Home » Айтарым бар » Жазғы алаң – жақсы демалыс кепілі

Жазғы алаң – жақсы демалыс кепілі



Бақытжан Зарина Бақытжанқызы,
Іле аудандық білім бөлімінің әдіскері


Жазғы алаң – жақсы демалыс кепілі

«Бала – болашағымыз» дегенді жиі қайталаймыз. Расында, баланың қуанышы адам жанына жақсы әсер етіп, жағымды көңіл күй сыйлайды. Ұлы ақын Абай Құнанбаев «Ата-анаға көз қуаныш, алдына алған еркесі» деп, баланың адам өміріндегі маңызын жырлаған. Баланың бақытты болуы ата-анасына ғана емес, барша адамзатқа ортақ болуы қажет деген ойдамын. Балалары бақытты елдің болашағы жарқын. Бала көңіл күйінің әр кез көтеріңкі болуы, қуанышты әрі бақытты болуына Мемлекетіміз де үлкен үлесін қосады. Әр жыл сайын жер-жерде балалардың жазғы демалысын көңілді өткізу мақсатында түрлі іс-шаралар ұйымдастырылуда. Соның бірі – Алматы облысы Іле аудандық Білім бөлімінің ұйымдастыруымен өткізіліп жатқан іс-шаралар.

Іле ауданына қарасты білім беру мекемелерінде «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» 2002 жылғы 8 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, балалардың тұлғалық, әлеуметтік шығармашылық дамуы және каникул кезіндегі құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында жаз уақытында балалар мен жасөспірімдердің демалысы мен сауықтырылуы, жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету үшін жазғы мектепішілік алаңдар жұмыс істеді. 10-21 маусым аралығында  аудан бойынша 45 мектеп жанындағы алаң жұмыс жасап, оған 22416 бала қамтылды.

Мектеп жанынан ашылған осынау жазғы алаңдар аудан оқушыларына тамаша жағымды көңіл күй сыйлады. 22 мыңнан астам бала маусым айын қызықты өткізгеніне қарап, көңіліңді қуаныш билейді. Жазғы алаңдарда өткізілген әр сәт бала жүрегінде әдемі естелік болып қалары анық. Түрлі бағытта жүргізілген жазғы алаңда көгалдандыру бағыты, құрылыс бригадасы, туристік жорықтар, үйірме жұмыстары, дебаттық клубтар сынды түрлі бағыттар жұмыс істеді.

Оқушылар жазғы демалыста демалумен қатар, еңбек етіп те үйренді. Атап айтсақ, көгалдандыру бригадасына аудан бойынша 7211 бала қамтылды. Осы оқушылардың жерді көгалдандыру тәсілдерін үйренгеніне, сол арқылы табиғат ананы қастерлеп өсетін тұлға болып қалыптасарына сенімім кәміл.

Құрылыс бригадасына аудан бойынша 5325 бала қамтылды.

Құрылыстың қыр-сырын әр балаға алаң жетекшілері жанын сала үйреткені кәміл. Құрылысқа қажетті түрлі материалды мектеп кезінен меңгере білу балаға оқушыларды болашақта өмір сүруге бейім, заманның кез келген талабына ілесе алатын адам етіп тәрбиелері анық.

Туристік жорықтарға 7006 бала, үйірме жұмыстарына 453 бала қамтылды. Ал дебаттық клубтарға 985 бала тартылды. Осы бағыттың барлығы да баланың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға, қызықты өткізуге, танымының кеңеюіне арналды. Алаң жетекшілері әр оқушыға баса назар аударып отырды. Нәтижесінде жаздың алғашқы айы балалар үшін қызықты өтті деген ойдамыз.

Жаз уақыты тек күнделікті алаң жұмысымен шектелген жоқ. Іле аудандық білім бөлімі «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры «QH Жаздық Жолдама» қайырымдылық жоба аясында тегін лагерьлерге де оқушылар жіберіп отырды. Атап айтсақ, «Баксы» лагеріне 100 бала барып қайтса, «Достар кэмп» лагеріне 20 бала барды. Балалар жазғы демалыстарын қызықты өткізді. Жаңа достар табу балаға ұмытылмас қуаныш сыйлары анық. Бір оқушының болсын жүзіне қуаныш ұялату – біздің мақсатымыздың орындалғаны болмақ.

Аудан бойынша ата-ана демеушілігімен 453 бала еліміздің демалыс орындары мен шет мемлекеттерге барып, жазғы демалысын қызықты өткізіп қайтты. 3 бала Италия мемлекетіне саяхаттап қайтса, Грузияға 5, Түркия мемлекетіне 266, Тайландқа 89, Египетке 81 бала ата-анасымен бірге демалып қайтты. Ал өз еліміздің демалыс орындары «Бурабай» демалыс орнына 7, «Шоғансай» сауықтыру орталығына 2 бала барып қайтты. Бұл да балалардың танымын айтарлықтай кеңейтеріне сеніміміз зор.

Ал демеушілер есебінен 118 бала түрлі лагерьлерде жазғы демалысын қызықты өткізіп қайтты. Бала көңілін көтеруге, жазғы демалысын қызықты өткізуге атсалысқан әр демеушіге алғыс білдіреміз. Атап айтсақ, «Горный» лагеріне 6, «Тау Жанашар» лагеріне 66, «Футбольные каникулы» лагеріне 17, «Романтик» лагеріне 2, «Көлсай» лагеріне 1, «Bilimstar» 4, «Енлык» 1, «Арман ауыл» 6, «Ой-қарағай» 1, «Романтик» 1, «Ақбұлақ» 1, «Футбол Камп» лагеріне 12 бала демалып қайтты. 76 жетім, ААҚҚ бала, 185 халықаралық зияткерлік байқаулар жеңімпаздары, 120 халықаралық спорттық жетістігі бар балалар, 120 халықаралық шығармашылық байқаулардың жеңімпаздары, 150 өзін-өзі басқару ұйымының көшбасшы балалары, 1 АП ЮПТ-ның есебіндегі бала, 64 мектепішілік есептегі бала, 23 сәтсіз отбасының балаларының барлығының жазғы қызықты лагерьлермен қамтамасыз етілгенін ескерсек, маусым айы бекер өтпегеніне көзіміз жете түседі. Мектеп жанындағы жазғы алаңдар 21 маусым күні қорытындыланды. Алдағы уақытта басқа ауысымдар өз жұмысын жалғастыратын болады. Ауданымызға қарасты әр білім беру мекемесі бала қуанышы үшін барын салатынына сеніміміз зор.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.