Home » Мақалалар » Бала тәрбиелеу бір өнер

Бала тәрбиелеу бір өнер

Тунгышбек Еркежан,
Астана қаласы әкімдігінің
№41 «Балдырған» балабақшасы

Тәрбие жүйесінде «дарынды» және «қиын бала» ұғымдары қалыптасты. Зерттеп қарасаң екеуінде де қабілет жоғары, бірақ  өмірдегі көзқарас пен өмір жайлы ұғымдары екі бөлек. Адамға берілген өмірдің  мәнін ашып түсіндіре алмағандықтан, әлеуметтік мәселелер мен көңіл- күйді басты рөлге айналдырып жібердік. Баланың көңіл-күйі көтеріңкі болса жақсы жетіледі деп, аз уақыттық  шаттыққа баулимыз. Әлеуметтік жағдайы жақсы болса оқуға ынталы болады деп,  көмек  берген боламыз. Ол неше күндік қуаныш пен жұбаныш екеніне мән бермейміз. Бұлар тек қалталы азаматтарды жомарттыққа тәрбиелер, ал бала тәрбиесі мен білімділік  деңгейін шешуіне әсері аз. Біз ағарту саласындағы тәрбиенің  өз мәнін толық ашып түсіндіру үшін : «бала санасына қозғаушы күш беретін, жүрегіне  орнықты сабыр беретін- рухани қуатты» беруіміз керек. Яғни, оқушыларға «Адам не үшін өмірге келеді? Не үшін өмір сүреді?  Не үшін өмірден өтеді?

Отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы алтын ұясы. Баланың тәрбиелі болып өсуіне отбасы мен өскен ортасының тигізетін әсері мол. Бала тәрбиесі ұлт таңдамайды, тәрбие барлық ұлтқа қызмет етеді. Алайда, әр елдің бала тәрбиелеу ісі бір-біріне ұқсай бермейді. Әр ұлттың тәрбие беруі әрқилы болса да, бала атаулының бәріне бірдей туған отбасы, ұядай жылы үй, ата-анасының қамқорлығы мен сүйіспеншілігі қажет. Бала тәрбиесiндегi әр елдiң өзiндiк ерекшелiктерiн оқытатын ғылым бар.

Бала – өмірдің жалғасы. Балаға өнер үйретіп, кәсіпке баулу, тиянақты білім беру, абзал азамат етіп тәрбиелеу – адамзаттың басты міндеті. Жанұяның жемісі, берер гүлі, алтын тіреуі – бала. Осы ойды халқымыз «Бесіксіз үйде береке жоқ» деп түйіндеген. Баланы өмірдің жалғасы, мәні мен сәні деп бағалаған халқымыз ежелден жанұяда баланың көп болуын қалаған. Ата-бабаларымыздың «Бір баласы бардың шығар-шықпас жаны бар, көп баласы бардың үйінде жанған шамы бар», «Балалы үй – базар, баласыз үй – мазар», «Бала – адамның бауыр еті» сияқты пайымдауларында терең мағына болса, «Ата өліп, бала қалса, мұратына жеткені, бала өліп, ата қалса, арманда кеткені», «Артында қызы бардың көзі бар, ұлы бардың өзі бар» деген секілді тұжырымдауларда сан ғасырлық тірліктің тұнбасы берілген ғой.

Ұрпақты ұлттың жалғасы деп қараған қазақ халқы өзге жұрттан ұрпақ тәрбиесіне деген ынта-ықыласы мен ниеті арқылы озық тұр. Алаштың ақиық ақыны Мағжан Жұмабаев «Жас бала – жас шыбық. Жас күнінде қалай иіп тастасаң, солай өседі» дейді. Иә, атам қазақ сәбиін бесік жырымен жұбатып, әнмен әлдилеп, ертегімен елітіп, жыр-дастанмен құлақ құрышын қандырған. Ел қорғаған батырды, сал-сері мен ақынды өнеге еткен. Міне, осындай мейірім мен даналықты бойына сіңірген қазақтың қай ұрпағы болмасын ұлттық намысты жоғары қоятын, көргенді, көпшіл болып өскен. Бұл мәселе, яғни ұрпақ тәрбиесі қай кезде де күн тәртібінен түспеуі тиіс. Себебі ұлт келешегі сапалы, саналы тәрбиеде жатыр.

Балаға бір күн ғана назар аударған жеткіліксіз. Оның болашағының жарқын болуы үшін өмір бойы ізденген абзал. Дүрбелеңге толы дүниеде болып жатқан көптеген келеңсіз оқиғалардың бел ортасында жазықсыз, бейкүнә сәбилер жапа шегіп жатады. Әрбір бала бақытты балалық шақты сезініп өссе екен…

13 комментариев

  1. Өте мағыналы жазылған👍🏻

  2. Жанерке

    Жұмысыңның жемісін көр.💐

  3. Молодец😍👍🏻👍🏻👍🏻

  4. Молодец😍👍🏻👍🏻👍🏻

  5. Биликти маман👍🏻

  6. Күмісац

    Керемет😍😍😍

  7. Күшті апай👏👏👏 сіз сияқты мамандар көп болғай

  8. Гульмира

    Өте білікті мұғалім😍🔥

  9. Нурсултан

    Күшті мұғалім 😍😍😍

  10. Еркежан еңбегіннің жемісін көр 😘

  11. Ұлжалғас

    Еркежан апай өте жақсы білікті апай👍🏻
    Еңбегіңіз жана берсін

  12. Еркежан керемет жасыпсың,жарайсың👍🏻😘💐

  13. Тәрбиелік мәні бар, жақсы басылым. Рахмет, Сізге!

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.