Home » Балабақша » Балабақшада заманауи әдістерді қолданудың ерекшеліктері

Балабақшада заманауи әдістерді қолданудың ерекшеліктері


Иманбаева Гулайым Амановна
Қарағанды қаласы
“Бақыт” бөбекжайы КМҚК
тәрбиеші
педагог-модератор

Балабақшада заманауи әдістерді қолданудың ерекшеліктері

Өркениетті қоғамның индустриалды-инновациялық мүмкіндіктері артқан сайын білім беру саласының өзгеруі заңды құбылыс. Ақпараттық қызметтердің күн сайын өміріміздің маңызды бөлігіне айналуы адамға көптеген жаңа мүмкіндіктерді игеруге негіз болады. Атап айтқанда, цифрлы қоғам құру тенденциясы адамның көптеген қызметтерін алмастыра алады.

Мемлекеттің экономикалық, саяси, мәдени көрсеткіштері ақпараттың жедел, қарқынды даму үдерісімен тығыз байланысты. Сондықтан да білім саласында оқытудың жаңа ақпараттық технологияларын меңгерген педагогтың болуы заңдылық.

Әлемнің көптеген дамыған елдерінде қалыптасқан дәстүрлі білім беру жүйесін түбегейлі реформалау қажеттілігі туындады. Бұл, өз кезегінде заманауи қоғамның сұраныстарын қанағаттандырмайтыны, жаңа заманның шарттарына сәйкес келмейтіндігі,  қоғам дамуына кедергі болатындығы айқындалды. Сондықтан да барлық саланы жаңартудың әдістері мен инновациясын ойлап табу қажет болды.

Ол негізінен білім беру саласында жаңаша ойлайтын, ақпараттық технологияларды меңгерген, инновациялық үрдістерге ілесетін, заманауи шешім қабылдайтын, жаңа тұрпатты педагогты қажет етумен тығыз байланысты.

Себебі, әлемдік білім беру кеңістігіне ұмтылыстар, қоғам дамуындағы қалыптасып отырған жаңа жағдайлар, тыңнан туындаған мәселелер, өзгеріп жатқан өмірге бейімделу қажеттігін туындатып отыр. Жаңа реформалардың пайда болуы жаңа әдістерді  және оқу үдерісін ұйымдастырудың тиімді технологияларын іздестіруді талап етеді.

Көптеген постиндустриалды қоғам ақпараттық технологияларды қолданудың стратегиялық тактикасын ойластырған. Ал біздің еліміздің еліміз үшін әрине бұл жаңа бағыт.

Бұл стратегия әлем елдерінінің экономикалық дамуымен тығыз байланысты. Себебі, көптеген әлем елдері білім саласын модернизациялауға негізделген инвестиция көзін дамытудың  жасыл экономикасына көшті. Осындай жағдайлар білім әлеуетін  өзгертуге өз септігін тигізуде. Сондықтан да білім беру үрдісінде инновациялық әдістер мен технологияларды қолдану өзекті мәселенің біріне айналды.

Ақпараттық технологиялардың тарихи генезисіне назар аударатын болсақ, алғаш рет Америка елінде пайда болды.

Ақпараттық технологияларды әртүрлі аспектіде қарастырды. Ақпараттық технологияларды қолданудың педагогикалық шарттары, технологиялық мүмкіндіктері, цифрлық орта құру сияқты маңызды проблемалар зерттеу бағыттарын одан әрі дамытты. Ақпараттық технологияларды топтастыру проблемасы бойынша зерттеу жұмысын  арнаған Рессей ғалымы  И.С.Глушковты айтуға болады.

Ол ақпараттық технология ұғымын ғылыми айналымға енгізе отырып,  «ақпараттық технология-ақпарат өңдеумен байланысты ұғым» — деп дәлелдеген.  Ақпараттық технологиялар арқылы біз ақпарат алмасамыз, талдаймыз, сұрыптаймыз.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргі адамзаттың жағдайы инновациялық технологиялардың дамуымен тығыз байланысты  екенін айта келе, білім беру үрдісінде жаңа технологиялардың мүмкіндіктерін арттыруды тапсырды. Бұл міндеттер экс- министр А.Аймағамбетовтің баяндамаларында жалғасын тапты.

Цифрлық және инновациялық технологиялардың шарықтау шегі  Электронды Үкімет порталын, виртуалды электронды жүйелерді, виртуалды кітапханалар мен лабораторияларды дамытты. Цифрлы технологиялардың ауқымы кеңейді. Соның нәтижесінде жастар  қолжетімді ақпараттарды қабылдап, сұрыптауды үйренді. Заманауи технологиялар негізгі  тренд болып табылады.

Соның бірі бала-бақшаның оқу -тәрбие үдерісінде қолдану. Бала-бақша баланың алғашқы танымын қалыптастыратын әлеуметтік институт болып табылады. Бала ақпараттық технологияның алғашқы негіздерін осы білім беру ортасында меңгереді және соған бейімделеді. Бала-бақшада цифрлық, ақпараттық ортаны қалыптастыру тек тәрбиешінің міндеті ғана емес, сонымен қатар психологтің де қызметі. Психолог өзінің қызметі барысында әртүрлі технологияларды қолданады.

