Home » Мақалалар » Қайырымдылық жасаумен жарысайық

Қайырымдылық жасаумен жарысайық

  Қайырымдылық – адам бойынан табылатын ең ізгі қасиеттердің бірі. Шын жанашыр адам кез келген уақытта қол ұшын беруге дайын тұрады. Бұндай қасиеттің иесі болу — жүректің жомарттығынан. Қазір қоғам тап осы қасиеттің иелеріне зәру. Қайырымды, жомарт жандардың жанында жүрудің өзі — жарты бақыт, неге десеңіз, әдемі әлемді жасайтын да, өмірді ғажап ететіндер де осындай адамдар.

 

Соңғы уақытта белең алған түрлі төтенше жағдайлар көңілге алаң, жүрекке мұң ұялатып, әттең-ай дегізгені мәлім. «Қайғыны бөліссең азаяды» демекші, табиғат апатынан зардап шеккен, қамкөңіл жандарға рухани қолдаумен қатар, материалдық қолдау қажеттілігі де туындады. Алматы қаласындағы ШЖҚ «М.Мақатаев атындағы №140 гимназия» МКК ұстаздары су тасқынынан зардап шеккендерге бір күндік жалақысын көмек ретінде аударды. Ұрпақ тәрбиелейтін ұстаздар қауымының бұл бастамасын оқушылар да жалғастырып, қайырымдылық жәрменкесін ұйымдастырды. Гимназияның «Өзін-өзі басқару Парламенті», «Дебат», «Еріктілер» ұйымы бірігіп ұйымдастырған жәрмеңкеден түскен қаржы қатерлі сырқатқа шалдыққан балаға аударылды.

«Қайырымдылық жасаумен жарысайық!»   деген ұранмен жұмыс жасайтын ШЖҚ «М.Мақатаев атындағы 140 гимназия» МКК  ұстаздары мен шәкірттері «Қарттар үйіне», «Балалар үйіне»  барып, рухани және материалдық қолдау көрсетуді әдетке айналдырған. Осынау игі бастамаға ұйытқы болған  гимназияның ұстаздарына, оқушыларына,  ата-аналар ұжымына алғыс білдіреміз.

Дана Әбдіманап,
Алматы қаласы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.