құндылықтарды айқындауды көздейтін біртұтас білім беруге ауысу қажет кезде жалпыадамзаттық құндылықтардың интеграциясы арнасында дамып жатқан мәдениетке сүйене отырып, оқушылардың ата-аналарымен, әлеуметтену үдерісінің басқа да қатысушыларымен үнемі ынтымақтастықта болуы тиіс.

  • Бұл, біріншіден, білім беру үдерісін оқу материалының мазмұнын жаңартудың заманауи талаптарын ескере отырып ұйымдастыру мәселесімен байланысты.
  • Екіншіден, білім мазмұнын жаңартылған білім беру мазмұнына сәйкес спиралды қағидат бойынша білім беру білім алушылардың біліміне ғана емес, алған білімдерін қолдану шеберліктері мен дағдыларына, олардың функционалды сауаттылығы немесе біліктілігін қалыптастыруға да қатысты.

Оқушылардың құзыреттілігі, ең әуелі мектепте оқыту үрдісі кезінде қалыптасады. Құзыреттіліктер шеңбері, заманауи оқушыларды қалыптастыруға ұмтылуға тиесілі, «құзыреттілік» түсінігі сияқты түбегейлі анықталмаған. Бірақ, адамның пайда болған мәселелерді шешу жауапкершілігін өз мойнына ала білу, өмір барысында білім алу, өз бетінше міндеттерді құрып, оны шеше білу қабілеттері «құзыретті адам» түсінігінің негізіне алынады. Құзыреттілік – оқушының іс-әрекетінің әмбебап тәсілдерін меңгеруінен көрінетін білім нәтижесі. Құзырлылық – жеке тұлғаның белгілі бір кәсіби сала аумағындағы білімі, білігі, дағдыларының жиынтығы. Бұл ұғым тек танымдық және әрекеттік-технологиялық түсініктерді білдірмей, сонымен бірге мотивациялық, әлеуметтік және тұлғалық ерекшеліктерді меңзейді. Сонымен құзырлылық ұғымының мазмұны төмендегі негізгі белгілерден тұрады:

  • білімнің жұмылдырылуы, білімді пайдалана білуі;
  • әдістердің икемділігі;
  • сыни ойлауы:
  • шешімді қабылдау іскерлігі, біліктілігі.

Оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру, дамыту оқушы шығармашылығын қалыптастырудың нақты жолдарының бірі екенін де естен шығармау қажет. Бұл жұмыс заманауи ақпараттық технологияларды қолдана отырып, қажетті бағдарлы базаларға еніп, мәліметтер қорымен жұмыс жасауды қамтамасыз етеді. Қазіргі оқытушының басты қызметі – білім беру мен жеке тұлға тәрбиесін сабақтастыру болса, оқушылармен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу арқылы олардың өзін-өзі дамыту, айқындау үдерісі қалыптастырылады. Ғылыми жұмыстарды орындау барысында оқушылар ғылыми әдебиеттермен, интернет арқылы мәліметтер жинап, бақылау жұмыстарын жүргізеді, зерттеу жұмыс жоспарын жасайды.

Мұғалімдердің оқу үдерісінде ақпараттық технологияларды пайдалану саласындағы кәсіби құзіреттілігінің қалыптасу деңгейінің жылдан-жылға артып жатқандығы белгілі. Мұғалімдерге  қойылатын заманауи талаптар жыл сайын артып, жаңарып келеді. Мұғалімдердің  кәсіби құзіреттілігін қалыптастыруда ақпараттық-коммуникациялық пәндік орталардың рөлі ерекше екені теориялық және практикалық жағынан негізделіп, дәлелденеді.

Қорыта айтқанда, мақалада қарастырылып отырған мәселенің ұлттық деңгейдегі маңыздылығы Елбасы айтқандай, цифрлық индустрияның дамуы басқа салалардың барлығына импульс беретіндіктен, ақпараттық технологиялар салаларын дамыту мәселелері Өкіметтің басты бақылауында болып, өзіміздің ғылыми және инновациялық потенциалымызды дамытуымыз қажет. Бұл – біздің зерттеуіміздің бағытын анықтауда алғы шарт болып табылатын ең маңызды комплексті мәселелердің бірі.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.