Алматы қаласы білім басқармасы «№106 жалпы білім беретін мектеп» КММ-сінде “Қазіргі әлемдегі оқушыларды интеграциялаудың негізші шарты ретінде функциялық сауатты қалыптастыру” атты халықаралық ғылыми-практикалық семинар өтті. Конференцияның ашылу салтанатында алғашқы сөз кезегін алған «№106 жалпы білім беретін мектеп» КММ-нің директоры Амрина Назым Толеухалиевна келген қонақтарды конференцияның өту барысымен таныстырды.
Конференцияда Педагогика ғылымдарының докторы, Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университет профессоры
Саудабаева Гульмира Сауытжановна қонақ болып, «Социализация современного школьника для решения широкого диапазона жизненных задач через приобретенные знания» тақырыбында оқу қызметін көрсетіп, көпшілік назарын өзіне қаратты.
Аталмыш конференцияның ұйымдастыру алқасына тоқталар болсақ, Саудабаева Гульмира Сауытжановна – Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университетінің Педагогика ғылымдарының докторы, профессор. Амрина Назым Толеухалиевна – директор первой категории, учитель истории, педагог-исследователь, КГУ «Общеобразовательная школа №106» Голикова Нелли Генриховна-заместитель директора по УР КГУ ОШ №106, учитель информатики, педагог-мастер.
Халықаралық конференция болғандықтан шет мемлекеттермен онлайн байланыс ұйымдастырылды. «Инновации в системе профессиональной ориентации» тақырыбымен Украина мемлекеті Харьков қаласынан Педагогика ғылымдарының докторы Васильев Иван Борисович тікелей эфирге қосылса, айыр қалпақты ағайындарымыз Қырғызстан мемлекетінен Педагогика ғылымдарының кандидаты Супатаева Эльвира Акиновна және «Рефаль» оқу орталығының орыс тілі мен әдебиетінің мұғалімі Дмитриева Людмила Ивановна онлайн байланысқа шығып, өз тәжірибелерімен бөлісіп, конференцияның онлайн қонағы болды.
Педагог-модератор, қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Иембердиева Жұлдыз Мухаметкалиқызы «Кіріктірілген қазақ тілі мен ағылшын тілі сабағында сюжетті-рольдік ойындар арқылы бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту» тақырыбында тәжірибесімен бөлісті. Жұлдыз Мухаметкалиқызы өткізген оқу қызметі “дүкенші” ойыны түрінде өтті.
Баланың ақыл-ой жүйесі мен дамуына айтарлықтай үлес қосатын әдіс-тәсілдермен бөліскен мұғалімге келген қонақтардың риза болғаны анық.
Мамандық таңдау — болашақты таңдау атты тақырыпта қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, педагог Нұрлан Айжан Ерзатовна мен қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші Игенбаева Жазира Куанышбековна ойларын ортаға салды.
—Мамандық — бір қарағанда жәй нәрсе болып көрінуі мүмкін, бірақ ол бүкіл саналы ғұмырымыздың айнасы. Жүрек қалауыңмен таңдалған мамандық бойынша жұмыс істеу – өмір сүрудің материалдық қана емес, моральдық та көзі. Ол белгілі бір дайындық пен жауапкершілікті талап етсе де, өзің қалаған мамандық болған соң, оған аса үлкен шығармашылықпен бар ғұмырыңды арнайсың. Бас кезінде дұрыс таңдау жасалған болса, онда адам Кен Робинсон айтып жүрген «өз элементіне» ие бола алады, — дейді ұстаздар.
Келесі кезекте «Қазақ тілі сабағында шығармашылық атмосфера құру» атты тақырыпта қос педагог-эксперт Нуракимова Куралай Асылбековна және Айткалиева Нурия Оралбаевна өз тәжірибелерімен бөлісті. «Бала мейлі жақсы, мейлі жаман іс болсын, бірдеме істеуі керек. Ештеңемен айналыспаған адамның жан дүниесі жетілмейді »,-деп Ж. Аймауытов айтқандай бала жаны шығармашылықпен сусындап өсуі қажет. Осы орайда оқу үрдісін технологияландырып, балалардың шығармашылық жұмыс орындауына жағдай жасау керек. Шығармашылық қабілет әр оқушының бойында бар. оқушы шығармашылығын дамыту ісі үздіксіз жүргізілуі керек. Шығармашылыққа үйрететін сабақтардың бір түрі жаңа технологияларды қолдану болып табылады. Мұндай сабақтарда оқушыға ерекше ахуал, мұғалім мен оқушы арасында ынтықмастық қатынас сақталады. Оқушы шығармашылығын дамыту бір күннің, бір айдың емес бірнеше жылдың үздіксіз еңбегін талап етеді. Ж.Аймауытовтың : «Баланының ынтасын арттыру үшін, оқытатын нәрседе бір жаңалық болуы керек» деп айтқанын ескерсек, танымдық іс-әрекеттердің қозғаушы күші, қызығушылықты тудыратын компьютердің, электронды оқулықтың, интербелсенді тақтаның рөлі оқушылар үшін ерекше екені белгілі.
Сонымен қатар, Мусабекова Асия Бейбитовна, Шалимбетова Нурзия Ораловна, Атабаева Гүлмира Сейтбековна, Агментаева Нургул Дархановна және Келдибаева Кенжегул Ыстибаевна, Наурызбаева Гүлмира Бляловналар функциялық сауаттылық туралы қалам тербеп, болашақ ұрпаққа пайдасын тигізер мақалаларын жазған екен. Аталған мақалалар жинастырылып жақын уақытта кітап болып басылып шықпақ. Бұл да бүгінгі конференцияның бір жетістігі десек артық айтқанымыз емес.
Конференция соңында рефлексия (кері байланыс) сәтінде қатысушы әрбір қонақ «№106 жалпы білім беретін орта мектеп» КММ ұйымдастырған конференциядан «білім қоржындарын» түрлі әдіс-тәсілмен толықтырып, ризашылықпен жақсы көңіл–күйде тарқасты.
Мамандық көп. Бірақ мамандықтың түрлі болғаны маңызды емес, қанша мамандық болса да сізді маман қылатын тағы да ұстаз. Мейлі сіз ғалым болыңыз, жұлдыз, тіпті беделді азамат, президент болып кетсеңіз де сізді осы өмірге жетелеген, осы шыңға жетуге себепші болған ұстазды ұмытуға қақыңыз жоқ. Оның еңбегін сыйлау, оған құрмет көрсету сол адамға деген сый-сияпат емес, сіздің тәрбиелі, тәлімді тұлға болғаныңыз. «Адамның адамшылдығы жақсы ұстаздан» деп Абай хәкім айтпақшы, әрбір ісіңіз жеңіске жетіп жатса, оның артында ұстаздың бір тамшы болса да еңбегі барын есте сақтаңыз. Педагогтердің тынымсыз еңбегін қандай сөзбен өрнектесек те аздық ететіндей көрінеді. «Ұстаз болу өз уақытыңды аямай, өзгенің бақытын аялау» деп Мұхтар Әуезов айтқандай, уақытпен санаспай балалардың болашағы үшін аянбай жасап жатқан жұмыстарыңызға мың алғыс.
«№106 жалпы білім беретін мектеп» КММ-сінің директоры мен ұжымына толағай табыстар тілейміз.
BILIM AINASY
Алматы қаласынан
Журналист: Ақерке Амангелдіқызы