Эльвира Садирмекова
Тарих пәні мқғалімі
№136 мектеп-гимназия
Алматы қаласы
Тоталитарлық жүйеге сәйкес құрылған Кеңес өкіметінің тұсында қазақ елінің тарихы бұрмаланып,мүлде ұлттық қалпын жоғалтып,шалпы-шарпы түрде оқытылады.Орыс гегемониясының ықпалы оқыту жүйесінің өне бойында аңқып тұрды.Бұл жүйеде өмір сүрген жылдары халқымыз тілін,діні мен ділін,тарихын жоғалтып,мәңгүртке айнала жаздады.Ал еліміз тәуелсіздік алғалы бері Қазақстан тарихына айрықша көңіл бөліне бастады,ел бастаған көсемдерімізбен,қол бастаған батырларымызбен танысуға мүмкіншілік алдық.Қоғам келешегі-бала екенін ескерсек,оларды елінің патриоты етіп тәрбиелеу міндеті тұр.
Осы мақсатты жүзеге асыруда тарих пәні мұғалімдерінің алдында үлкен жауапкершілік тұр.Сондықтан да тарих сабағында мұғалім тек оқулық шеңберінде ғана әңгіме қозғап,баладан соны ғана талап етпей,сабақтың дамытушылық және тәрбиелік мақсаттарын орындауда қосымша әдебиеттерді,баспасөз материалдарын пайдаланса,сабақ нәтижелі болуы тиіс.
Мұғалім сабақты өтпестен бұрын алдын ала даярлық жұмыстарын жүргізгені жөн.Мысалы «Аңырақай шайқасы»тақырыбын өту үшін мұғалім төмендегі даярлық шараларын атқарады:
1)шайқастың болған жеріне географиялық шолу жасау;
2)шайқасты басқарған қолбасы туралы деректер жинау;
3)жеңіске жетуге үлес қосқан батырлар туралы деректер жинау;
4)шайқас туралы салынған суре көшірмесін табу.
Енді қосымша әдебиетпне жұмыс істеу жолдарына тоқталайық.Тақырыпты өтпес бұрын мұғалім жеке-жеке шәкірттеріне қолбасшы,батырлар туралы басылған мақалалар,әдеби кітаптар жинастыруға тапсырма береді де,оған өзі басшылық жасайды.Бір оқушы газеттегі мақаланы тапса,екіншісі әдеби кітапты,үшіншісі сол батырлардың суретін табады.Бір оқушы шайқас өткен жерге географиялық талдау жасаса,екіншісі шайқас туралы суреттерді жинастырады.
Олар сол материалдарды жинастырып қана қоймай 2-3 минуттық хабарлама даярлайды,сабақ соңынан көрме ұйымдастырады.Бұл жерде оқушы білім алушы ғана емес,тақырыпты зерттеушіге айналады және мақалалар мен көркем әдебиетті оқу арқылы өзінің дүниетанымының ауқымын кеңейтеді.Оқушылардың еліне,бабаларына деген сүйіспеншілік сезімі оянып,патриотизмі қалыптасады.
Алдын ала осындай материалдарды жинастырып өткізген сабақ нәтижелі болып,оқушыны талпынысқа ұмтылдырады.
Қазіргі кезде заман талабына сай әр сабаққа қойылатын талаптар күшейіп,күрделене түсуде.Соны ескеріп,нәтижеге қол жеткізуде сабақ әдістерінің бірі-кітаппен,қосымша әдебиетпен жұмыс әдісін жиі қолдансақ,баланың сабақ түсінуі,меңгеруі жеңілдей түспек.
Төменде «Қазақстан тарихы»пәнінен «Сталинизмнің орнығуы.Жазалау шаралары.Халық қасіреті»тақырыбы бойынша пайдаланатын әдебиеттер мен баспасөз материалдарының тізімін ұсынып отырмыз.Мұның тарихшы ұстаздарға тигізер көмегі көп болмақ.Қосымша әдебиет-қомақты білім.
Сабақ барысында сынып оқушыларының дайындап келген қосымша әдебиеттері мен баспасөз материалдарының тізімі:
1.Бейбіт Қойшыбаев.Жазықсыз жапа шеккендер.А.,»Қазақстан»,1990 ж.
2.Ласло Белади,Тамаш Краус «Сталин.Диктатура Сталина,взгляд сверху» М.,1989 ж.
3.А.Тасымбеков «Жан дауысы» А.,» «Жалын»баспасы 1994 ж.
4.Т.Садықұлы «Азап лагеріндегі арпалыс» «Қазақ тарихы» журналы №3,1998 ж.
- «Адамның қаны судай аққан жер». «Жас алаш»,1997 ж.31 мамыр
- «Нәубет»А., «Жалын»1990 ж.
- «Қызылдар қырғыны» А., «Өнер»,1993 ж.
- «Қызыл қырғын 37-де опат болғандар.А., «Қазақстан»,1994 ж.
9.М.Х.Асылбеков,А.Б.Галиев «Социально-демографические процессы в Казахстане» (1917-1980 ж.ж.)