2015 жылы Ақмола облысы Целиноград ауданы Қабанбай батыр ауылы жалпы орта білім беретін мектебінде мұғалімдер ұжымынан «Ай-Ару» хоры құрылды. Ұжымның жетекшісі Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әнші, сазгер Амантай Жұмашұлы.
Ұжым құрамында енді еңбек жолын бастаған жас маманнан бастап, зейнет жасына жақындаған ұстаздар бар. Мектеп директоры да өз ұжымымен осы хордың құрамында. 2015 жылдан «Ай-Ару» өз қоржынына көптеген әндер жинақтады. «Ай-Ару» хоры ұстаздардың өнерге деген құлшыныстарының, жүйелі дайындықтарының нәтижесінде аудандық, облыстық байқауларда жүлделі орындарға ие болды.
Ұлттығымызды ұлықтар шақта қаймағы бұзылмаған қазақылығымызды құрметтеуден, өнерін дәріптеуден еш тайынбаған елміз. Ұстаздар қауымы балаға білім мен тәрбие ғана беріп қоймай, еліміздің мәдениетінің дамуына үлкен үлес қосуда. Амантай ағаның кәсіби шеберлігі мен ұстаздардың қажырлы еңбегінің нәтижесі «Ай-Ару» қазақ хоры атанды.
Қабанбай батыр ауылының
ЖОББМ мұғалімдері