Home » Жаңалықтар » Менің Отаным – Қазақстан!

Менің Отаным – Қазақстан!

Алматы қаласы, Бостандық ауданы Nº 99 бөбекжай- балабақшасы Республика күнін атап өтті.

Республика күні — бұл еліміздің мемлекеттілігі жолындағы алғашқы тарихи қадам. «Республика» сөзі латын тілінде «ортақ іс» деген мағына беретіні баршамызға белгілі. Бір сөзбен айтқанда, Республика өз ісіне жауапты азаматтардың ортақ іс-әрекетінің арқасында құрылады. Өйткені азаматтар – мемлекеттің арқауы. Азаматтары болмаса, мемлекет те болмайды.  Міне бүгін осындай ұлттық мерекені ұлықтап отырған Nº 99 бөбекжай- балабақшасына қонаққа келдік.

 

«Менің Отаным – Қазақстан!» мерекелік іс-шарасын тәрбиешілер, тәрбиеленушілер, келген қонақтар қолдарын жүрегіне қойып, мемлекеттік әнұранымызды шырқаудан бастады.
Кейін бүлдіршіндеріміз Қазақстанның барлық қалалары туралы ақпарат айтып, еліміздің Астанасы туралы шағын қойылым қойды. “ҰЛЫ ДАЛА КӨШПЕНДІЛЕР»” ойыны ойнатылып, «Лучик», «Капелька», «Василек», «Ақ-бота», «Әнші балапан» топтары қатысты.

     
Бірлігі жарасқан ел болғандықтан, бүлдіршіндер әр ұлттың киімін киіп, мың бұрала би биледі.
Шаңырағымыз биік болсын деген мақсатпен балалар мен тәрбиеші көк туымызды желбіретіп, шаңырағымызды биік ұстап қойылым қойды. Қойылымға
«Гүлдер», «Ромашка», «Солнышко» топтары қатысты.

“Әжелер сөзі- тәрбие көзі» демекші мерекені әрі қарай ақ кимешегін тағынып, әжелеріміз жалғастырды. Әжелер қазақтың салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы танымдық-тәрбиелік әлеуетін жан-жақты ашты.
Кездесу барысында әжелеріміз салт-дәстүр, әдет-ғұрыптың бала тәрбиесіне қаншалықты ықпалы бар, қай кезде қолдануға  болатыны туралы әңгімелеп берді. Ұршықпен жіп иіріп, хормен ән айтып, би биледі.
   

Мереке барысында игі іс жасаймыз деген балабақша ұжымы және Асар Уме қоры бірлесіп қайырымдылық жәрмеңкесін ұйымдастырды.

Осындай іс-шараның ұйытқысы болған балабақша меңгерушісі Жорашова Нарима Мырзановнаға алғысымызды айтамыз.
Мерекелік іс-шараны ұйымдастырған тәрбиешілер:Шешукова Светлана Васильевна, Кутукова Сауле Асилхановна, Фомина Анастасия Дмитриевна, Юрьева Валентина Петровна, Нуртазина Айгерим Турсынгалиевна, Камбарова Газиза Торебековна, Есбулганова Нұржамал Аскербековна
Мамырбаева Айжан Айдаровна, Кураева Элмира Нураддиновна ,дене шынықтыру нұсқаушысы Қожаева Айман Сабитхановна,жүргізуші: Қожаева Айман Сабитхановна ,жәрмеңкені ұйымдастырған Аллаева Зайтуна Аруповнаға, барлық балабақша ұжымына мың алғыс. Сіздерге зор денсаулық, шығармашылық табыс тілейміз!

BILIM AINASY
Алматы қаласы
Елназ Тұрсынғалиқызы

2 комментария

  1. Мен Бостандық ауданы КМҚК 99 бөбекжай-балабақшаның әдіскері және музыка жетекшісі, шаңырақ музыкалық-композициянын автроы Узакова Айгүл Алиевна.
    Менің сұрағым Елназ Тұрсынғалиқызына, сіздің көріп жария қылып жазып отырған тек ғана музыкалық композицияға баға беруіңізді өтінемін, себебі біз қала, республика деңгейінде сайтқа бөлек пікірлермен жариялауымыз керек, ал сіздердің бағаларыңыз ерекше орын алады. Рахмет

  2. Екінші өтінішім осы жарияланған матермал біздің әр педаогымызға биыл 2024-2025 жылы аттестация өту кезінде педагогикалық партфолияға қажеттігін ескере отырып, сізден өтініш көрсетілген педагогтар тізімінен жас маман, әуесқой композитор-сценарист, осы мерекенің барлық музыкалық әсерлеушісі және болашақ педагог-модератор Мұқаева Балнұр Бағдатқвзың есімі қалыс қалды

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.