Home » Мақалалар » Дидактикалық ойынның бала дамуындағы маңызы  

Дидактикалық ойынның бала дамуындағы маңызы  

Мейрамова Талшын Сарсенкелдиевна,
Астана қаласы әкімдігінің
№ 76 «Әдемі» балабақшасының тәрбиешісі

     Бұл ойын балалардың ақыл-ойына күш түсіретін міңдеттерді, қызықты тапсырмаларды қиындықсыз орындауға мүмкіндік береді. Дидактикалық ойын бүлдіршіндердің танымын қалыптастырып, ой-санасын дамытады, зейінің тұрақтандырады. Есте сақтау қабілетін оятып, іс-әрекет қимылдарын дамытады. Ойын үстінде баланың тілі, сөздік қоры дамып жетіледі.
Мектеп жасына дейінгі балалардың ой-санасын ойын ойнау арқылы қалыптастыра отырып, білімдерін арттыру керек. Дидактикалық ойындардың негізгі мақсаты – балаларға білім-білік, іскерлік әдет-дағдыларын игерту мен оны бекітуге, ақыл-ой қабілеттерін дамытуға ықпал етеді.
Педагогикалық үрдісте дидактикалық ойындар екі бағытта болады. Ол біріншіден, оқыту әдісі болса, екіншіден, дербес ойын әрекеті болып табылады. Бірінші бағыт бойынша баланы айналамен, табиғатпен таныстыру, тілін дамыту, қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру. Дидактикалық ойынның мазмұны мен ережесі нақты бағдарламалық талаптарға сәйкес оқу-тәрбие міндеттеріне бағындырылады. Ойынды таңдау және оны өткізу тәрбиешінің немесе мұғалімнің үлесіне тиеді.  Дидактикалық ойындар кішкене балаларға мейлінше тән оқыту түрі болып табылады. Дидактикалық ойындарды оқу іс-әрекеттерінде қолдануда баланың тілі, сана-сезімі дамып жетіледі. Дидактикалық ойындарды айналамен таныстыру, тіл дамыту, математика оқу іс-әрекетінде жиі қолданылады. Балалармен жұмыс жүргізуде деңгейлік дидактикалық ойындар көп орын алады. Оларды әр сабақта және балалар өз бетінше жұмыс істеу кезінде қолданамын. Дидактикалық ойындар тақырыпқа байланысты қолданылады. Тапсырма берер алдында оны балаға түсіндіру, тексеру қажет. Дидактикалық ойындар, ойын тапсырмалары, біртіндеп күрделенеді. Сондықтан оларды ретімен орындауларын қадағалау керек.

Дидактикалық ойын адамгершілік тәрбие міндеттерін шешуге, балалардың көпшіл болып өсуіне ықпал етеді. Тәрбиеші балалармен дидактикалық ойындарды ұйымдастыра отырып, олардың жан-жақты дамуына әсер етеді. Бұл ойындар қандай да бір міндетті шешудің үнемді және ұтымды тәсілдеріне үйретуге мүмкіндік береді. Дидактикалық ойынның артықшылығы да осында.
Балаларға дидактикалық ойындарды үйретіп, оған өзгеше әр беріп, жаңартып өткізіп отыруды ата-аналар, тәрбиешілер естен шығармағаны абзал. Өйткені, жас бүлдіршіндер ойнай да, күле де, ойлай да білуі керек деп ойлаймын.

19 комментариев

  1. Өз ісінің шебері, өз мамандвғының үздігі. Тек қана алға

  2. Керемет мақала

  3. Жарайсыз! Еңбегіңіздің жемісін көріңіз! Бала тәрбиесіне қосып жатқан еңбегіңіз елене берсін!

  4. Отте мыкты адам!!!

  5. Өте керемет тәжірибелі маман

  6. Керемет! Өте шығармашыл, еңбекқор ұстаз! Биік шындардан көріне бер! Еңбегің абыройлы болсын!

  7. Керемет! Биік шыңдардан көріне бер!

  8. Керемет!енбегыныз жансын!

  9. Гульшат

    Шығармашыл, заманауи педагог. Еңбегіңіздің жемісін көріңіз!

  10. Еңбегің жанаберсің. Балалардың тәрбиесіне өз үлесің қосқан адамдардың бірісің деп ойлаймын. Сәттілік.

  11. Гүлбаршын

    Тамаша макала! Жарайсың!

  12. Гүлжанат

    Керемет адам,білімді ұстаз.Еңбегіңіз жаға берсін!

  13. Талшын апай шығармашылық табыс тілеймін.

  14. Өте керемет тәжірибелі маман!

  15. Перизат

    Жарайсыз тәте мақалыңыз жақсы жазылған
    Тек биіктерде көріне беріңіз

  16. Керемет мақала! Өз ісін жақсы білетін нағыз маман иесі! Шығармашылық табыс тілеймін!!!

  17. Тәрбиеші деген атқа лайық адам десем қателеспес едім, өз ісінің маманы, балаға білім беруі жоғары. Жұмысыңыз табысты бола берсін

  18. Гулмира

    Керемет, еңбегің жаңа берсін,

  19. Еңбегіңіздің жемісін көріңіз!

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.