Home » Жаңалықтар » Республика күні

Республика күні

Алматы қаласы, Түрксіб ауданы, №131 бөбекжай-балабақшасында 25-қазан Республика күні мерекесіне орай ертеңгіліктер өткізілді.

Сан жылдар бойы азаттықты көксеген ел үшін бұл күннің орны ерекше. Тарихи күннің мән-маңызын түсінген балалар да ертеңгіліктерге тыңғылықты дайындалған. “Қазақ елім, Қазақстаным” деп ұрандатқан бүлдіршіндердің шырқаған әні мен жатқа айтқан тақпақтары көз сүйсіндіреді. Олар бар өнерін ортаға салып, патриоттық әндер орындады.
    

«Республика күні – тек тарихи оқиға емес, ол елдің бірлігі мен егемендігінің белгісі. Әр ұрпақ осы мерекені атап өту арқылы тәуелсіздік жолындағы ата-бабаларымыздың ерлігін еске алады және болашаққа нық сеніммен қарайды. Біздің еліміз көпұлтты мемлекет, сондықтан бұл мереке халықтар арасындағы достық пен татулықты да дәріптейді. Еліміз аман, жұртымыз тыныш, тәуелсіздігіміз мәңгі болсын!» — дейді №131 бөбекжай-балабақшасының меңгерушісі Ботакоз Амангелдиевна.
      

Республика күні – нағыз қазақтың кеудесі қуанышқа толы болатын, халықтың думандатып тойлайтын, мерекелік көңіл-күй  орнайтын, сыйлайтын айтулы күні.
Бұл мерекені тойлауда балабақша ұжымы да қалыс қалмады. Балабақша педагогтері биден шашу шашты. Педагогтердің мерекеге тартуы-шәкірттеріне үлгі болуы деп түсіндік. Педагогтер қауымының ұлттық мерекені ұлықтауды өздерінен бастап жатқаны көңіл қуантады. Жан-жақты ұстазы бар шәкірттен — жақсы ұлан шығары анық.
Шәкірт тәрбиелеуде қанаттарыңыз талмасын. Балаларымыз бақытты, аспанымыз ашық болсын.
Республика күні құтты болсын!

«BILIM AINASY»
Ақерке Амангелдіқызы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.