Home » Мақалалар » Ұлттық ойын — Асық ату

Ұлттық ойын — Асық ату

Досымбекова Анаркуль Тастыбаевна,
Астана қаласы әкімдігінің
 №62 «Нұрсауле» балабақшасының ортаңғы
« Бәйшешек » тобы тәрбиешісі

 Ұйымдастырылған іс-әрекеті: Сөйлеуді дамыту.
Міндеттері: Ұлтымыздың ұмытылып бара жатқан ұлттық ойынын жаңғырту, бабаларымыздың ойыны туралы түсінік беріп, қызығушылық ояту. Асық ойнату арқылы балаларды дәлдікке, мергендікке, ептілікке жеңіске деген құштарлыққа, намысқойлыққа, әділдікке баулу. Балаларды ұлтымыздың құндылықтарын қастерлеуге баулу.
Балалардың ой-өрісін дамыту. Ұлттық ойындарға қызықтыра отырып, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Қолданылатын құралдар: Асықтар
Шаттық шеңбері:     

Алақанды ашайық
Күннің нұрын салайық
Таза ауаны жұтайық.
Жүрекке жылу сыйлайық.
Жиналған жылы шуақты
Қонақтарға шашайық.
Тәрбиеші: Балалар бүгінгі оқу қызметіміз өте қызық болмақ. Балалар бүгін біз қайда қонаққа келдік?
Киіз үйге келдік.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар. Балалар қараңдаршы менің қолымда не бар?
Асық.
Балалар асық дегеніміз не? Кім біледі? Асық қайдан шығады?
Біздің үйде асық бар, әжем оны қойдың аяғынан алдым дейді.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар, Қойдың жілігінен алынады. Онда мен сендерге осы асықпен қалай ойнау керек екенін, қандай ойын түрлері бар екенін айтайын, сонан соң сіздермен ойнайтын боламыз.
-Ертеде қазақ халқы асықты бала кезде қолына алып, жас кезінен бастап ойнай бастайды. Тіпті бала тумай жатып, жас нәрестеге арнап асық жинайтындарда болған. Асық ойынының ерекшелігі және оның сан қилылығы: асықпен үйде де, далада да ойнауға болады. Ертеде қазақтың қыз – келіншектері де ойнаған. Сондай-ақ бұрынғы аға буын өкілдерінде, асық ойнамай өскен бірде-бір адам жоқ.
Халқымыз асықты қастерлеген. Мысалы, қазақта «асығың алшысынан түссін» деген ізгі тілек бар. Асық ойынында кімнің ойыны алшысынан түссе, сол бірінші түссе сол бірінші айтады. Яғни асықтың алшы түсуі оның иесін басымдыққа жеткізеді. Сәті түсіп, жолы болып тұрғандығын білдіреді. Асық тұла бойы құдіретке тұнған күш іспетті де. Сол себеппен ертеде бақсы балгерлер асық  арқылы болашаққа болжам жасаған.
Асық ойыны— спорт ойынының бір түрі. Асық ойынының тәрбиелік мәні зор. Асық ойыны ептілікке, мергендікке, шапшаңдыққа, ептілігін және қырағылығын жетілдіреді. Бір мезгілде бірнеше бала ойнайтын, асық ойыны баланың намысын жинап, қатарымнан озсам деген талпынысты бойға қасиет қылып сіңіреді.
Асықтың түрлері
Асық түрлеріне қарай сақа, кеней болып, бөлінеді. Сақаға ірі үлкен қошқар, ісек асықтарының оңқайы алынады. Кеней деген қой, ешкі, киік, қозы, лақ асықтарының жалпы аты. Асықты тәйкесінен тұрғызып, өзіне қаратып қойғанда, ұшы оң жаққа қарап тұрса оңқай, ал сол жаққа қарап тұрса – солақай асық деп аталады.
Сақаның түрлері: айналсақ сақа, жымпиыт сақа, тәйпек, қорғасын сақа.
Асық ойындары:
Ханталапай— екі баладан бес-алты балаға дейін ойнайды. Әр бала келсім бойынша, бірнеше кенейін ортаға салады. Бір асықты ішінен хан етіп сайлайды. Ол асық қосқан кенейлер санына қосылмайды. Асық иіріп немесе санамақ арқылы бірінші ату кезегіне ие болған бала асықтарды қос уыстап алып, араластырып, шашып жібереді. Ойыншылар бірден «ханның» қалай түскеніне қарайды. «Хан» алшы тұрса, таласа –тармаса жаппай қарманып, мол үлес алып қалу үшін, асықтарға бас салады. Балалардың жинаған ұпайы, алып үлгерген асығына қарай есептеледі. Бас салған кезді «ханталапай» деп айтады.
Ал енді балалар өзіміздің ойынымызды ойнайық. Қане бәріміз орнымыздан тұрамыз мен асықтарды орналастырайын. Бір – бірлеп асықты атамыз, бірінші мен сендерге көрсетейін, мені қайталайсыңдар.
Сергіту сәті
Көк шалғында қоңыздар
Би-билейді айнала,
Оң аяқпен топ-топ.
Сол аяқпен топ-топ,
Екі қолды жоғары-жоғары.
Көтереді жәй ғана,
Қане кімнің қолдары.
Көрінеді жоғары.
Қорытынды: Балалар бүгінгі оқу қызметі сіздерге ұнады ма?
Қай бөлімі ұнады?
Асықтың түсі қандай?
Оқу қызметіне белсенді қатысқан балаларды мадақтау.

