Home » Мақалалар » Баланы кітап оқуға қалай қызықтырамыз?

Баланы кітап оқуға қалай қызықтырамыз?

Алматы қаласы
М.Хамраев атындағы №150ЖББ мектептің
бастауыш сынып мұғалімдері.

Баланы кітап оқуға қалай қызықтырамыз?

«Артық білім кітапта, ерінбе оқып көруге» — бұл сөз біздің жүрегімізде жақын сөз. Себебі, ерінбей білім алуға бірінші өзімізді, екіншіден баланы кітап оқуға қызықтырамыз. Иә, адамның барлығы да оқу, білімді кітаптан үйренеді. Баланың бойында оқуға деген қызығушылықты қалай оятуға болады? Бұл сұрақ ата-аналарды да, ұстаздар қауымын да қатты толғандыратыны анық. Кітапқа деген махаббаттың пайдасы мол екені дәлелді қажет етпейді. Бұл жасөспірімдердің интеллектуалды дамуы мен оқудағы үлгерімнің негізі болып есептеледі.

«Оқуды қашан және қалай үйрету керек?» сұрағына жауап беріп көрейік. Яғни, ол ең алдымен баланың жеке ерекшеліктеріне байланысты. Егер сіз өз қабілеттеріңізге сенімді болмасаңыз, балаңызды мектепке даярлайтын орталыққа немесе дайындық курстарына беріңіз. Басты міндетіңіз – баланы осы үдерісте барынша қызықтыруға тырысу.

Кітап — өшпес, өлмес қазына, ұлы мұра. Кітапта — тұнған білім, ал білім біздің өмір. Білімді болу үшін, бізге кітап көмектеседі. Қазір қанша ақпараттық, мультимедиалық кеңістіктен қаншама ақпарат алып жатырмыз. Бірақ та ол ақпарат кітаптан алатын білімге жетпейді. Әдеби кітапты оқу — адамды сезімге, ерекше көңіл-күйге, эстетикалық сұлулыққа, танымдыққа тәрбиелейді. Сондықтан, кітап оқу – үлкен мәдениет пен интеллектуалдық жетістіктің іргетасы.

Алайда кітаптың құнды құдіретін біле тұра көпшілігіміз оқымаймыз. Соны біле тұра баламызға да оқып бермейміз. Баламызға кітапты оқуға талап та қоймаймыз. Бұл дұрыс емес. Бала жаңа өсіп келе жатқан жас буын, айналасындағы көрген істерді жасауға құмар болып келеді. Балалар бізге қарап өседі. Бойына біздің барлық жақсы-жаман қасиеттерімізді сіңіріп алады. Балаға кітап оқуды қалай үйретеміз? Қандай тәсілдері бар?

Кітапты алдымен өзіңіз оқу керексіз. Сосын қызық жеріне келгенде баланың өзіне оқуға беру керек. Баланың әңгімесін таң қалып тыңдау керек. Сосын бір кітапты оқып болған соң, баладан сұраңыз, қанда кейіпкерлер болды?, саған қай кейіпкер ұнады? т.б. Отбасы мүшелері, ата-ана, атаәже үнемі кітап оқыса, баланың да оқуға деген қызығушылығы артатыны анық. Кітапты оқып беріп те баланы қызықтыруға болады. Мәселен, ертегі оқып беру арқылы бұл ертегінің аяғын білгің келсе «өзің оқып көр» деп кітапты ұсыныңыз. Кейін ол сізден үйретуіңізді сұрайды. Осылайша бала кітап оқуға дағдыланады.

Баланы кітап оқуға отбасымен бірге, мектеп кітапханашының да рөлі зор болады. «Ғажайып ертегілер елінде», «Жаңа кітап – жан азығы», «Кім жылдам оқиды?» деген сияқты жиі кітап көрмесін ұйымдастыру қажет. Кітап оқуға қызығушылықтарын ояту мақсатында – кітапханаға түскен жаңа балалар әдебиеттерімен таныстырған дұрыс. Көрме ұйымдастыруда балалардың ерекшеліктерін ескеріп отыруы қажет. «Балдырған», «Ақжелкен», «Ұлан», «Айгөлек», «Мөлдір бұлақ» т.б. балалар журналдарын оқуға ұсынып отырғаны жөн. Бұдан бөлек кітап оқуға қызығушылықтарын ояту мақсатында түрлі акциялар ұйымдастырылып жүр. Мысалы ақындардың өлеңдерін мәнерлеп оқу, батырлар жырларынан үзінді оқу т.б. Бірақ сол сайысқа қызығып қатысатын балалар саны аз.