Инновациялық технологиялардың бірі-SMART. Ақылды технология, ақылды оқыту, ақылды техника-деп атаса да болады. SMART- технологияның негізі Америка, Англия, Корея сияқты дамыған мемлекеттерде пайда болды. Ол ағылшын тіліне аударғанда «ақылды» деген ұғымды білдіреді. SMART технология – бұл барлық ақпаратты жинақтауға, қолайлы жұмыс мерзімдерін белгілеуге, ресурстардың жеткіліктілігін анықтауға мүмкіндік беретін заманауи тәсіл. Оның көмегімен көптеген проблемалардың алдын алып, өмір сүру деңгейін біршама жақсартуға болады. Ақпараттар легі артқан сайын кез келген қызмет түріне де сұраныс артады. Сұраныстарды қанағаттандыру үшін әрдайым стартап бағдарламалар қажет. Ал ол өз кезегінде смарт теxнологиялардың көмегімен жүзеге асырылады.

Smart оқыту ортасын қалыптастыруда назар аударатын бірқатар ұғымдар бар. Ең алдымен, Smart learning – ақылды оқыту, кибер білім алу – онлайн тәртібінде білім алу түрі, контент – ақпараттық ресурсты немесе веб-сайтты кез келген маңызды мазмұнмен толықтыру.

Е-learning – бұл оқу үрдісін ұйымдастырудағы халықаралық стандарттар мен принциптерін қолдайтын, барлық заманауи талаптарға сәйкес келетін, электронды және қашықтықтан оқыту. Оқытудың аталмыш жүйесі білім беру саласын түбегейлі өзгертеді. Ақпараттық технологиялардың арқасында сабақ беру әдісі жаңаланып, білім беру үрдісіне қатысушылардың міндеті өзгереді. Электронды оқыту жүйесі педагог пен білім алушыға жаңа бағытты үйретеді. E-learning білім беру жүйесінің мазмұны – сандық технологияларды, құрылғылар мен бағдарламаларды пайдаланудың әр түрлі тәсілдерін қолдана отырып, студенттердің танымдық құзыретін қалыптастыруды көздейді.

Plickers – статистикалық жұмыс жасау үрдісін жеңілдетіп, білім алушылардың жауабын лезде бағалап беретін қосымша. Бағдарлама өте қарапайым технологиямен жасалған. Қолдану барысында қиындық туғызбайды. Негізгі құрылымдары: мобильді қосымша, QR-код. Бұл – студенттермен кері байланыс жасауда онлайн тестілеу жүйесі бағдарламасының бір түрі. Plickers-тің тиімділігі сонда – ол оқу үрдісін өзгертпейді. Тек студенттерді қызықтыратын бағалаудың өзгеше тәсілі ретінде ғана қолданылады. Бұл қосымшаны қолдану үшін компьютерлік сынып немесе басқа да техника қажет емес, тек қана мұғалімнің ұялы телефоны қажет. Сонымен қатар, студенттердің өзіне де қызықты, себебі сабақта бір жағынан білімді тексеру жүргізілсе, екінші жағынан жақсы көрсеткішке жету үшін өзара бәсекелестік пайда болады.

Бұл технологияның ерекшелігі – мұнда QR-кодтардың қолданылуы. Біз кез келген жарнамалардағы QR-кодтарды қосымша ақпарат алу үшін арнайы бір сайтқа сілтеме жасайтынын білеміз. Алайда бұл QR-кодтардың жалғыз қолданысы ғана емес. Бұны Plickers қосымшасының бір элементі ретінде де көре аламыз. Сабақ барысында оқытушының ұялы телефоны білім алушылардың карточкаларындағы QR-кодтарды оқу үшін пайдаланылады. Олар сабақ үстінде телефонды пайдалану маңызды емес, әр балаға жеке карточка болады, яғни педагог-психолог алдын-ала QR-коды бар қағаздарды таратып береді.

wordwall технологиясы арқылы педагогтер жаңа сабақты құрастырады. Білім беру процесінің негізгі міндеттерінің бірін шешуге көмектесетін оқу ресурсы ретінде  оқушылардың ынтасын арттыруға мүмкіндік береді. Осы ресурстың көмегімен әр баланың мүмкіндіктерін ескере отырып, интерактивті немесе баспа жаттығуларын құру арқылы оқытуды саралау мен дараландыруды ұйымдастыруға болады. Әртүрлі тапсырмаларды құрастыру арқылы мұғалім өзінің сабағын қызықты өткізеді. Викториналық сұрақтар, тест тапсырмалары, сәйкестендіру жаттығулары, ментальды карта, интеллект карта құрастыру т.б. тапсырмалар жасау арқылы білім алушының ізденуін, оқуға деген мотивациясын жетілдіреді.  Сонымен қатар wordwall арқылы интерактивті ойындар өткізуге болады. Оқу тапсырмасын жасау үшін өз контентін таңдау қажет, содан кейін тапсырманы енгізу қажет.

Арттерапия технологиясын  британ дәрігері Анриан Хилл өзінің тәжірибесінде қолданған. Бұл әдіс Еуропа елдерінде медицина саласында жиі пайдаланылған. Баланың шығармашылық дағдысын дамыту барысында қолданылады. Арт-терапия – бұл өнер мен шығармашылыққа негізделген психотерапиялық және психологиялық түзету түрі. Өнермен емдеу деген мағынаны береді.

ХХІ ғасырдағы білім беру стратегиясын жүзеге асыру негізінде, «Ғұмыр бойы оқып үйрену» қағидасын ұстана отырып, цифрлық білімнің заман талабы екендігін ескеріп, ақпараттандыру ғасырынан қалыс қалмай, өз білім, білік, дағдымызды қалыптастырып, бәсекеге қабілетті маман болуға барынша жағдай жасауымыз керек.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.