Жунуспаева К.Х.
психология магистрі,
тарих мұғалімі,
Павлодар қаласының
№35 жалпы орта білім беру мектебі
Заманауи білім берудің ең басты міндеті білім алушыларды болашақтағы кәсіби жолға мектеп табалдылығынан дайындау болып отыр. Қазіргі уақытта табысты адам болу үшін терең білім мен тәжірибе аздық етеді. Ол үшін мұғалімнің ұстанымы мықты болуы керек, мұғалім өз жұмысында арнаулы, пәндік білімдермен ғана шектелмей, педагогика мен психологияның жаңалықтарын да қамтуы керек. Әр мұғалім заманауи трендтер мен инновациялық тәжірибені жүзеге асырудың тиімді жолдарын іздестіріп, өзінің іс-тәжірибесіне қосуы керек. Сондай заманауи трендтердің бірі — білім алушыларды Soft skills дағдыларын (икемді дағдалар) игеру болыр отыр, сондықтан тақырыптың өзектілігі де осында жатыр деп есептеймін.
Тақырыптың ғылыми негіздемесі: Жас ерекшелік және педагогикалық психология мәселелерімен көбінесе көрнекті ғалым Л.С. Выготский айналысқан. Ол жетекші іс – әрекетті негізге алды. Осы теорияға жасөспірімдер үшін маңыздысы өзін –өзі тану, өз болмысын көрсету, өзінің қабілетін іске асыра білу, сәтті әлеуметтену болып табылады. Сонда, жасөсіпірімдердің өзінің құрдастарымен жағымды қарым — қатынас жасай жүріп, өз қабілетін іске асыруы үшін, сонымен бірге, оқуға деген ынтасының төмендеп кетпеуі үшін біз не істей аламыз? Оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыруда осындай сұрақтарға жауап іздеу педагогикалық қызметімнің негізіне айналды.
Бүгінгі таңда әлемдік үдеріске байланысты жұмыс берушілер мамандардан икемді дағдыларды талап етіп отыр.
Soft skills –бұл жай дағдылар емес, өмірде де, кәсіби қызметтерде де қажетті қасиеттердің жиынтығы. Бұл жеке қасиеттер, әмбебап дағдылар, адам қызметінің тиімділігіне әсер ететін кәсіби емес және жүре қалыптасатын дағдылар деп түсіндіріледі.[1.б17] Білім алушылардың икемді дағдыларын қалыптастыру және дамыту –бүгінгі күн талабы сұранысы мен тез өзгермелі қоғам жағдайына бейімделуінің басты көррсеткіші. Soft skills дағдылырын білім алушылырдың бойында қалыптастыруға әр ұстаз үлес қоса алады және осы дағдылырдың қалыптастыруға байланысты бағдарлама құрастырылып, мектеп бағдарламасына енгізілуі керек деп есептеймін.
Өздеріңіз байқағандай, Soft skills дағдыларының қазіргі таңдағы қажеттілігі 80% — ды, ал Hard Skills дағдыларының қажеттілігі 20% -ды құрайды. Бәсекеге қабілетті маман болғың келсе, табысыңды молайтып, толыққанды өмір сүргің келсе, қажеттілігі басым дағдыларды меңгеру – бұл заман талабы болып отыр. [1. б 17]
Осы орайда, тарих сабақтарында білім алушылардың бойында икемді дағдыларды қалыптастырудың жолдарымен бөліскім келеді.
Тарих және қоғамтану сабақтарында Soft skills пен Hard skillsтың негізгі дағдыларын тоқтала кетсем, ол мыналар:
Hard Skills | Soft skills |
1. Хронологияны білу 2. Тарихи сабақтастықты түсіну 3. Себеп-салдарды анықтай алу 4. Дүние жүзі тарихы мен Қазақстан тарихы пәнін синхронды түрде қабылдау 5. Тарихи деректермен жұмыс 6. Тарихи білімді өткенге талдау жасауда қолдана білу
| 1. Коммуникативтілік 2. Командада жұмыс жасау 3. Өзі-өзі басқару 4. Көшбасшылық қабілеті 5. Құндылықтарды анықтау 6. Ақпаратты талдау, өңдеу 7. Сыни ойлау 8. Цифрлық сауаттылық 9. Тайм-менеджмент 10. Эмоционалды интеллект |
Осы икемді дағдылар білім алушылардың болашақтағы кәсіби жолында аса қажет дағдалар болып табылады. Сондықтан біз де тарих сабақтарында Hard skills дағдыларының маңыздылығын сақтай отырып, білім алушылардың бойында Soft skills дағдыларын дамыту бағытында жұмыс жасап, сабақтарымызда тиімді әдістерді қолданып жүрміз.
