Home » Жаңалықтар » Ұстаз болу – өз уақытыңды аямау, өзгенің уақытын аялау»

Ұстаз болу – өз уақытыңды аямау, өзгенің уақытын аялау»

Ұстаз болу – өз уақытыңды аямау, өзгенің уақытын аялау» — деп француз ойшылы Жан Жак Руссо айтпақшы, ұстаздардың еңбегі ерен. Әрине, ұстаз болу оңай емес. Білімділік,жауапкершілік, төзімділік, адалдық , адамға тән барлық жақсы қасиет бір ғана ұстазымыздың бойынан табылады. Қандай мықты маман болсын, тіпті Президенттің өзі ұстаздың алдында отырып білім алған.
Мыңдаған бүлдіршіндердің бойына білім нәрін сеуіп, таудай азамат етіп шығаратын ұстаздарға барлық адамзат баласы борыштар деп ойлаймын.

Ұстаз еңбегін ұлықтау мақсатында Алматы қаласы, Түрксіб ауданы, N°59 бөбекжай-балабақшасынына келіп қалдық. Балабақшада тәрбие, білім беру жұмыстары баланың жас ерекшелігіне, күн режиміне сәйкес жасалған. Балабақша қабырғасында 70 — тен аса бүлдіршін тәрбиеленуде.

Біз бүгін Балабақша әдіскері Ахмедова Ақмарал Серікқызы туралы айтқымыз келіп отыр. 2003 жылдың 1- қыркүйегінен бастап алғашқы еңбек жолын білім нәрімен сусындаған Көксай орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі қызметімен бастады.
2007 жылдан 2013 жылдар аралығында мектепте тәрбие саласы бойынша педагог-ұйымдастырушы лауазымында қызмет атқарған.
Жалпы еңбек өтілімі-21 жыл.
Аталған білім ошағында қызмет істеген жылдар аралығында оқушылары аудандық, облыстық түрлі білім сайыстарында жүлделі орындарға ие болған.
2016 жылдан бастап Алматы қаласы Түрксіб ауданы 59 бөбекжай-балабақшасына тәрбиеші лауазымына жұмысқа органасқан. 2018 жылдан бері осы балабақшада әдіскер қызметін атқарады. Білімі- жоғары. Санаты-педагог-эксперт.


Білім беру саласында 21 жылдан аса қызмет атқарған Ақмарал Серікқызының шәкірттері де аз емес.
Балабақшада әртүрлі іс-шаралардың бастаушысы болып, бүлдіршіндердің риясыз күлкісі үшін қалтқысыз қызмет етуде. Ақмарал ханым туралы №59 бөбекжай-балабақшасының меңгерушісі Беркимбаева Бибугул Тулегеновнаның пікірін сұраған едім.
-Ақмарал өз ісіне адал, ұжымды ұйымдастыра алатын, өзінің жұмысын толық меңгерген, балабақша өміріне етене араласатын жанашыр әдіскер, — деп жауап берді. Балабақша меңгерушісі мен ұжымына сыйлы Ақмарал ханымға бәрінің дән риза екенін байқадық.
Құрметті Ақмарал Серікқызы,
ұрпақ тәрбиелеуде қанатыңыз талмасын.

Құрметті ұстаздар! Шәкірттеріңіздің құрметі мен махаббатына бөленіңіздер.Шығармашылық ізденістер, ғылыми жаңалықтарыңыз арта берсін. Мерекелеріңізбен! Мерейлеріңіз үстем болсын!

BILIM AINASY,
Алматы қаласынан,
Елназ Тұрсынғалиқызы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.