Молдагожина Райхан Койшыновна— меңгеруші
Мусрепова Махпал Сейсеновна- әдіскер
Алматы қаласы, Бостандық ауданы
МКҚК «№ 92 бөбекжай-балабақшасы»
Қазақстан – туған елім, ұлы өлкем
Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Алмагүл ықшам ауданы, 41 үй, екі қабатты ғимаратта орналасқан.
Балабақша 1991 жылы ашылды.
Балабақша аралас тілде жұмыс жасайды, 9 қазақ тобы, 4 орыс тобы бар . Барлығы 13 топ жұмыс жасайды.
Ұзақ жылдар жасағандығына қарамастан, балабақшаның әр кірпіші, әр бұрышы ешқашан ескірмейтін мейірім мен сүйіспеншіліктен тұрады. Балалардың күлкісі мен мейірімі арқасында біздің балабақша жыл өткен сайын гүлденіп, көркейіп, жасара түсуде.
Балалар — өмір гүлі. Ал гүлдер ешқандай жасандылықсыз, шынайылықпен баптағанда ғана өседі.
Бойымыздағы бар білімімізді, асыл қасиеттерімізді періште бөбектерге арнай білсек, олардың жүрегіне жол тауып, өзіндік «мені» бар дәрежеге жеткізсек, Отанды, адамзатты сүюге тәрбиелесек – міне, біздің балабақшамыздың нағыз мейірім алаңына айналғаны : “Ойна балалар — ойын көбейсін. Ойла балалар — ойың көбейсін”,- деген ұранмен жұмыс жасап келеміз.
Республика күнінің тарихына тоқтала кетсек, Республика күні 1990 жылы қазан айының 25-і Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің шешімімен «Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы» декларация қабылданды.
Сол сәттен бастап-ақ егеменді Қазақстан өзіндік көзқарасы бар жеке мемлекет ретінде таныла бастады. Әлем картасында жаңа мемлекет Қазақстан Республикасының негізі қаланды.
Қабылданған декларатция Қазақстанның болашақ тәуелсіздігінің іргетасы саналады. Бұл декларацияның қабылдануымен егемендігін мәлім ететін жеке территориясы, азаматтығы, мемлекеттік өкіметтің дербестігі мен толықтылығы, мемлекеттік бюджеті, халықаралық қатынсатардағы дербестігі, мемлекеттік рәміздері: Елтаңба, Ту, Әнұран, сондай-ақ ұлттық валютасы бекітілді.
Осы бір қасиетті белгілердің мәнін әрбір ұрпақ терең түсініп, оны қастерлей білу керек.
Мақтансаң мақтан елім деп,
Тани біл, елдік таңбаңды.
Елтаңба, Туың, Әнұран —
Шырқатты биік арманды.
Тәуелсіздікке тән белгі —
Қасиетті осы рәміздер —
Еліме рух, мән берді,
Иесі оның – мына біздер.
Қазақстан Республикасы күніне арналған ертеңгіліктер мереке қарсаңында өткізілді. Бұл іс-шараның мақсаты мектеп жасына дейінгі балалардың бойында азаматтық пен патриотизм негіздерін қалыптастыру, өз Отанына деген мақтаныш сезімін, халық дәстүрлерін құрметтеуге тәрбиелеу болып табылады. Мереке барысында балалар орындайтын өлеңдер, әндер, ойындар, билер эмоционалдық салаға әсер етіп, мектеп жасына дейінгі балалардың бойына достық, сезімталдық, өзара көмек, ел өміріне қатыстылық сезімі сияқты қасиеттерді сіңіруге ықпал етеді.
Қазақстан Республикасының күнімен баршаңызды құттықтаймын! Біздің еліміздің болашағы жарқын, тәуелсіздігіміз мәңгі болсын!