Габдоллина Айдана Сериккалиевна,
Астана қаласы әкімдігінің
№ 76 «Әдемі» балабақшасының педагог-психологы
Жалпы ойын дегеніміз – баланың даму құралы, таным көзі. Баланың жеке тұлға есебінде қалыптасуына ықпалы зор. Ойын – адамның ақыл-ойын дамытатын, қызықтыра отырып, ойдан ойға жетелейтін тынысы кең, алысты меңзейтін, қиял мен қанат бітіретін ғажайып нәрсе. Сонымен бірге, білімге құштарлық пен еліктеудің маздап жанар оты. Балалардың ойын арқылы қоршаған өмірді, адамдардың қимылын, іс-әрекеттерін, олардың бала қимылынан туған қарым-қатынасын бейнелеуі. Ата-бабамыз ойынды тек баланы алдандыру, ойнату әдісі деп қарамай, ол халықтың ғасырлар бойы жасаған асыл қазынасы, баланың көзқарасы, мінез-құлқын қалыптастырып, бір жүйеге келтіретін тәрбие құралы деп санаған. Ойынның балалардың негізгі әрекеті ретінде, психологиялық, педагогикалық маңызы зор. Тәрбиеленуші үшін ойынның маңызы – ақыл-ойы дамиды, оқуға қызығушылығы, белсенділігі, шығармашылығы артады, тұлғалық қасиеттері қалыптасады.
Ата-ана үшін бала бойындағы жағымсыз қылықтарды ойын арқылы тәрбиелейді. Сондықтан мен балалармен жұмыс барысында ойын арқылы жеткізіп, ойын арқылы олардың бойына тәрбиені сіңдіруді көздеймін.
Ойын түрлері өте көп: Дидактикалық ойын – баланың ақыл-ойын, сенсорлық және тіл байлығын дамытады.
- Қимылдық ойын – бұл балалардың денелері ертеңгілік жаттығуда, қимылдық ойындарда, төзімділік, икемділік сияқты қабілеттерді дамытады.
- Сюжетті-рөлді ойын – «Әйгерім қуыршақтың туған күні» ойыны. Көздеген мақсатым балалардың қиялын, ой-өрісін, сөздік қорын, сөйлеу қабілетін дамыту. Өз ойын еркін жеткізуге жетелеу.
- Есте сақтау қабілетін дамытуға арналған ойындарды – күнделікті жүргізу барысында мен балалардың есте сақтау қабілеттерінің артқанын байқадым. Мысалы: «Орынды тап», «Ойыншықты сипатта», «Сөздерді сипатта» деген ойындарды жиі-жиі ойнату керек.
- Қабылдау қабілетін дамытуға арналған ойындар – «Не үлкен?», «Сиқырлы қапшық» ойындарын ойната отырып, есте сақтау, қабылдау қабілеттерін 1 айда 45 пайызға дейін нәтиже көрсетеді.