Алатау ауданы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау
басқармасының басшысы Толқынбеков Мақсат Мырзабекович
Алатау ауданы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау
басқармасының СГБ ж/е ҚТРБ бөлімінің
жет. маман: Сариева Умит Сериковна
Жазғы шомылу орындардан жұғатын аурулар!
Жазғы шомылу орындардан жұғатын аурулар! Жаздың жайдарлы күндерінде сергудің бір жолы – шомылу. Шомылу – денсаулыққа өте пайдалы. Дегенмен көпшілікке арналған демалыс орындарында жұқпалы аурулардан сақ болғаныңыз жөн.
Спорттық-сауықтыру хауыздарында су алмастырудың рециркуляциялық жүйесі, шағын хауыздарда (ванна көлемі 70 м аспаса) судың толассыз ағысы қолданылады. Рециркуляциялық ауыстыру жағдайында хауыз жұмысының әрбір 8 сағатқа есептегенде кемінде 10 пайыз (бұдан әрі — %) су құбырының таза суын үздіксіз қоса отырып, су тазаланады және зарарсыздандырылады. Реагенттер, сумен жанасатын материалдар сапасы мен қауіпсіздігі жөніндегі құжаттары болғанда қолданылады.
Демалыс орындарына барғанда гигиеналық тазалықты қаншалықты сақтайтынына көз жеткізіңіз. Сонымен шомылатын орындардан қандай ауру түрлерін жұқтыру қаупі барын атап кететін болсақ;
1) Түрлі тері ауруларын жұқтырып алуыңыз мүмкін.
2) Дерматомикоз ауруын жұқтырып алуыңыз мүмкін
3) — «А» гепатиті де көбіне шомылу орындарынан жұғады.
4) Герпес – көздің шырышты қабығының ауруы да көпшілік шомылатын орындардан жұғады.
5) Тұмау және ОРЗ аурулары жұғады.
6) Лямблиоз – паразитті жұқпалы ауруының вирусы да су арқылы жылдам таралады.
7) Жыныстық жолдар арқылы берілетін (ЗППП) ауруларды жұқтыру қаупі бар. Олар – уретрит, пиелонефрит, цистит т.б. аурулар болуы мүмкін.
Шомылатын орындардан ауру жұқтырмас үшін — шыққаннан кейін ыстық душ қабылдап, жақсылап тазаланып жуыну керек. Арнайы майларды пайдалану керек. Денеңізде жарақат болған жағдайда шомылатын орындарға бармағаныңыз абзал. Ондай жағдайда жарақатыңыз асқынып кетуі мүмкін. Сондай-ақ 2 — жасқа толмаған баланы бассейнге түсірмеу керек. Себебі хлорланған су сәбидің терісіне кері әсерін тигізіп, тыныс алу жолдарының қабынбалы ауруларына, демікпе дертіне шалдықтыруы мүмкін екен.
Айта кететін жайт, өзендер мен көлдерде, тоғандарда, тоқтау сулар мен шалшық суларда шомылудың қауіпі мол, себебі инфекциялық аурулардың қоздырғыштары ағын суда: Іш-сүзегі 183 тәулік, дезентерия 12-92, оба 4-92, туляремия 7-31, бруцеллез 4-45 тәулікке дейін өмір сүретінін ескертеміз.