Home » Мақалалар » Тәрбие – Тал бесіктен

Тәрбие – Тал бесіктен

Астана қаласының
№46 «Самал» санаториялық балабақшасының
тәрбиешісі: Дахай Маралхан

Ұрпақ тәрбиесінде балабақшаның алар маңызы зор.Әсіресе, еліміз егемендік алып, өз алдымызға республика атанған тұста бұл мәселе тіптен өзекті бола түсті. Ұрпақ тәрбиесі жөнінде Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өзінің халыққа Жолдауында үнемі көңіл бөліп отырды. Бүгінгі күнге дейін өзектілігін жоғалтпай жалғасып келеді.
Мен қызмет атқаратын Астана қаласындағы №46 «Самал» санаториялық балабақшасының ұжымы бала тәрбиесіне жауапкершілікпен қарайтын білім ордасы деп айта аламын. Балалар еліміздің болашағы саналатындықтан ортақ үйіміз. Қазақстанның гүлденіп-көркейюіне өз үлесімізді қосып, саналы азамат тәрбиелеу ісіне бар ынтамызбен кірісіп келеміз. Әсіресе балабақшадағы тәрбиеленушілеріміздің нағыз патриот болып өсуіне жете көңіл бөлеміз. Осы мақсатта арнай«Алғашқы қадам», «Зерек бала», «Балбөбек» бағдарламалары бойынша ашық ұйымдастырлған іс-әрекеттерін өткізіп түрлі шаралар ұйымдастырамыз. Қазақ «Тәрбие-тал бесіктен»деп бекер айтпаса керек. Жастайынан дұрыс тәрбие алған баланың күні ертең саналы азамат болып өсетіні анық. Біздің балабақша қызметкерлері әрбір мереке сайын балалардың көңілін көтеріп, олардың өзара достығы мен ынтымағын нығайтуға негізделген ойындар және басқа да шаралар ұйымдастырып тұрады.Ұжым қызметкерлері мен ата-аналардың арасында тығыз қарым-қатынас орнатылған. Әрине, балабақшадағы тәрбие бір бөлек,үйдегі тәрбие мүлдем басқа. Дегенмен, жас шыбықтай желкілдеп өсіп келе жатқан бала үшін екеуі де өте қажет. Оны біз ата-аналарға ұдайы түсіндіріп келеміз. Ең бастысы –біз Қазақ елінің ертеңі саналатын жас ұрпақты қалыптастыруға кішкентай болса да үлесімізді қосып, аянбай еңбек етіп жүрміз. Сол үшін өзімізді бақытты санаймыз. Бұл— педагогтарға берілген абыройлы және құрметке толы мамандық.

14 комментариев

  1. Өте дұрыс айтылған

  2. Еңбектеріңізге мың алғыс!

  3. Өте керемет! Білімді ұрпақ тәрбиелеу-басты мақсат!

  4. Керемет 😍😍😍

  5. Шығармашылық сәттілік тілеймін!

  6. Кадербек

    Ұрпактарды тәрбиелеу маңызды

  7. Гүлсетер

    Керемет! Еңбегіңіздің жемісін көріңіз!

  8. Керемет😍😍😍

  9. Маржан келін

    Жұмысыңыз ға сәттілік,өте керекмет,тәрбие тал бесіктен ,демекші балабақша тәрбиесі өте маңызды

  10. Керемет.Сәттілік тілеймін

  11. Айдана Мамырханқызы

    Aidanamamyrkhan@mail.ru

  12. Айдана Мамырханқызы

    Еңбегіңіз еселене берсін! Мақалаңыз керемет жазылыпты👏👏👏

  13. Шапағат

    Мақала тамаша жазылыпты!

  14. Жарайсыз👍👍👍

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.