Мен Жағыпарова Толқын, саналы ғұмырымның ширек ғасырын білім саласына арнаған білім саласының қызметкері, кәсіби медиаторы, педагогика ғылымының магистрі «Педагогика саласының үздігі» төс белгісінің иегері.
Праймеризге қатысу себебім – осы салада қызмет атқарып, кәсіби медиатор ретінде тәжірибе жинақтап, зерттеулер жүргізе отырып, өскелең ұрпаққа білім, тәрбие беру мәселелерін жандандырып, жетілдіріп іс жүзінде ат салысу.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың осы жылғы 1 қыркүйегінде Қазақстан халқына Жолдауында қарапайым мектептерге қолдау көрсетілу керек екенін тапсырылды.
Сонымен бірге, бұл қадам қала мен ауыл арасындағы білім беру саласындағы алшақтықты қысқарту, жас ұрпақтың спорттық және шығармашылық әлеуетіне аса назар аудару, балалар үйірмесі қызметін қайта қарау, бұқаралық спортқа, дене тәрбиесіне және балаларға басымдық беріп, әр облыста, аудан орталықтарында спорт үйірмелерін ашу тапсырылды.
Менің мақсатым осы тапсырмалардың орындалуына үлес қосу, балаларға ұлттық құндылықтардан бастау алатын тәрбиені негізге ала отырып, жан жақты тәрбие-білім беру.
Білім саласына ауқымды да күрделі міндеттер жүктелген, оларды табысты жүзеге асыру үшін нақты іс-қимыл, елдің бірлігі, қолдауы қажет және ең бастысы — әрқайсымызға байланысты, өйткені баршамыз өз-өзімізді дамытуға күш салуымыз керек.
Заман сынағы бізден үздіксіз қозғалысты, мықты күш-жігерді және табанды еңбекті талап етеді. Халқымыздың жаңа болмысын қалыптастыру, тұтас ұлт сапасын арттыруға үлес қосу. Ұлтымыз жаңа сапаға көшуі үшін біздің күнделікті өмірлік ұстанымдарымыз да өзгеруі керек. Қазақ қоғамына жаңа қағидаттар мен жаңа бағдарлар керек. Ол үшін білім беру ұйымдарының жұмысының мазмұны жандандырылып, жетілдіру қажет. Бұл бүгінгі күні өте маңызды деп санаймын.
Жас ұрпақ жоғары мәдениетті, ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген, терең білімді, ерінбей еңбек ететін, кез келген істі кәсіби дағды арқылы жүзеге асыратын, темірдей тәртіпті және жоғары жауапкершілікті сезінетін болу керек.
Білім саласының жаңа кезеңдегі міндеті – ұлт болмысының жаңа қағидаттарын орнықтыру. Сондай-ақ ұлт сапасын арттыруға атсалысу. Жаңғырған қоғам жат әдеттерден біртіндеп арылуы керек. Биік мұратқа жетелейтін еңбек деген ұлы ұғымды әр оқушының санасына сіңіру қажет.
Бүгін қоғамда орын алып отырған дау-дамайлар, кикілжіңдер мектеп қабырғасынан тәрбиелеу. Осы мәселенің оң шешілуін баламалық тәсілдерін де дамыта отырып, жас ұрпақты мәдени қарым-қатынасқа баулу қажет. Бұл ұстаным үшінші бір жақтың қатысуынсыз-ақ ымыраға келуге мүмкіндік береді. Осыған байланысты, «Медиация туралы» заңды басшылыққа алып, мектепте жүйелі жұмыс жүргізу қажет.
Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы: «Білімді болуға оқу керек. Бай болуға кәсіп керек. Күшті болуға бірлік керек. Осы керектердің жолында жұмыс істеу керек» деген.
Қазақ халқы қашанда еңбекқор халық, ұлан-ғайыр жеріміз бар. Біздер бай, қуатты өмір сүретін ортамыз бар, оны әрі қарай заманауи жаңғыртып, жетілдіреміз. Ұлы Абайдың және ғұлама Әл Фарабидің даналығын алға қойып, әлемде «Қазақ елі» деген брендтің қалыптасуына үлесімді қосамын.
Еліміздің бақытты әрі жарқын келешегі үшін қажырлы қызмет атқарған азаматтарға дауыс беріңіздер!
Жағыпарова Толқын Төкенқызы
Жалпы еңбек өтілі-20 жыл
Білім –Жоғары: Абай атындағы Алматы Мемлекеттік университеті
Астана-Университеті
Тұран-Астана университеті
Республикалық деңгейде өткізілген байқаулардың дипломдарымен марапатталған.
2013-жылдары «Жас Отан» ҚБ-мен бірлесіп жұмыстар атқарған