Алматы қаласы, Алмалы ауданы
№14 бөбекжай-балабақшасында Республика күніне орай мерекелік іс-шара өтті.
Республика күні халықтық мереке.
Бұл күні елде мерекелік көңіл-күй орнап, концерттік бағдарламалар қойылып, халық шад-шадыман күйде жүреді. Қазақстан өзге елдермен терезесі теңесіп, шекарасы анықталып, өзіндік туы мен әнұраны бар жеке дара ел болып әлем картасында орын алды.
Шара басталардан бұрын-ақ бөбекжайда әуезді әуендер ойнап, балалардың ерекше көңіл-күйі сезіліп тұрды. Тәрбиеленушілер
«Бейбіт елдің ұрпағымыз, біз еркін елдің ұландарымыз» деп жалынды өлең жолдарын оқып, рухымызды бір көтеріп тастады.
Екі ішектің бірін қатты,
Бірін сәл-пәл кем бұра.
Нағыз қазақ – қазақ емес,
Нағыз қазақ – Домбыра!
Одан асқан жоқ шежіре,
Одан асқан жоқ дана — деп Қадыр Мырза Әлі атамыз жырға қосқан аспабымызбен би билеген қыздар шараның көркін кіргізгендей. Тәрбиеленушілердің оюмен өрнектелген, ту түстес киімдері көздің жауын алады. Бір сөзбен бұл кеш бұрынғы кештерден өзгерек болды.
Балабақшаның жай-күйімен де сіздерді таныстыра кетуді жөн санап отырмын.
Бүгінгі таңда балабақша қабырғасында 7 қазақ, 7 орыс тобы жұмыс жасайды. Жалпы қуаттылығы — 340.
Балабақша меңгерушісі — Салимова Лаззат Нурслановна, әдіскері — Мамытбаева Динара Бекмуханбетова.
Қазақ тілі маманы — Борибаева Маржан Алпыспаевна және психолог, логопед мамандары жұмыс жасайды.
Бүгінгі мерекелік іс-шараға тәрбиеші Жанузакова Фаризат Акановнаның мектепалды «Достық» тобы, тәрбиеші Лисица Валентина Анатольевнаның мектепалды «Мальвина» тобы, тәрбиеші Хатенова Молдир Амангельдиевнаның мектепалды “Ласточка” тобы, тәрбиешілер Жанабекова Кунсулу Кабдусултановна және Сейтжанова Айтбуби Чимбулатовнаның мектепалды “Звездочка” тобы, тәрбиешілер Армияева Гаухар Сайдбуркановна және Нурсеитова Светлана Омировнаның мектепалды “Қызғалдақ” тобы тәрбиеленушілері қатысты.
Балабақшаның көркін келтіріп, іс-шараны әуенмен әрлеген музыка жетекшілері — Пұсырманова Сания Шарипқалиқызы, Керимбаев Берик Жумахметович, Садардинова Светлана Валерьевна.
Мемлекеттік тілді тұғырға көтеріп,
ұлттық санасы жоғары, рухы асқақ өрендерді тәрбиелеп жатқан №14 бөбекжай-балабақшасының барша ұжымына бас иеміз. Балабақша балаларының ертеңгіліктер, байқаулар, тәрбие сағаттарын өткізуге әбден төселгені көрініп-ақ тұр. Бүгінгі мерекелік кештен түйгеніміз, бұл шара келер келешектің кемел болуына жасалған бір қадам. Алматыдағы №14 бөбекжай-балабақшасының меңгерушісі және өзге де қызметкерлерінің еңбегі елеуге тұрарлық екенін пайымдаймыз.
Ал ұжымды ұйымдастырып, ата-анамен де, балалармен де етене жұмыс істеп отырған Салимова Лаззат Нурслановнаның еңбегі ерен.
Жолдарың ашық, мақсаттарың айқын болсын, балапандар! Әнұранымыз әлемдік ареналарда шырқалып, көк туымыз көтеріліп, қыранымыз биікте қалықтасын! Мереке құтты болсын!
BILIM AINASY
Ақерке Амангелдіқызы