Манарбекова Әсем Манарбекқызы,
Астана қаласы әкімдігінің
«Шейх Тәмим бен Хамад әл-Тәни атындағы
№85 мектеп-лицейінің»
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі,
педагог-зерттеуші.
Қазіргі кезеңдегі білім беру ісінің негізгі нысаны – жас ұрпақтың біліктілігін қалыптастырып қана қоймай, олардың бойында ақпаратты өздері іздеп табатын және талдай алатын, сондай-ақ ұтымды пайдалана білетін, жылдам өзгеріп жатқан бүгінгі дүниеге лайықты өмір сүріп, қызмет жасауға қабілетті тұлғалық қасиеттерді қалыптастыру болып отыр.
Жеке тұлғалықтың мәні оның қажеттілігі мен қызығушылығын қанағаттандыруға, баланың өзіне ғана тән тұлғалық сапаларын , өзінді даму траекциясын анықтау, педагог пен оқушы арасындағы және субьекті мен субьекті арасындағы өзіндік қарым –қатынасты қалыптастыру- бүгінгі күннің талабы болып отыр.
Ұстаз жас жеткіншектің жан-жақты дамуына, оның бойында жасырын жатқан шығармашылық қабілетті ашу және белсенді әрекетке келтіру жолында тынымсыз ізденіс жолында болу керек. Мектеп қабырғасында оқытылатын пәндер бойынша дарындылық танытқан оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын мұғалімнен педагогикалық- психологиялық көріністі талап етеді.
Сыныптан тыс жұмыстардың маңызды ерекшелігі- оқушылардың шығармашылық мүмкіндіктерін жетілдіру.Мұндай ерекшелік мынадай жағдайда байқалады.
- оқушылардың іс-әрекетте нәтижеге жетуге сенімділігін қалыптастырады;
- шығармашылық ой-өрісін кеңейтеді;
- өзіндік жұмыс істеу дағдысын жетілдіру;
- дүниетанымның интелектуалдық, эмоционалдық, еріктік бөліктерін қалыптастырады.
Оқушылардың пәнге деген ықыласы артып, қызыға бастаса, онда пәнді меңгеруге деген құштарлық тереңдей түседі. Қазіргі кезеңде сабақтың мазмұны мен оны түсінудің негізгі әдістері оқушылардың өз беттерінше танымдық іс-әрекеттерін дамытатындай , әрбір нақты материалды жүйелі меңгеретіндей етіліп құрылған жөн. Осы мәселелердің бәрі оқушылардың жасы мен жеке басының ерекшеліктерін білуді қажет етеді.
Сыни тұрғыдан ойлау стратегиясының оқушыларды еркін сөйлеуге, сөз ұшқырлығын ұштауға, өз ойын қысылмай жеткізе білуге мол әсері бар.
Сабақтарымда көзімнің жеткені:
- шәкірттеріме еркін ойлауға мүмкіндік беріледі;
- ақыл-ойы дамиды; шығармашылық белсенділігі артады;
- топтық іс- әрекетке тәрбиелейді;
- тіл байлығы жетіледі; жан- жақты жетіледі;
- өз ойын жеткізеді.
Оқыту мен тәрбиелеу үрдісінде оқушы шығармашылығын дамытудың тағы бір қажеттілігі қоғам талабынан туындайды.Қазіргі кезеңде мамандық атаулының барлығы бейімділікті, ептілікті, шапшаңқылықты, ерекше ой қызметін, мол шығармашылық мүмкіндікті, өзін қоршаған түрлі жағдайларға тез икемделіп қана қоймай, оларды керекті бағытына шығармашылықпен бұра білу қабілеттілігін қажет етеді.
Мектебімізде оқушылардың шығармашылық белсенділіктерін дамыту үшін көптеген мүмкіндіктер бар. Сондай жұмыстардың бірі- ғылыми жоба.
Ғылыми материалды жинақтау- күрделі үрдіс, себебі, ақпараттық ағын көп және қозғалмалы.Осы кезеңде оқушылардың кітапханада жұмыс істеу дағдысы, библиография құру, көп ақпараттан қажетті материалды табу біліктілігі қалыптасады. Бұдан басқа әдебиетті оқу барысында:
- әр түрлі көзқарас, болжау, пікірлер бар екенін білді;
- кітап арқылы қызықты жеке тұрғалармен танысты;
- Ауызша және жазбаша сөздік қорлары қалыптасты;
- Ғылыми ой пікірлер пайда болды.
Ғылыми жоба барысында өзімнің оқушыларыммен төмендегідей сұрақтарға жауап іздеп көрдік.
