Home » Мақалалар » Білімді ұрпақ тәрбиелеу-басты мақсатым

Білімді ұрпақ тәрбиелеу-басты мақсатым

№86 «Зияткер» балабақшасы «Балапан»
мектепалды тобының тәрбиешісі
Мамытова  Гулнар Алдешовна
Астана қаласы


Мақсаты:
келекшек ұрпақты саналы, сапалы білімге тәрбиелеу.

Міне таң атып 7 шамасы болғанын да білмей қалыппын. Әдеттегідей жұмысыма дайындала бастадым. Ұлымның бөлмесіне кіріп, тәтті ұйқыда жатқан ұлыма біраз уақыт қарап тұрдым. Не деген бақыт, қандай керемет осылайша біраз ойға кеттім. Далаға шығып жарқыраған күн шуағынан нәр алдым. Баламды ұйқысынан оятып, таңғы асын ішкізіп, мектепке шығарып салдым. Жұмыс күнім сәтті болсын деп өзіме сәттілік тіледім. Балабақшаға келсем, балаларым біртіндеп келе бастады. Осылайша оларға күлімсіреп амандасып, демалыс күндерін қалай өткізгендерін сұрап жаттым. Әрбір баланың күлген жымиған күлкісі мен үшін бақыт болатын, өйткені олар балабақшаны асыға күтіп, қуанышпен кіріп келеді. Ата-анасынан хал-жағдайын сұрап, ешқандай сырқат болған жоқ па? – Соны біліп алдым. Енді міне таңғы жаттығуды көңілді күймен таза ауада бастап та қойдық. Балалар жаттығуды ұйымшылдықпен орындап, таңғы асқа кіре бастады. Топқа кіріп, таңғы асымызды ішіп болып, ұйымдастырылған оқу қызметін бастап кеттік. Берілген сұрақтардың бәріне жауап беруге тырысты және сабақ барысында өздерін көңілді бірқалыпты ұстай білді. Осылайша әр баланың сөйлеген сөзі әңгімесі, күлкісі мен үшін үлкен теңдесі жоқ бақыт деп санаймын. Сондықтан да тәрбиешінің басты міндеті баланың ойын, көңілін табу. Болашақ ұрпақтарға маңызды тәрбиелі орны бар адал, парасатты тәрбие беру, осы тәрбиені жалғастыра білу.

7 комментариев

  1. Салтанат

    Супер апай! Қызыма әжесіндей. Баланың көңілін өзіне қарата алады.

  2. Мейрамгуль

    Дұрыс айтасыз! Нағыз керемет ұлағатты ұстаздардың бiрi Гүлнар Алдешқызы 🙏 Өзiңiзге мың алғыс балаларымызды жақсы көрiп, керемет көңіл күймен қарсы алып, мықты бiлiм берiп жатқаныңызға! Балам өзiңiздi жақсы көреді 😘🙏 Керемет құштарлықпен балабақшаға барады😘🙏

  3. Гүлнар Алдешқызына алғысымыз шексіз! Әр баланы бауырына басып, көңілін тауып, білімге деген қызуғышылығын танытудан жалықпайтын тәрбиешімізге денсаулық тілейміз!!!

  4. Ұстаз ұлы тұлға деп бекер айтпайды ғой, олардың еңбегі ұшаң теңіз! Өз баласына бере алмаған уақытты өзгенің баласына сыйлау, қамқорлық көрсету, жағдайын жасау деген өте үлкен батырлық! Аман сау болыңыз!Жемісін көріңіз!

  5. Айгерим

    Біздің қымбатты Гүлнар Алдешовна! Балаларымызды тәрбиелеуге көмектескеніңіз үшін рахмет. Сіз оларға өмірдегі ең маңызды нәрселерді үйретесіз. Сізбен бірге балалар достасуды, армандауды және әлемді білуді үйренеді. Сіз балалардың бойындағы таланттарды ашып, олардың дамуына көмектесесіз. Балаларымызға деген шынайы сүйіспеншілігіңіз, қамқорлығыңыз бен көңіліңіз үшін рахмет.
    Менің қызым сізді өте жақсы көреді!

  6. Толғанай

    Гүлнар Әлдешқызы керемет апай!Әр баланың көңілін таба білетін , ерекше қасиеті бар.Нағыз өз ісінің маманы!

  7. Балалардың да, ата-аналардың да тілін таба білетіңіз, кішіпейіл және балаға деген мейірімділігіңіз үшін алғыс айтамыз. Қызымның Сізден үйреніп жатқаны көп, кейде тіпті, сөйлегені де Сізге ұқсап қалатынына күліп отырамыз. Бала тәрбиесіндегі қиын да, қызықты еңбегіңіз жемісті болсын!

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.