Home » Мақалалар » Алимент төлеу туралы келісімнің құқықтық сипаты

Алимент төлеу туралы келісімнің құқықтық сипаты

Алимент – бұл бір адам оны алуға құқығы бар басқа адамға беруге міндетті ақшалай немесе материалдық қаражат. Ең көп таралған алимент жағдайы – баланы асырап-бағуға арналған төлемдер, алайда алименттер балалардың анасына да, өзін-өзі асырай алмайтын ерлі-зайыптыларға да, ата-аналарына да төленуі мүмкін.

Баланы асырап-бағу – ата-аналардың заңмен бекітілген міндеті, бұл ретте ата-аналардың некеде, азаматтық некеде тұратындығы немесе ажырасқандығы мүлдем маңызды емес. Қорғаншылықтағы, қамқоршылықтағы немесе патронаттық тәрбиедегі балалардың, сондай-ақ асырап алынған балалардың да алимент алуға құқығы бар. Алимент баланы асырап-бағуға, білім беруге және тәрбиелеуге жұмсалады.

Алимент төлеудің екі тәсілі бар:

Бірінші — Ерікті, келісім бойынша . Алимент төлеу туралы келісімнің үш түрі көзделген, соттан тыс тәртіппен жасалған, жазбаша түрде нысанда жасалады:

— алимент төлеу туралы келісімдер-нотариус;

— дауды реттеу туралы келісімдер-медиатор;

— адвокаттар, заң консультанттары палатасының мүшелері болып табылатын адамдар-партисипативтік рәсім тәртібімен алимент төлеу туралы дауды реттеу туралы келісімдер.
Екінші — Мәжбүрлі – сот арқылы.

Ал менің мақаламның ең негізгі өзегі – келісім бойынша төленетін алименттердің құқықтық сипаты болмақ.

Келісім деп заңда белгіленген формаға келтірілген, келісілген және өзара тиімді  алиметтер төлеуші мен алушының асырауды қамтамасыз етудің көлемі, шарттары, тәртібі және тәсілдері туралы ерік білдірулері танылады.

Олар:

— өтеусіз: бiр тарап екiншi тарапқа одан ақы алмай немесе ешнәрсе бермей бiр

нәрсенi ұсынуды мiндетiне алады (АК 384 бабы 2 тармағы);

— біртарапты (бір тарапты міндеттеуші): бір тарап (алименттерді төлеуге)

міндетті, екінші тарап (алименттерді төлеуді) талап етуге құқылы;

— консенсуалды: шарт заңда белгіленген тәртіпте тараптардың келісімге келген сәтінен бастап жасалған болып саналады (сол сәттен бастап құқықтар мен міндеттер пайда болады). Келісім жазбаша формада жасалып, міндетті түрде нотариалдық куәландыруға жатады. Келісімді кез-келген нотариус куәландырады. Егер алимент өндіру туралы заңды күшіне енген сот актісі бар болса, алименттік келісім куәландырылмайды.

ҚР Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы кодексінің (әрі қарай – Кодекс) 157 бабына сәйкес, Келісім (алименттің мөлшері, оны төлеудің шарттары мен тәртібі туралы) алиментті төлеуге міндетті адам мен оны алушының арасында, ал алиментті төлеуге міндетті адам және (немесе) алимент алушы әрекетке қабілетсіз болған кезде, осы адамдардың заңды өкілдерінің арасында жасалады.

Алименттік міндеттемелер субъектілері түпкілікті болып табылады және

кеңейтілген түсінік беруге жатпайды.

Осылайша, Кодекстің 19-21 баптарында белгіленбеген басқа отбасы мүшелері Келісімнің субъектілері бола алмайды. Олардың арасында асырауды қамтамасыз ету туралы азаматтық-құқықтық шарттар жасалуы мүмкін.

Келісім өз сипаты бойынша тек адамның жеке өзімен ғана жасалатын мәмілелерге жатады. Сондықтан да, мұндай келісімдерді сенімхат бойынша өкілдер арқылы жасауға жол берілмейді.

Ата-аналардың бірінің өзінің кәмелетке толмаған балаларына асырауды

қамтамасыз ету келісімі бойынша алименттерді төлеуші — ата-аналардың бірі, ал алименттерді алушы —  кәмелетке толмаған бала болып табылады.

Кодекстің 157- бабында алиментті төлеуге міндетті адам және (немесе) алимент алушы әрекетке қабілетсіз болған кезде, Келісім осы адамдардың заңды өкілдерінің арасында жасалады деп көзделген. Алайда, өкілдің, өзі мүддесін қорғап отырған, сенім білдірушісінің атынан әрекет  ететінін естен шығармау қажет, сондықтан Келісімді «осы адамдардың заңды өкілдерінің

арасында жасалады» деп түсіну қате. Олар тек тек өкілдер, ал Келісімнің тараптары алиментті төлеуге міндетті адам мен оны алушы болып табылады.

Сейтасанова Альбина Қанатқызы
Алматы қаласы
Туран университетінің І курс студенті

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.