Ғылыми жобаға не үшін келдім? | Ғылыми жоба не берді? |
Айнұр: -танымымды кеңейту; -көбірек тәжірибе жинақтау; -жоғары деңгейде білімімді көтеру үшін.
| — көп жаңа білім жинақтап, өлкеміздің тарихын терең тануыма мүмкіндік берді. — Ойымды қысылмай айта алам |
Сәния — Мен өз еркіммен келдім.Бірақ көп уақыт пен материалдар, зерттеулер қиындық туғызды.Бірақ алдыма қойған мақсаттың арқасында өз тақырыбымда аша білдім. | Үйрендім: -білімді іздеп табуды; -материалды іріктеуге, талдауға;
|
Профессор Ж. Қараевтың деңгейлеп –саралап оқыту технологиясы жаңаша өзгерген мақсатпен оқушылардың өздігінен танып, іздену іс -әрекеттерін меңгертуді талап етеді. Бұл технологияда бірінші орында оқушы тұрады және өз бетімен білім алудағы белсенділігіне аса назар аударады. Профессор Қараев Жауынбай Амантураұлының технологиясының тиімділігі сол, жаңа тақырыпты балалар шығармашылық ізденіс үстінде өздігінен меңгеруі тиіс.Сондықтан мұндай сабақтарда оқушылардың ынтасын, белсенділігін арттыру үшін мәселелік сұрақтар қойылып отырады.Тақырып бойынша жасалған деңгейлік тапсырмалар жүйесі дамыта оқыту идеясын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.Саралап оқыту идеясын жүзеге асыруда жақсы нәтиже көрсетілуде. Оқушының ойлауын, елестету мен еске сақтауын, ынтасын, белсенділігін, дағдысын, білім сапасын дамыту мақсатында деңгейлік тапсырмалар жүйесімен оқушының қабілетіне, қызметіне сәйкес жоғарыға деңгейге көтерілуіне мүмкіндік береді.
«Бұлақ көрсең көзін аш» дегендей, мұғалімнің міндеті- оқушы бойында жасырынып жатқан мүмкіндікті ашу. Кез – келген бала оқу әрекетінде адамзат баласының өмір бойы жинақтаған тәжірибесін меңгеріп, сонымен қатар, шығармашылық іс-әрекеттерді орындау арқылы өзінің ішкі мүмкіндіктерін дамытады. Білім беру үрдісінде проблеманы өзі шешуге талпыныс жасау арқылы өз қызығушылығын қанағаттандыруға, өз идеясын жүзеге асыруға әрекет етеді. Оқушыға қойылатын сұрақ проблемалық, өзбетімен ойлап, пайымдауды қажет ететіндей, оқушы өз зерттеулерінің нәтижесін дәлелдеп, жаңалық ашқандай қанағаттанғандық сезімде болуы тиіс.
Қазіргі білім берудің мақсаты- танымдық қызметке деген тұрақты қызығушылығы қалыптасқан, өз бетімен бағдарлай, қызмет жасай білетін,сөйтіп өздігінен даму дағдылары қалыптасқан жеке тұлғаны тәрбиелеу.
Қазіргі білім берудің мақсаты- танымдық қызметке деген тұрақты қызығушылығы қалыптасқан, өз бетімен бағдарлай, қызмет жасай білетін,сөйтіп өздігінен даму дағдылары қалыптасқан жеке тұлғаны тәрбиелеу.
Әр түрлі формада жүргізілген жұмыстар арқылы ғана оқушылар өздерінің танымдық және шығармашылық сұраныстарын қанағаттандыра алады, мектеп олимпиадалары мен байқауларға , көркемөнер және техникалық көрмелерге белсене араласады, бұл мектеп ішіндегі оқушылардың арасынан дарында балалардың шығуына ықпал етеді.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
- Жанпейісова М.М. Модульдік оқыту технологиясы . Алматы, 2002.-18б.
- Жанузаков Т. Развития ребенка. Алма-Ата, 1982.-176 с.
- Шығармашылық дербестікті қалыптастыру.Қазақстан мектебі №10,2007-31 б.
- Кәсіби даму мектебі. Алматы: Верена, 2007.-93-96, 126 б.
- Жеке тұлғалық білім парадигмасы. Директор школы, №1,2009- 20-23-б
- Қоянбаев .Педагогика. Алматы: Мектеп, 2000.-110 б.
- Қойшыбаев Е. Жеке тұлғаның руханилығын дамыту // Қазақстан мектебі, №8, 1963. Б. 90-91 б.