Home » Мақалалар » Сабақты зерттеу оқушыны қалай өзгертеді.

Сабақты зерттеу оқушыны қалай өзгертеді.

Жакипова Анар Тойшибековна
Астана қаласы
«Міржақып Дулатұлы атындағы
№68  мектеп-гимназия» КММ
Информатика пәнінің мұғалімі
Педагог-зерттеуші

Зерттеу мәселесі: «Оқушыларды бағдарламалау тіліне қалай қызықтыруға болады?»

Мақсаты: бағдарламалау тілін меңгерту арқылы адам өмірін жеңілдететін қосымшаларды ойлап табуға, қолданысқа енгізуге бағыт беру.

 Зерттеу әдістері: Сауалнама

Тәжірибені  іске асыру процесі:

Бұлақ көрсең көзін аш!- дейді дана халқымыз. «Оқушыларды бағдарламалау тіліне қалай қызықтыруға болады?»  -деген зерттеу мәселесі сабақ барысындағы кейбір оқушылардың бағдарламалау тілін меңгерудегі белсенді іс-әрекеттері мен қызығушылықтарынан туындады. Бағдарламалау тіліне құштар оқушыларды анықтап, дамыту үшін 9 сыныптардан сауалнама алынды. Сауалнамаға төрт параллель 9 сыныптардан 48 оқушы қатысты.

 

Сауалнама сұрақтары:

  1. Бағдарламалау тілі сіз үшін қиындық тудыра ма? Иә/Жоқ
  2. Кәсіби бағдарламалаушы болу үшін нені жақсы меңгеру керек?/Бағдарламалау тілін, компьютерді, компьютерді және бағдарламалау тілін/
  3. Бағдарламалаушы болу үшін қандай пәндерді жетік игеру керек? /Математика, физика, информатика, үшеуінде/
  4. Бағдарламалау тілін үйренуде қандай кедергілер бар?/компьютер жоқ, уақыттың жетіспеушілігі, математикалық білімнің жеткіліксіздігі/
  5. Математикалық есептерді компьютермен шешу жолы қаншалықты тиімді? /Иә/ Жоқ

Алынған сауалнама төмендегідей нәтижелерді көрсетті.

Сауалнама нәтижесін талдай келе кейбір оқушыларда бағдарламалау тілін меңгеруде әртүрлі кедергілердің, барын байқадым. Кейбір оқушыларда компьютердің болмауы, математикалық сауаттылықтың жеткіліксіздігі салдарынан тілді меңгеруге деген қызығушылықтың төмендігі байқалса, біршамасына тілді меңгеру қиындық әкелмейтіндігі анықталды. Себебі бұл оқушылардың математикалық сауаттылығымен қатар тілді игеру деңгейі жоғары қызығушылығы бар балалар.

Зерттеудің  маңызды нәтижелері:

Қазіргі қоғамдағы өзекті мәселе ақпараттық-коммуникативті технологияларды сауатты меңгеру мен информатика пәнінен алған білімін сыныптан тыс жерде кез-келген жағдайда пайдалануға, функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға бағдар көрсету. Сондай-ақ күнделікті өмірде адамзаттың қолданысына айналған түрлі әлеуметтік желілер мен қосымшаларды сұрыптап-сүзгілей отырып, қажетіне қарай  тиімді пайдалануды әдетке айналдыру. Нәтижесінде адамның өмір сүру дағдысын жеңілдетуге ықпал жасау.

Қысқаша  қорытындылар мен ұсыныстар:

Жалпы сабақты зерттеу тәсілі мұғалімдердің кәсіби біліктілігін тұрақты түрде дамытудың тиімді амалы екендігі барша педагогикалық жұртшылыққа мәлім. Сабақты зерттеу – сабақтағы іс-әрекетті зерттеу арқылы мұғалімнің біліктілігі мен оқыту тәжірибесін жетілдіруге бағытталған педагогикалық амал. Бұл белгілі бір мұғалімдер тобының кемінде үш сабақты бірлесіп жоспарлаудан, оқытудан, бақылау мен талдаудан тұратын цикл. Сабақты зерттеу тәсілін қолдану арқылы мұғалімдер демократиялық түрде өз сабағын зерттей отырып меңгеруге және өз оқытуының сапасын жақсартуға ықпал ете алады.

Сабақ барысында әртүрлі әдіс-тәсілдер қолданамын:

«20 сұрақ – иə-жоқ деген жауаппен»,«Жұмбақ зат»,  «Жұмбақ сөздер», «Жұппен жұмыс», «Миға шабуыл», «Шеринг», «INSERT»  т.б .

Зерттеу сауалнамасының нәтижелерін ескере отырып, әр сыныптан бағдарламалау тіліне қызыққан оқушыларды сұрыптап, олармен сабақта және сабақтан тыс жұмыс жүргізудің нәтижесінде оқушылар болашақ  мамандығын нақты анықтап, негізгі орта білім алушы түлектерден 26 оқушы таңдау пәні ретінде информатиканы таңдап отыр. Информатика пәнінен алған білімлерін өзінің болашақ мамандықтарымен ұштастыруда.

Бұл оқушылар келешекте бағдарламалау тілін жетік меңгере отырып, әртүрлі қосымшаларды /приложение/ қолданысқа әкеліп, уақытты тиімді пайдалану, арақашықтықты бағындыру, адамның өмірін жеңілдетуге  жұмыс жасап өз үлестерін қосады.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.