Бүгін, Нұр-Сұлтан қаласында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының «Мектеп әлемін өзгертетін ұстаздар» атты XI халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өз шымылдығын түрді. Екі күнге жалғасатын конференцияда Қазақстанның әр өңірінен келген мұғалімдер, ғалымдар, білім беру мекемелерінің басшылары, сонымен қатар 17 мемлекеттің (АҚШ, Ұлыбритания, Израиль, Норвегия, Нидерланды, Франция, Жапония, Сингапур, Гонконг, Вьетнам, Австралия, Испания, Ресей, Түркия, Армения және т.б.) өкілдері бар
Шара «Әлемді өзгертетін ұстаздың қалыптасуы» арнайы жобасымен басталды.
– Махатма Ганди егер әлем өзгерсін десеңіз, ол өзгеріс өзіңіз болыңыз деген екен, – деп бастады сөзін «Әлем мұғалімі» жаһандық премиясының номинанты, Семей қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің мұғалімі Асхат Жұмабеков.
– Мен бәсекеге қабілетті оқушыларымызды оқыту, даярлау және дамыту үшін барлық жаңалықтардан хабардар болғым келеді. Олар әлемдік қоғамдастықтың көшбасшылары болады деп сенемін.
Мұғалім-мастер, Талдықорған қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің математика бойынша олимпиадалық қозғалысының жаттықтырушысы Сергей Полянский әр баланың білім деңгейі бірдей екеніне сенімді және олардың әрқайсысын Олимпиадаға дайындауға болады. Бұл үшін әр балаға арнайы жеке тәсіл қажет. Жеке дегеніміз – бұл ұқыптылық, қамқорлық, түсіністік дегенді білдіреді.
Назарбаев Зияткерлік мектептер желісіндегі жұмыс тәжірибесі мен шәкірттерінің жетістіктері туралы Ақтау қаласындағы Зияткерлік мектептің математика пәнінің мұғалімі Майкл Малутши бөлісті. Оның шәкірттері Сағымбек Талғатұлы мен Ғаламадин Асқар SAT халықаралық емтиханының нәтижелері бойынша максималды балл жинады.
– Мен көп дарынды балаларды көрдім, бірақ Қазақстанда олардың саны одан да көп, – дейді Майкл Малутши.
Сонымен қатар Көкшетау қаласындағы ІТ мектеп-лицейінің география пәнінің мұғалімі Толғанай Әселбек және Нұр Сұлтан қаласындағы «Зерде» мамандандырылған мектебінің география пәнінің мұғалімі Қарлығаш Нұржанова қалыптасу жолдары мен авторлық жобалар жасаудың мотивациялары туралы айтып берді
Жыл сайын халықаралық конференцияда тәжірибе алмасатын және зерттеу нәтижелерін ұсынатын Зияткерлік мектептер мұғалімдерінің, педагогикалық шеберлік пен педагогикалық өлшеулер және білім беру орталықтары қызметкерлерінің саны артып келеді. Шараның екінші күні халықаралық қазылар алқасы «Үздік постер» және «Үздік презентация» номинациялары бойынша жеңімпаздарды анықтап, марапаттайды.
АРНАБЕК Нұрбол
«BILIMAINASY» газеті
Нұр-Сұлтан қаласы