Осы дағдыларды дамытудың жолдарын іздестіре келе, тарих сабақтарындағы жұмыс түрлерін мынадай кешенді дағдыларға біріктірдім:
- «Әлемді зерттеймін» — жүйелі ойлау, сыни ойлау, шынайы қабылдау, әр түрлі деректерден ақпарат алу;
- «Жаңаша жасаймын» — креативті ойлау, проектілеу, шығармашылықпен жұмыс жасау,
- «Мәселелерді шешемін» — күрделі сұрақтарды инновациялық жолмен шешу;
- «Командада жұмыс істеймін» — ынтымақтастықта жұмыс жасау;
- «Мен өзімді және басқаларды түсінемін» -өзін және өзгені барабар қабылдау;
- «Мен өзімді басқарамын» -өзін-өзі реттеу, басқару арқылы мәселені тиімді жолдармен шешу;
Осы аталған кешенді дағдыларды шешуде «RAFT технологиясы», «SWOT әдісі», «Фишбоун» әдісі, «ПОПС» формуласы т.б әдістер білім алушының ынтасы мен қызығушылығын арттырады. Тарих сабақтарында оқушылар осы әдістермен белсенді жұмыс жасайды. «Бағалау сэндвичі», «инсерт», «плюс,минус, қызықты» әдістері арқылы өзін және өзгені бағалайды. Кері байланыс пен рефлексия әдістерін тиімді қолданған жағдайда білім алушы өзіне-өзі есеп беруді үйренеді және оны жалпы өміріне жақсы әдет қылады.
Бұл әдіс-тәсілдер білім алушылардың бойында: 1. Идеяларды ортаға салу, 2. Өз идеясын негізге ала отырып, жоспар құрып, жүзеге асыру, 3. Ақпаратпен бөлісу, 4. Конфликтілерді реттеу; 5. Ынтымақтастықта әрекет ету, 7. Көшбасшылық қабілеттерінің артуы сияқты аса маңызды дағдылардың қалыптасуына әкеледі.
Жоғарыда айтылған жұмыстар жүйелі жүзеге асуы үшін өзімнің іс-тәжірибеме «5 Е» моделін қолдануды енгізіп жүрмін. Бұл бойынша күнделікті сабағымды жоспарлауда осы нұсқаулыққа сүйенемін. Бұл бойынша сабақты негізігі құрылымы осылардын тұруы керек: 1Е –қызықтыру/Engage, 2Е –зерттеу/ Explore, 3 Е – түсіндіру/ Explain, 4 Е –дамыту/ Extend, 5Е – бағалау/ Evalude.
Қорыта айтқанда, Soft skills дағдылары адам бойында бір күнде, бір айда, немесе белгілі бір уақыт шеңберінде қалыптаспайды. Ол адамның өмір жолында, кәсәби жолында жүре қалыптасады. Қазіргі таңда заман әр адамнан осы дағдылардың болуын талап етіп отыр. Адам осы дағдыларды негұрлым ертерек меңгеріп, қарым-қатынаста, қызметте, кәсіпте тиімді қолданатын болса, табысты адамдардың қатары кеңейе түседі. Ал, біз ұстаз ретінде білім алушының бойында осы дағдылардың қалыптасуына мектеп қабырғасында өз сабақтарымызды сапалы жүргізу арқылы ат салыса аламыз!
ӘДЕБИЕТТЕР
- Ермаков Д. С., Амантай Ж.А. Изучение и развитие «гибких» навыков как психолого- педагогическая проблема. Материалы международной научно-практической конференции «образование и психолого-педагогическая наука: системность, преемственность, инновационность», посвященной 110 летию со дня рождения академика Т.Т. Тажибаева – Алматы: Казахский университет, 2020. – с.17-19.
- Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары. Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 15 ақпандағы № 636 Жарлығымен бекітілген. [Электронды ресурс]. https://www.akorda.kz/kz/official_documents/strategies_and_programs
3. «Қазақстан -2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты. [Электронды ресурс]. :https://www.akorda.kz/kz/official_documents/strategies_and_programs