Home » Айтарым бар » Интернет-алаяқтықтың негізгі әдістері мен тәсілдері

Интернет-алаяқтықтың негізгі әдістері мен тәсілдері

Алматы қаласы, Түрксіб ауданы,
№ 142 жалпы білім беретін мектепте аудандық семинар өтті. Семинарға Түрксіб ауданы мектептерінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен Шералиева Бибинур Кокишевна — «Rahym» қоғамдық бірлестігінің басшысы, Бердибекова Гульнара Ауельбековна — Алматы қаласы заң консультанттары палатасының төрайымы, Аким Ғаділбек Максотұлы — ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің бас маманы, Акмаев Дмитрий Игоревич — ҚР Каржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің бас маманы, Агеева Марина Викторовна Алматы қаласы, Түрксіб ауданы Прокуратурасының бас прокуроры, Алимхан Дамеш Тореханқызы — жоғары дәрежелі психолог және Мұхтарұлы Сұлтан — Алматы каласы Турксіб ауданы Прокуратурасының қоғамдық мүдделерді корғау бөлімінің прокуроры қатысты.

   
Бұл семинардың басты мақсаты: халық арасында қаржылық және құқықтық сауаттылықтың жеткіліксіздігіне байланысты қаланың әрбір тұрғынына алаяқтар қолданатын барлық әдістер мен тәсілдер туралы сұрақтарын талқылап, «Интернет — алаяқтықтың негізгі әдістері мен тәсілдері» тақырыбында дәріс сабақтарын өткізу болып табылады.

Семинар барысында ұйымдастырушылар алаяқтардан қалай сақтану керектігі туралы ақпараттар мен бейнероликтер көрсетті. Алаяқтық — Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 190-бабында кылмыстық жауаптылық көзделген алдау немесе сенімге қиянат жасау арқылы бөтеннің мүлкін ұрлау немесе бөтеннің мүлкіне кұқыктарды иемдену болып саналады.
Шабуыл жасаушылардың негізгі мақсаты — азаматтарды жеке және төлем деректерін иемдену, оларды банктік шоттары мен ақшасына қол жеткізу.

     
Әлеуметтік желілерде алаяқтар жалған сауалнамалар жиі жүргізеді. Бұл қалай болады?
Мысалы, сізге сауалнамадан өтіп, ақшалай сыйлық алу туралы сілтеме бар жеке хабарлама келеді.
Ал сыйлық алу үшін банк картасының деректерін көрсету қажет. Міне, осы жерден алаяқтар өзінің ойын іске асырады. Шын сауалнама тегін. Ал алаяқтар ақшалай сыйлық алу үшін банк картасының деректерін сұрайды.

Қалай сақтану қажет: Есіңізде болсын! Ешқандай қызметте банктік карта туралы толық деректерді ,қаражатты алу үшін жарамдылық мерзімі мен артқы
жағындағы үш таңбалы кодты талап етпейді. Күдікті интернет-ресусстарда тіркеуден өтпеу қажет және осылайша белгісіз тұлғаларға өзінің жеке деректерін беруге болмайды.

Күмән тудыратын сілтемелерге өтпеңіз, егер сіздің танысыңыз немесе туысыңыз қарызға ақша сұраса, қайта қонырау шалып, шынайлығына көз жеткізіңіз. Осы пайдалы ақпараттар семинар барысында қатысушыларға түсіндірілді. Сондай-ақ қатысушылармен сұрақ-жауап айдары да өтті. Бүгінгі семинардың әр қатысушысы өзіне керегін түртіп алды. Білім қоржындарын тағы бір пайдалы ақпаратпен толықтырды.

     Семинарды өткізуге Алматы Қаласының «Rahym» коғамдық коры көмек бергенін айта кеткіміз келеді.
Семинар ұйымдастыруға ұйытқы болып, әріптестерінің пайдалы ақпараттармен сусындауына өз ықпалын тигізген №142 жалпы білім беретін мектептің директоры Гульшат Ербулатовнаның еңбегі елеулі.

BILIM AINASY
Алматы қаласынан
Елназ Тұрсынғалиқызы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.