39 комментариев

  1. 😍өте керемет🙌, жарайсыздар

  2. Жарайсың, Анар

  3. Керемет, балалардың ой-өрісін дамытатын осындай сабақтар көбейе берсін🤗

  4. Гульден

    Жарайсыз, өте керемет.

  5. Айгерим

    Керемет!!! 😍😍😍😍🎉🎉🎉

  6. Гулноза

    Сәттілік Анар апай ✊

  7. Ең керемет балабақша! Ұлттық құндылықтарды дәріптейді, баламды жан-жақты дамытып жатыр! Анаркуль апайға мың алғыс!

  8. Айгерим

    Оте керемет! Рахмет сизге Анаркуль апай !

  9. Өте керемет, жарайсыздар!

  10. Назерке Хатамолдақызы

    Анаргүл Тастыбайқызы шығармашылығыңыз шыңдала берсін!Ұлттық ойындарды дәріптеп ,балалардың ой-өрісін дамытуға үлкен үлесіңізді қосып жатырсыз,балаларыңыз үмітіңізді ақтасын!
    Ұлтымыздың құндылықтары ұмыт болмасын!

  11. Анар апай сизге саттилик, желаю удачи и процветания 😘🫰🏻

  12. Өтте керемет👍👍👍

  13. Анар апай өте керемет білікті маман

  14. Сәттілік Анар апше , жұмысыңыздың жемісін көріңіз💐

  15. Анаркуль апай оте керемет уйымдастырылыпты, балалардын ой орисин дамытатын осындай сабактар кобейе берсин!!!

  16. Тамаша ,керемет

  17. Гульжазира

    Анаркуль апай өте керемет жарайсыз .
    Осындай балалардың ой-өрісін дамытын
    ойынды дәріптеп жатыр екенсіз .Шығармашылығыңыз шыңдала берсін !
    Ұлттық құндылықтарды дамытады беріңіз !

  18. Анаркүл апай біздің ең мықты тәрбиешілеріміздің бірі. Сізге сәттілік!

  19. Нуржамал

    Қазақтың Асық ату Ханталапай ойындары бұрыннан баланың саусақ басы маторикасын дамытуды ежелден білген .Сол үшін де Ұлттық Спорт ойынына қосқаны өте дұрыс.
    Мен қолдаймын. Анар құдаша еңбегің жана берсін….

  20. Ұлбосын

    Анар апай жарайсыз.Еңбегіңіз еленіп, биік белестерден көріне беріңіз.Шығармашылық табыс тілеймін.

  21. Рузанна

    Ооооо, қандай керемет!

  22. Балалардың бойыны ұлттық құндылықтарымызды сіңіретін мағыналы сабақ екен! 💐💐💐

  23. Айгерим

    Керемет! Жарайсыз 👍👍👍

  24. 😍😍😍👍🏻👍🏻👍🏻

  25. 🌹🌹🌹🌹🌹👍👍👍👍👍Керемет!!!!!!

  26. Гүлмира

    Ұстазлық еткен жалықпас деген еңбегң жана берсінАнар

  27. Анар апай өте білімді де білікті маман

  28. Керемет, улттык кундылыкты дариптеп жатканыңыз, жарайсыз

  29. Бағила, ардагер ұстазбын

    Тәрбие сағаты өз мақсатына жетті деп ойлаймын. Балаларға жасына сай ұлттық ойын туралы мол түсінік берілді. Өткізіп отырған ұстазға үлкен рахмет. Тәжірибесі мол, білімді екені осы тәрбие сағаты арқылы көрініп тұр. Сәттілік тілеймін. Балалардың құрметіне бөлене беріңіз. Еңбегіңіз жемісті болсын. Деніңізге саулық тілеймін.

  30. Ұлттық құндылықтарды дәріптеп жүрсіз рахмет!Керемет.

  31. Қандай күшті 😍❤

  32. Нұрсұлу

    Анаркүль, өз маманының шебері! Ұлттың болашағын тәрбиелеу сіздей ақ болсын! Балаларға берер біліміңіз арта берсін! Біз сізбен мақтанамыз!

  33. Керемет жарайсыз,,👍👍👍

  34. Ұлбосын

    Анар апай сәттілік

  35. Наргиза

    Abitova.nargiz@mail.ru

  36. Өте әсерлі, Аллаһ жолыңызды ашсын!

  37. Анар, керемет! Жұмысыңыз жеңісті және жемісті болсын. Сәттілік

  38. Рамазан

    Кушты керемет

  39. Бибінұр

    Бауыржан Момышұлы»Асық ату ойыны тұнып тұрған геометрия, тригонометрия, ойша траектория сызуды, қашықтықты дәлдікпен анықтау және т. б. дағдыларды қалыптастырады деп жазған.
    Дене қимылын жақсартатын топтық ойынды балабақшадан үйретіп жатқан Анар апайымызға шығармашылық табыс тілеймін

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.