Иә, болашақ ұрпақ кітап оқудан кеш қалмаулары қажет. Әрине қазір балалардың қызығушылығын аударып кететін теледидар, ұялы телефон, компьютер т.б. ақпараттық құралдар жетерлік. Осы ақпарат жүйесімен қоса кітап оқуға да жастайынан баурасақ дұрыс болады. Сондықтан да көбірек кітап оқу арқылы балалардың сөздік қоры молаяды, алғырлық қабілеті, жылдам ойлау дағдысы, сезіну қабілеттері қалыптасады.

Бірақ та нақты бала мына уақытта кітап оқуға дайын болады деп те айта алмаймыз. Әр баланың зейін, қабілеті әртүрлі. Дегенмен ең алдымен, бала кітап оқуы үшін біз өзіміз кітап оқуымыз қажет. Мысалы өзіміз күні бойы қарбалас жұмыстармен жүріп баланы «кітап оқы деп айт Олай болмайды, баланы алдымен кітапқа қызықтыру керек. Мысалы, «Алдар көсе» туралы оқитын болсаңыз, алдымен оның мультфильмін көрсетіңіз, сол кейіпкерлердің суретін салдырыңыз, т.б. Одан кейін ғана кітапта осылай жазылыпты деп өзіңіз оқып беріңіз. Бала алдымен визуалды қабылдайды. Яғни, алғашқы кезде кітаптардың да суреті көбін, түрлі-түстісін таңдауға тырысқан жөн. Мысалы, ертегілер әдеби тілде жазылады, ал оны балаға түсінікті тілде жеткізу керек. Бала қызыққан кезде өзі-ақ сұрайтын болады. Сосын балаға қысқа мәтіндегі кітаптарды беру керек.

Ата – аналарға кеңес:

  1. Баланың 2-3 жасынан бастап ертегі айтып беріңіз. Кейін ол ертегінің қызықты кейіпкер суретін бірге салыңыз. Қазір кітаптар өте көп, десе де баланың алғашқы кітабы – қысқа ертегілер болғаны дұрыс. Суреттері әртүрлі түстен болғаны жақсы. Жануарлар, адамдардың бейнесін көрсетіп отырып айтсаң, бала тез ұғады. Кейіпкерлерін кезектесіп оқу арқылы да қызықтыруға болады.
  2. Үйде кітап сөресін дайындаңыз. Көп көлемде түрлі кітаптарды жинаңыз. Сөресіз үй сәулесіз нұр сияқты. Кез-келген үйге кіріп, кітап сөресінің бар не жоғына, жасақталу жайына қарап қандай отбасы екенін тануға болады. Сондықтан кітап жинаңыз. Оның үстіне, үйдегі кітапхана баланың интеллектуалды дамуына мүмкіндік береді. Қымбат жиһаз бен жайлы үй баланы білімді ете алмайды.
  3. Балаңызға кітап оқудың үлкен жетістік екенін үнемі айытп отырыңыз. «Кітап оқысаң, білімді боласың, өнерлі боласың, айналаңа сыйлы боласың» деп айтсаңыз, балаңызда кітап оқуға деген құлшынысы жоғарлайды. Кітаптан артық дос жоғын түсіндіріңіз.
  4. Жалпы түрлі-түсті суреті бар ертегі кітапты оқытыңыз. Арасында балаңыздан суретте не бейнеленгенін өзіңіз де жиі сұрап тұрыңыз. «О, өте дұрыс айттың, жарайсың, менің балам өте ақылды ғой» деп мақтап, эмоцияңызды жиі білдіріп отырыңыз. Қазіргі ғаламтор желісінен жастар қызығып оқитын кітаптар тізімін құрып, сол кітаптарды баспадан шығарып мектеп кітапханаларында толықтырылса екен деген ұсынысым бар. Менің айтарым, кітаптың өмірден алатын орны ерекше, тәрбиелік мәні орасан зор! Сондықтан жастарды кітапты көбірек оқуға шақырамын. Сөзімді түйіндей келе, өзіңіз әдеби кітап сатып алыңыз, оқыңыз, оны балаңызға үйретіңіз. Қарапайым ғана формула. Күнделікті жаңалықтың өзін интернеттен қарамай, газеттен оқып беріңіз. Үйге түрлі-түсті, жақсы танымдық энциклопедиялар сатып алып қойыңыз. Себебі, бұл дүниеде болып жатқан жағдайдың бәрі кітапта бар. Кітап — білімнің қайнар көзі, ал білім өміріңнің мәні деп тұжырымдағымыз келіп тұр.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.