Астана қаласы
№ 85 мектеп-лицейі
Каражигитова Бағдат Омирбековна
Қазіргі заман талаптарына байланысты өзіндік көзқарасы, саяси түсінігі бар, білімді әрі жоғары білікті жас ұрпақ тәрбиелеу өмірлік қажеттілікке, білім саласында ұстаздар алдына қойылған міндетке айналып отыр. Осы міндеттерді жүзеге асыруда, оқушыны сыни ойлауға, мәтіндердің мазмұнын, астарлы ойын ұғына оқуға, өзіндік рефлексия жасай білуге, алған ақпаратты өз мақсаттарына сай қолдана білуге бағыттайтын тәсілдердің бірі – оқу сауаттылығына бағытталған мәтіндермен жұмыс.
Заман талабы балалардың функционалды сауаттылығын қамтамасыз ету болса, функционалдық сауаттылықты қалыптастырудың басты бағыттарының бірі – оқу сауаттылығы.
«Оқу сауаттылығы» термині кең мағынада қарапайым оқу біліктілігін емес, мәліметтерді айқындай білу қабілетімен анықталады. Мектеп жасындағы балалардың тек оқу техникасын меңгеруі қазіргі таңда қабілеттілік болып есептелмейді. Оқу сауаттылығы туралы түсінік білім алушылардың әртүрлі форматтарда берілген мәтіндерді түсіне білуі, олардың мәні мен мазмұнын түсініп тұжырымдауы және білім алушылардың мектептен тыс уақыттарда, әртүрлі өмірлік жағдаяттарды шешуде оқығанын қолдана білу іс-әрекеттеріндегі қызметтерін бағалауға негізделген. Сөзімізді нақтылай түссек, оқу сауаттылығы – жазба мәтіндерді түсіну, өз мақсатына жету үшін оның мазмұнын қолдану, қоғам өміріне белсенді қатысу үшін білімі мен мүмкіншіліктерін дамыту қабілеті.
Оқу сауаттылығын анықтауда ақпараттың мағынасын ашу және түсінік берудің үш негізгі параметрі бар. Олар: мәтін, жағдай, сұрақ. Осы аталған параметрлердің құрылымы төмендегідей беріледі.
Бірінші – әртүрлі тәсілдермен кітаптар, парақшалар, ғаламтор — форумдар мен жаңалықтар лентасы, нысандармен көркем әдебиет, ғылыми-көпшілік мәтіндер, ресми құжаттар, қоғамдық маңызы бар оқиғалар туралы ақпараттар, кестелер, графиктер, диаграммалар, карталар берілген мәтін. Оқу сауаттылығы бойынша мәтіннің 4 түріне тоқталғым келеді. Олар: «тұтас мәтіндер», «дискретті мәтіндер» немесе «жадағай мәтіндер», «аралас мәтіндер», «құрамдас мәтіндер».
Оқу сауаттылығында мәтіннің қомақты бірліктерін қамтыған көркемсөз мәтіндерінен тұратын “тұтас мәтіндер” болып табылады. Тұтас мәтіндер өзара сабақтасқан сөйлемдерден тұрады, олар бөлiмдер, тарау, кіріспе және кітаптардан топтастырылады. Мағыналы азат жолдары сатылы құрастырылған және оқырманға мәтіннің логикалық құрылымын түсінуіне көмектесетін тақырыппен, тақырыпшамен белгіледі. Тұтас мәтiндерге сипаттама көркем және техникалық, баяндау әңгiме, есеп берулер, репортаж, түсiндiру пiкiр, қорытынды, талдау жатады.
«Дискретті мәтіндер» немесе «жадағай мәтіндер кесте, графиктер, диаграмма сияқты мәтіннің ақпараттық бірліктерінен тұратындықтан, басқа оқу дағдыларының әрекеттерін талап етеді. «Аралас мәтіндер» «тұтас» және «дискретті мәтіндердің» ерекшеліктерін біріктіреді. Аралас мәтіннің вербалды және бейвербалды элементтері бір — бірін толықтырып тұратын сөз және сөзсіз көрсетілген элементтер арқылы ерекшеленеді. Бүгінгі күні көптеген ақпараттық мәтіндер презентациялық форматта веб-парағы, журналдар және т.б. әзірленеді.
«Құрамдас мәтіндер» мағына ғана емес, формат жағынан да әрқайсысы бір-біріне тәуелсіз әртүрлі бірнеше мәтіндерден құрастырылады. Сонымен қатар мұндай мәтіндер өзінің мағыналық жағына байланысты және ойды толық аяқтап, мәтіннің диагностикалық мақсатын анықтайды .
Білім алушы оқығанын мазмұндамай, берілген мәтіннен ақпаратты іздеу және түсінік беру қабілетін көрсетуі тиіс. Оқу сауаттылықтарын бағалау барысында әлеуметтiк, білімдік, адамдардың мәтінмен өзара қарым-қатынастарының әртүрлi ахуалдарда кездесетін оқудың дербес тұрғылары есепке алынады: жеке, яғни өзіндік мақсаттары үшін оқуға берілген мәтіндерге дербес хаттар, көркем әдебиет, өмірбаяндар, ақпараттық хаттар, электрондық форматтағы хабарлама, күнделікті жаңалықтар блоктар мен ғылымиәйгілі мәтіндер т.б. жатады; көпшілік қоғамдық мақсаттар үшін оқуға берілген мәтіндерге ресми құжаттар, қоғамдық мәні бар әртүрлі мәліметтер, газет жаңалықтары, ғаламтордағы форумдар т.б. жатады; кәсiби оқу /іскерлік/ оқуға берілген мәтіндерге есеп берулер, хабарландырулар, нұсқаулықтар т.б. жатады; оқу, яғни бiлiм алу үшін оқуға берілген мәтіндерге классикалық әдебиеттер және оқуда мақсатында қолданылатын мәтiндер т.б. жатады. Жеке, яғни өзіндік мақсаттары үшін оқу. Бұл категорияға жеке тұлғаның практикалық қана емес, зияткерлік қызығушылықтарын қанағаттандыруға арналған ақпараттық мәтіндер, биографиялар, көркем әдебиет, жеке хаттар, хабарлар, әлеуметтік медиа сайттар және күнделіктер түріндегі блогтардан тұратын мәтіндер жатады. Көпшілік қоғамдық категорияға ресми құжаттар, сонымен бірге қоғамдық іс-шаралар туралы ақпарат кіреді. Сондай-ақ жаңалықтар сайттарын, онлайн түрінде де, баспа түрінде де кездесетін қоғамдық хабарламаларды да қамтиды. Кәсіби оқу іскерлік тапсырмасы бірқатар тікелей тапсырманы орындауды қамтиды. Бұл категорияға жұмысты іздеу, немесе жұмыс орынныдағы ережелерге бағытталған мәтіндер жатады. Оқу, яғни бiлiм алу ережеге сай, арнайы оқытуға арналған. Баспа материалдары, оқулықтар мен оқытуға арналған интерактивті бағдарламалық ақпараттар оқудың осы түрі үшін құрастырылған материалдың типтік мысалдары болып табылады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
- Мәтінмен жұмыс – оқушының функционалдық оқу сауаттылығын дамытудың негізгі тәсілі, Р.О.Хамза http://zkoipk.kz/ru/2015c1/1107-conf.html
- PISA Халықаралық зерттеуінің тест тапсырмаларының үлгілері, Астана 2014.