Home » Айтарым бар » Балалар арасында семіздіктің алдын алу

Балалар арасында семіздіктің алдын алу

Балалар арасында семіздіктің алдын алу

Семіздік бүкіл әлемде күрделі мәселеге айналды. Бұл жағдайдың балалар арасында таралуы ерекше алаңдатушылық туғызады. Артық салмағы бар баланың ересек жасында да денсаулығына қатысты бірнеше ауруы болуы да дәлелденіп келеді. Балалар мен жасөспірімдер арасында семіздіктің таралуы олардың генетикалық табиғатынан (мысалы, лептиннің жетіспеушілігі) және медициналық себептерден (гипотиреоз, өсу гормонының жетіспеушілігі, дәрілік препараттардың жанама әсері) қоршаған орта факторлары, дұрыс емес өмір салты және мәдени орта әсерінен болады.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) сарапшыларының дерегі бойынша Қазақстанда кәмелетке толмағандардың 29%-ы семіздікке шалдыққан. Сонымен қатар бұл мәселенің ұлдар арасында таралуы қыздарға қарағанда жоғары болып келеді. Ауылдық жерлердегі балалармен салыстырғанда қалада тұратын балалар арасында семіздікке шалдыққандары анағұрлым көп болғаны байқалады. Бұл артық тамақтанумен бірге, аз қозғалысты өмір салты семіздіктің себептерінің бірі болып табылатынын көрсетеді. Көп жағдайда семіздіктің себебі дұрыс емес өмір салтында, төмен физикалық белсенділікте және дұрыс тамақтанбауда/артық тамақтануда жатыр.

Бұл мәселеде балалардың өмірінде интернет пен гаджеттердің де рөлі бар. Балалар компьютер, теледидар алдында, қолдарында смартфондармен ұзақ уақыт қимылсыз отырумен қатар, зиянды өнімдердің агрессивті жарнамасына да ұшырайды.


Балалар мен жасөспірімдерге фаст-фуд, кондитерлік өнімдер мен тәтті газдалған сусындардың коммерциялық жарнамалары қатты әсер етеді. Қайта өңделген жоғары калориялы тағамдардың бұл санаты құрамында қант, тұз және май көп, сонымен қатар биологиялық құндылығы өте төмен, өйткені өңдеу барысында олар баланың денесінің қалыпты өсуі мен дамуы үшін өте қажет дәрумендер, тағамдық талшықтар мен басқа да пайдалы биологиялық белсенді заттар құрамында болмайды.

Семіздіктің алдын алудың негізгі шаралары: ата-ананың міндеті – бала үшін ерте жастан бастап дұрыс тамақтану мен физикалық белсенділік тәртібін ұйымдастыру.

  • тұтынылатын қант мөлшерін азайту арқылы рационның калориясын шектеу (тәтті, кондитерлік өнімдер, газдалған тәтті сусындарды тұтынбау, бала кезінен су ішуге үйрету);
  • фаст-фуд, шұжық, консервілерді шектеу;
  • рационға майсыз ет, балық, табиғи сүт өнімдерін қосу;
  • жемістер мен көкөністер, бұршақтар, тұтас дәнді және жаңғақтарды көбірек тұтыну.
  • жемістер, көкөністер мен су әрдайым балалардың көз алдында болуы керек!
  • теледидар, компьютер, смартфон немесе басқа гаджеттердің алдында тамақ ішуге рұқсат бермеу керек!
  • тағам мөлшерін азайту қажет (кішірек табақшаларды пайдалану).
  • Нәрестелермен дене шынықтыру, гимнастика жасап, бассейнге баруға болады(бассейнге 3-4 айдан бастап баруға болады);
  • Мүмкіндігінше таза ауада көбірек серуендеңіз;
  • Балалармен бірге таза ауада ойындар ойнаңыз;
  • Баланы мектепке дейінгі жастан бастап спорт секциясына(балаға ұнайтын спорт түріне) беріңіз;
  • Күнделікті дене белсенділігінің уақыты кемінде бір сағатболуы керек;
  • экран алдындағы (компьютер, теледидар) уақытты күніне екі сағаттан аспайтынетіп шектеңіз;
  • Балалардың ұйқы режимін қатаң сақтаңыз!Артық салмақ балалар мен ересектерде ұйқының жеткіліксіздігімен байланысты екендігі дәлелденген. Орташа алғанда, балалар кем дегенде 9 сағат ұйықтауы керек.

Есіңізде болсын! Ата-аналар өз балаларына салауатты өмір салтын ұстанудың үлгісі болуы керек! Бүкіл отбасы үшін салауатты өмір салтын ұйымдастыра отырып, өзіңіздің және балаларыңыздың денсаулығында қауіпті мәселелердің пайда болуының алдын аласыз.

Алатау ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Толқынбеков  М.М.

Алатау ауданының санитариялық-гигиеналық  бақылау және қадағалау, техникалық регламенттерді бақылау бөлімінің жетекші маманы Бұланбай А.Ж.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.