Home » Мақалалар » Елдікке бастаған мереке

Елдікке бастаған мереке

Егемен ел тарихына үңілсек Республика күні мемлекеттік мереке болып алғаш рет 1995 жылы қазанда жарияланған. Әрине, 25 қазан Республика күні болып кездейсоқ таңдалмағаны анық. 1990 жылы нақ осы күні Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы Жоғарғы Кеңесінің жарлығымен Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылданған болатын. Декларацияда Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының егемендігі жарияланып, Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретіндегі саяси-құқықтық негіздері жарияланды. Егеменді мемлекеттіліктің іргелі қағидаттары ретінде Қазақстанның жеке территориясы, азаматтығы, мемлекеттік бюджеті, халықаралық қатынастардағы дербестігі, мемлекеттік рәміздері бекітілді. 2022 жылдың 16 шілдесіндегі Ұлттық құрылтайда Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне ұлттық мереке мәртебесін қайтаруды ұсынды.

     
Иә, Республика күні өз мәртебесі бар – ортақ қуаныш. Бұл мәртебелі мерекені біздің №189 бөбекжай-балабақшасы да өз деңгейінде атап өтті. «Елдікке бастаған мереке» тақырыбында ертеңгіліктер өткізілді. Рәміздерімізді құрметтеуді алдыңғы орынға қойған балабақшамызда әуелі әнұран шырқалды. Тәрбиеленушілеріміз ұлттық билерімізді билеп, ұлттық аспаптарда ойнады. Кішкентай ғана жүректерімен Отанына деген махабаттарын өлең жолдарымен жеткізді. Балабақшамызда ұлттық құндылықты ұлықтайтын бүлдіршіндер өсіп келеді. Осы тұста ұлттық тәрбиені де, патриоттық сезімді де балалар бойына сіңіре білген балабақша ұжымының еңбегін атап өткен жөн. Тарихи күннің мән-маңызын түсінген ата-аналарымызға да өз алғысымды білдірем. Мен осы балабақшаның меңгерушісі ретінде өз бүлдіршіндерімді мақтан етемін. Олардың әрдайым мерекелік көңіл- күйде өнер көрсетулерінің куәсі болып жүрмін.

Қазақта «жақсы сөз – жарым ырыс» дейді, осы күні тілегіміз – түзу,
ниетіміз–ақ, көңіліміз кіршіксіз қалыпта Отанымызбен мақтанайық, бірлігімізді нығайтайық, елдігімізді танытайық, бірге қуанайық.
      
Ұлттық мерекені осылай ұлықтасақ ғанибет.

Алматы қаласы, Бостандық ауданы
КМҚК №189 бөбекжай-балабақшасының меңгерушісі
Слямова Кымбат Съездовна

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.