Оқу-ағарту министрлігі 5 қазан
Ұстаздар күніне орай «Даналық ұстаздан» челленджін жариялаған болатын. Бұл шара педагогтерге құрмет пен алғыс білдіруге, сондай-ақ
«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында өскелең ұрпақтың бойында рухани-адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған.
«Даналық ұстаздан» челленджі педагогтердің ұрпаққа сіңірген еңбегіне ризашылығымыз бен құрметімізді көрсетеді», — дейді Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаментінің директоры Меруерт Медетбекова.
«Даналық ұстаздан» челленджін қолдау мақсатында біз бүгін Алматы қаласы, Түрксіб ауданы, КМҚК №15 бөбекжай-балабақшасының дене шынықтыру мұғалімі Пайзиева Нигара Олжавайевна туралы айтамыз.
Еңбек өтілін 2006 жылы Шымкент қаласындағы облыстық спорт мектебінен бастаған. Үстел теннисінен Қазақстан чемпиондарын дайындап шығарған.
Өзге ұлт өкілдері арасындағы “Мемлекеттік тіл-болашағым” атты
Қарағанды облыстық байқауында
1-орын иегері атанып, Петропавл қаласында “Тіл-татулық тірегі” атты Республикалық форумға қатысып, арнайы алғыс хатпен марапатталған.
2018 жылдан бастап №15 бөбекжай- балабақшасында дене шынықтыру мұғалімі болып жұмыс жасайды.
Нигара Олжавайевна жайлы әріптестері
“Бүлдіршіндерді күлімдеп қарсы алып, бар білгенін үйрететін, жауапкершілігі мол, өзін де өзгелерді де сыйлай білетін тұлға”,- деп жылы лебіздерін білдірді.
— Мен осы бөбекжайда 7 жыл еңбек етудемін, бұл еңбектен ешбір жалыққан емеспін. Өйткені менің жас бүлдіршіндерге арнаған осы уақытымды өмірімдегі ең бір бағалы уақытым, бақытты кездерім деп айта аламын. Тәуелсіз елдің жас ұрпағын лайықты түрде тәрбиелеу – біздерге артылған аса жоғары міндет. Осы міндетті орындау мен үшін үлкен бір құрмет, — дейді кейіпкеріміздің өзі.
Балабақшада тәрбие – барлық тәрбиенің бастамасы. Балаға бағыт- бағдар, тәлім-тәрбие беретін отбасынан кейінгі екінші анасы. Балаларға әрқашан қамқор болып, ешқашан жұмыс істеуден шаршамайтын
№15 бөбекжай-балабақшасының меңгерушісі мен педагогтеріне және барша ұстаздар қауымына өскелең ұрпақ тәрбиелеуде өрелі жұмысы мен өлшеусіз еңбектері үшін алғыс білдіреміз.
Мерекелеріңіз құтты болсын!
BILIM AINASY,
Алматы қаласынан,
Ақерке Амангелдіқызы