Шаріпқалиева Эльмира Қаныбекқызы
БҚО Орал қаласы № 49 Ақниет бөбекжайы
МКҚК тәрбиешісі
Білім беру саласы: «Қатынас»
Пән: Сөйлемді дамыту
Өтпелі тақырып: «Техника және біз»
Тақырыбы:Техника және біз
Мақсаты:Балаларды қауіпсіздік ережелерін сақтауға тәрбиелеу.
Балалардың техника туралы білімдерін, есте сақтау, елестету қабілетін дамыту. Сөйлеу тілдерін жетілдіру. «Техника» түрлерімен және оның рөлімен таныстыру.
Көрнекі құралдар:тұрмыстық техника суреттері, макет, дидактикалық ойындар.
Әдіс-тәсілдер: көрсету, түсіндіру, ойын технологиясы, сұрақ-жауап, қорытындылау, мадақтау.
Сөздік жұмыс: тұрмыстық техника
Билингвальды компонент: тоңазытқыш – холодильник, тұрмыстық техника – бытовая техника, электр бұйымдары – электротовары, шаңсорғыш – пылесос.
Шаттық шеңбері:
Қол алысып, қәне, біз,
Достасайық бәріміз.
Айтарым бар сендерге,
Тез тұрыңдар шеңберге.
Қандай жақсы бір тұру,
Достарменен бір жүру!
Қандай жақсы дос болу!
Тәрбиеші: Балалар мен сендерге жұмбақтар жасырғым келіп тұр егер менің жұмбақтарымды шешсеңдер ұйымдастырылған оқу қызыметімізде не туралы өтетінімізді білетін боласыңдар!
Шаң-тозаңды сүймейді,
Тазалап оны жүр дейді. (Шаңсорғыш)
Біздің үйде бір зат бар
Сақтайды онда тамақты.
Болсын мейлі күз бен жаз
Іші оның қатты аяз. (тоңазытқыш )
Кино менен концертті,
Үйде қойып беремін,
Жаңалығын бар елдің,
Өз көзіммен көремін. (Теледидар)
Тәрбиеші: Балалар біз бүгін ұйымдастырылған оқу қызыметімізде тұрмыстық техникалар жайында отеміз. Техника бізге не үшін керек және оның атқаратын қызыметімен танысатын боламыз.
Балалар тұрмыстық техника деп үйдегі тоңазытқыш ,теледидар , үтік телефон ,шаңсорғыш кір жуатын машина , сияқты құралдарды біздер техника деп атаймыз.Балалар бізге теледидар ?не үшін керек деп ойлайсыңдар? Теледидар бізге әр түрлі ақпараттарды көру үшін керек. Телефон мен алыстаға жақындарымызбен сөйлесу үшін. Шаңсорғыш үйдегі кілемдерді тазалау үшін қажет ! Үтік бізге киімді әдемі етіп тегістеу үшін қажет. Тоңазытқыш бізге тамақтарымызды сақтау үшін қажет.Кір жуатын машина бізге лас киімдерімізді тазарту үшін қажет
Тәрбиеші: Балалар бұл техникалардың барлығы сіздердің үйлеріңізде барма?
Балалар: Ия
Қауіпсіздік ережелерін түсіндіреді.
- Сулы қолмен токты қосуға немесе ажыратуға болмайды;
- Балаларға ересектерсіз электр токтарын ұстауға болмайды;
- Ересектерсіз тұрмыстық техникаларды қолдануға болмайды.
Қызықты сәт: Топқа Дара келеді жылап үсті лас бүлініп!
Дара: Сәлем менің достарым қалайсыңдар? Мен сендердең ұялып тұрмын сендердің көңілдеріңді көтериіндеп келе жатыр едім лай суға құлап үстімді лас қылып бүлдірдім. Сендердің үстерің қандай тап таза менің үстім лас. (деп Дара мұнайып жылайды)
Тәрбиеші: Дара сен мұнайма сенің көйлегінді жуып тазартуға болады! Сен білесіңбе кір жуатын машинка барын? Ол сенің көйлегінді тазартып жуып береді! Әзірге сен мұнайма біздің балаларымыз саған әдемі көйлектер жасап берсің!
Тәрбиеші: Балалар Дараға әдемі көйлектер жасап беремізбе?
Балалар: Ия
Дара: Жарайды
Тәрбиеші: Ендеше Дараға әдемі көйлектерімізді әдемілеп бизендіріп берик.
Шығармашылық жұмыс: Балаларға әдемі көйлектердің суретін гуаш арқылы қылқаламмен әдемілеп безендіріп беру.
Тәрбиеші: Балалар рахмет сендер Дараға көп әдемі көйлектер жасап бердіңдер енді Дара тап – таза болып жүретін болды. Солай ма Дара?
Дара: Рахмет балалар менің көңілімді көтеріп маған көп әдемі көйлектер жасап бердіңдер! Енді менің көп көйлектерім болатын болды рахмет менің достарым! Мен енді үйіме барып әжеме көп әдемі көйлектерімді көрсетейін.
(Дарамен қоштасып шығарып салады)
Тәрбиеші: Балалар бойымызды сергітіп сергіту жаттығуын жасап жібериік.
Сергіту жаттығуы
Мен қанатты жазамын,
Суға сүңгіп аламын.
Суда жүріп жүземін,
Оң қанатты бір қағып,
Сол қанатты бір қағып.
Балалар сендер білесіңдерме кір жуатын машинкаға барлық киімдерді араластырып салуға болмайтынын!? Себебі оның бояуы шығып барлық киімдердің түстері бір – бірімен араласып кетуі мүмкін!
«Қай техника бізге не үшін керек?» деп аталады.
Ойынның шарты:Берілген техникалардың үстіне өзіне сәйкес заттарды апарып жапсыру!
Мысалы: Холодельникке тамақ!
Қорытындылау: Балалар бүгін біз оқу қызыметімізде не туралы өттік ?
Тұрмыстық техникаларды үлкендердің көмегінсіз қолдануға боламекен?
Балаларды мадақтап қортындылау.