Home » Жаңалықтар » Мектепке дейінгі білім беру жүйесіндегі тенденциялардың тәжірибеге трансфармациялануы

Мектепке дейінгі білім беру жүйесіндегі тенденциялардың тәжірибеге трансфармациялануы

Алматы қаласы, Бостандық ауданы, №189 бөбекжай-балабақшасында
“Мектепке дейінгі білім беру жүйесіндегі тенденциялардың тәжірибеге трансфармациялануы” атты қалалық семинар-тренинг өтті.

Бұл семинарға құзыреттілік орталықтары педагогтері мен мобильді топ мүшелері қатысты.
Семинар-тренинг Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің профессор, докторанттарымен бірлесе ұйымдастырылды.
Семинардың ашылу салтанатында алғашқы сөз кезегін алған Алматы қаласы Білім басқармасының ҚББЖТҒӘО мектепке дейінгі тәрбие және оқыту бөлімі жетекшісі Тумаева Раушан Қабдолдаевна келген қонақтарды семинардың өтілу барысымен таныстырды.

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті,
Педагогика және психология факультеті. Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасының меңгерушісі, профессор — Ұлбосын Қозыбаевна Қыяқбаева семинар-тренингтің маңыздылығы жайлы, мектепке дейінгі білім беру жүйесінің маңызы ойын ортаға салды
Семинар барысында “Стресс менеджмент және кәсіби қажу” тақырыбында Абай атындағы ҚазҰПУ Педагогика және психология факультеті, Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасының философия докторы (PHD), қауымдастырылған профессоры Алимбекова Анар Аймолданқызы,


Цифрлық технологияға негізделген “Таным және Робо DIY” әдістемесі“ тақырыбында Абай атындағы ҚазҰПУ Педагогика және психология факультеті, Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасының философия докторы (PHD), қауымдастырылған профессоры
Ауезова Айжан Адилдаевна,
Мектепалды топ балаларының шығармашылық дағдыларын дамытудағы нейропедагогикалық ойындар” тақырыбында Абай атындағы ҚазҰПУ Педагогика және психология факультеті, Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасының докторанты
Шажабаева Жанар Адилхановна
тренинг өткізді.


Тренингтер қатысушылардың білім қоржындарын толтырғаны анық. Семинар жоғары деңгейде өтті. Қатысушылардың барлығы риза.
Бүгінгі қала көлемінде өткен семинар-тренинг алдағы уақытта өз жалғасын таба беретініне сенеміз.

Енді №189 бөбекжай-балабақшасы туралы әңгімелейік. Келген қонақтармен бірге біз де балабақша ішіне саяхат жасаған едік. Балабақша ішіне кіргеннен өзіне баурап алады. Жарық, жайлы, жылы. Баланың даралығы мен субъективтілігін қолдауға бағытталған дамытушы заттық-кеңістіктік ортада олардың жас ерекшеліктеріне сәйкес физикалық, коммуникативтік, танымдық, зияткерлік, шығармашылық, зерттеушілік, әлеуметтік-эмоционалдық біліктері мен дағдыларын қалыптастыру және тұлғасын дамыту, инновациялық әдістер мен технологияларды қолдану үшін «Робототехника», «Интерактивті құмжәшік», «Интерактивті скалодром, «Тұзды шахта», «Сенсорика», «Музыка залы», «Монтессори бөлмесі» «Қолөнер» кабинеттері,
«Қазақ тілі бөлмесі» ұлттық орталығы заманауи түрде жабдықталған. Солардың біріне логопед кабинетіндегі «Ақылды айна» жабдығына тоқтала кетсек. Бұл жабдық балалардың сөйлеу ақауларының алдын алуға және түзетуге арналған. Логопедтер де, психологтар да, дефектологтар да, тәрбиешілер де өз жұмыстарында пайдалана алады.
Бала өзінің айнадағы бейнесін ғана көрмейді, ол артикуляция, дыбыс жаттығуларын орындауға, дыбыстарды дұрыс айтуға және тыныс алуын бақылауға көмектесетін сиқырлы кейіпкерлермен бірге ертегі әлеміне саяхаттайды.
№189 — дың ерекшелігінің бірі — балабақша мамандарынан жасақталған “оркестр” бар екен. Семинар барысында оркестрдің де өнерін тамашаладық. Киімдері көздің жауын алып, әсем әуендері бәріміздің көңілімізге көктем шуағын сыйлады.
Балабақша — бала бақса, білімнің шамын жақса ізгілік.
№189 бөбекжай-балабақшасының меңгерушісі Кымбат Съездовна мен педагогтердің тынымсыз еңбегін қандай сөзбен өрнектесек те жарасатындай.
Бөбекжай топтарында өз жұмысын жақсы білетін, білікті мамандар жұмыс жасайды.
Балалармен бірге ойнап күлгеннің өзі бір бақыт деп жауапкершілігі мол қызмет жолында бар білімі мен тәжірибесін аямай еңбек етіп жатқан балабақшаның барлық қызметкерлеріне бас иеміз.

BILIM AINASY,
Алматы қаласынан,
Ақерке Амангелдіқызы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.