Home » Жаңалықтар » Ұстаз болу-жүректің батырлығы.

Ұстаз болу-жүректің батырлығы.

«Адамның адамшылығы — жақсы ұстаздан» деп ұлы Абай айтқандай, мұғалім тәрбиесі мен өнегесі оқушының болашақ азығы. Жақсы ұстазға кезігіп, тәлім-тәрбие алған шәкірт өмір майданында мойымай күресіп, болашақ жолдарда бағытынан таймасы анық. Абыройлы міндетті ақаусыз атқарған мұғалімді халқымыз қашанда ерекше құрмет тұтқан. Ұстаз­дың әр адам жүрегінен алатын орны айрықша, қолына қалам ұстатып, алғаш әліппені үйреткен мұғалімін жылылықпен еске алмайтындар кемде кем. Ұрпақ болашағы, халқымыздың келешегі қазіргі ұстаздардың қолында. Тәуелсіз ел атанып, төбемізге ту тігіп, тіліміздің мәртебесі артып, әлемге атымызды танытып жатқан кезеңде ұлттың, елдің болашағы-жас ұрпақ тәрбиесіне де мықты көңіл бөлінуде. Осы егеменді, тәуелсіз Қазақстанда өркениетке бастар жолдың бастауы мектеп десек, мектептің басты тұлғасы, жүрегі-мұғалім.

«Ұстазы жақсының ұстанымы жақсы» деген халқымыз.. Бәріміз де кезінде мұғалімнің тәлімін алып, білімін үйрендік. Сондықтан болашаққа жол сілтейтін мұғалім еңбегін лайықты бағалау өте маңызды міндет», — деп Қасым Кемелұлы Тоқаев айтқандай, бүгін Алматы қаласы , Түрксіб ауданы, N°142 жалпы білім беретін мектеп және ұстаздары жайында айтқымыз келіп отыр.
N° 142 жалпы білім беретін мектеп 1990 жылдан бастап жұмыс жасайды.
Қазіргі таңда 1960 оқушы оқиды. Оқушылары аудандық, облыстық түрлі білімдер сайыстарында жүлдері орындар алған.
Осындай үлкен ұжымды басқарып отырған мектеп — басшысы Сапанова Гульшат Ербулатовна мектептің миы, ұжымның ақылшысы, туындаған проблеманы дер кезінде шеше алатын, шештіре алатын, ұжымды ұйымдастыра алатын ,білімі ұшан-теңіз, мәдениеті жағынан қарамағындағылардан биік тұратын, қызметкерлерінің іскерлігін айыра білетін, дер кезінде көмек бере алатын, тіпті мектеп оқушыларының қабілетін, мінез-құлқын, олардың ата-анасын, тұрмысын жетік білуге талпынған үнемі ұстаздарына «Ұлттық тәрбие – ел болашағының діңгегі» рухани сенімі мол ұрпақты тәрбиелеу келешектің ұстаздарға артқан міндеті екенін айтып отыратын дана адам екенін байқадық.
Ал мектептің ұжымына келетін болсақ, адамдардың жәй ғана жиынтығы емес мақсатқа жетуді алға міндет етіп қойған, коғамға пайда тигізуге ұмтылушылар тобы екеніне көзіміз жетті.
5 қазан ұстаздардың төл мерекесіне орай,


ұлағатты, ардагер ұстаздар №142 мектепте қонақ болып, алғыс хаттармен марапатталды. Зерттеуші ұстаздар Республикалық, Халықаралық деңгейде өз білімдерін көрсеткені үшін марапатталды. Шебер ұстаздар Избасова Роза Иманбековна, Конакова Салтанат Алтаевна Ыбырай Алтынсариннің төс белгісімен марапатталды. Ардагер ұстаздың бірі Мауленова Анар Мауленовна Министрдің алғыс хатыменен марапатталды.

Ұлағатты ұстаздар, сіздерді мекекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз!Арман-тілектеріңіз орындалып, әрдайым көңіл-күйлеріңіз көтеріңкі болсын! Мықты денсаулық, мол табыс тілейміз. Ұжымдарыңызда сенімді ,іскер адамдар қатары көбейе берсін!

BILIM AINASY,
Алматы қаласынан,
Елназ Тұрсынғалиқызы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.