Алдамбергенова Әйгерім Абзалқызы,
Астана қаласы әкімдігінің
№76 «Әдемі» балабақшасы тәрбиешісі
Балаларды мектепке дайындау жоспарында балалардың кейбір
дағдыларды, біліктерді және мінез-құлықтың маңызды әдеттері мен
дағдыларын: тұрмыстық, өзіне-өзі қызмет көрсету, гигиеналық, мәдени
дағдыларды меңгеруіне үлкен мән беріледі.
Ой-өрісін кеңейтуге көңіл бөлінеді. Негізінен бұл сезімтал тәжірибе, көріністер, кейбір қарапайым ұғымдар («өсімдіктер», «жануарлар», «маусымдық құбылыстар», «уақыт», «саны») және жалпы сипаттағы бірқатар мәліметтер (адамдардың еңбегі туралы, туған елі туралы, мерекелер, сенімі, салт-дәстүрлер, әдет-ғұрыптар туралы). Білім аясына кеңістік («қашықтықтық», «бағыт», «форма» және «шамасы», олардың кеңістіктегі жағдайы) пен уақыты, оның өлшем бірліктері туралы («сағат», «минут», «апта», «ай», «жыл») белгілі түсініктер кіреді. Алты жасар баланың ой-өрісі сан, сан қатары, жиын, тепе-теңдік және теңсіздік және т.б. туралы қарапайым ұғымдарды қамтиды.
Баланың мектепке дайындығының маңызды көрсеткіші олардың байланыстырып, грамматикалық және фонетикалық дұрыс сөйлеуі болып табылады: өзіне тікелей арналған сөзді ғана түсініп қана қоймай, өз ой пікірлерін білдіру үшін өз бетінше сөйлем құрастыра білуі керек. Сонымен қатар сөздерді тыңдау және айту қабілеті, дыбыстарды сөздерден ажырата алу, ұқсас сөз тіркестерін есту арқылы ажырата білуге үйрету қарастырылады.
Ата-аналар балаларды мектепке дайындаудағы ең бастысы оқу, жазу, санау емес екендігін білулері керек. Бала 42 әріпті жаттап, сөздерді оқып, жазуға міндетті емес! Негізгі мақсат — жаңа біліктер, таным әдістері, әрекет, қарым-қатынасты қалыптастыру арқылы балаларды мектепке баруға дайындау.
Балаларды мектепке дайындаудың негізгі 5 басты мақсаты бар, олар:
- Есте сақтауды және зейінді дамыту.
- Сөздік қорын толықтыру, сөйлеуді және жалпы ой-өрісін дамыту.
- Қол саусақтарының ұсақ моторикасын дамыту.
- Он көлемінде санауды үйрету.
- Эстетикалық дамыту (музыка, сурет салу ).
Бала алты жаста мыналарды білуі керек:
— қандай да бір іспен, алаңдамай, 20-25 минут ішінде айналысу;
— заттар мен суреттер арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды табу;
— үлгі бойынша жұмысты орындай білу, мысалы қағаз бетінде өрнекті және т. б. дәл келтіру;
— тез реакция талап етілетін зейінді ойынды ойнау.
«Мектепке дейінгі ересек жастағы балаларды тәрбиелеуде ата-аналардың жіберетін басты қателіктері»
- қателік – баланы гаджеттерге тәуелді ету. Баланы телефонның көмегімен тыныштандыру ата-аналарға оңай болып келеді, себебі бала телефонға қызығып, ештеңеге алаңдамайды, сұрақтар қойып ешкімді мазаламайды, үлкендердің әңгімесіне араласпайды. Баладан телефонды қоюды талап еткенде ол ашуланып, озбырлық танытады.
- қателік — «баланы ерте дамыту». Қазіргі кезде ата-аналар баланы дұрыс сөйлеуге үйретуден бұрын оқуға үйретуге тырысады. Көптеген ата-аналар баламен көбірек сөйлесуге, қоршаған ортамен таныстыруға салғыртқарайды, олар бала қоршаған ортаны өздігінен таниды деп ойлайды. Мектеп жасына дейінгі балаға аяқ киімінің бауын байлау, күртешесінің түймесін салу қиындық келтіреді. Ерте дамыту – бұл қарапайым дағдыларға үйрету. Ата-аналарға баламен сөйлесіп, әңгіме, ертегі айтып бергеннен гөрі, кітап сатып әперіп, өзін отырғызып қою оңай болып келеді. Аналары әрдайым асығып жүреді, сол себепті баланың киімінің түймесін өздері салып, баусыз аяқ киім сатып алуға тырысады. Алайда, баланың табиғи дамуы зардап шегеді, бірдеңе жасауға деген ұмтылысы жойылады, сондықтан оны күштеп мәжбүрлеуге болмайды, оның әлемді тануына мүмкіндік беру қажет.
3. қателік – балалар әлеуметінен алыстату. Кейбір ата-аналар баласы балабақшада уақытты босқа өткізеді, яғни ештеңемен айналыспайды немесе жиі ауырады деп ойлайды. Осыған байланысты балаларын түрлі үйірмелерге беруді дұрыс деп санайды. Бірақ, баланы балабақшадан алшақтату – бұл келешекте оның ұжымға бейімделе алмауына және құрдастарымен қарым-қатынас жасауда қиыншылықтарға тап болуына әкеп соғуы мүмкін. Мектепке дейінгі ұйымда балалардың қызығушылықтары бірдей, олар бір-бірімен тең дәрежеде – жанында ата аналары болмағандықтан өздері тіл табысуға ұмтылады. - қателік – күтпеген жағдайдың орын алуы. Кейде ата-аналар баласының қандай болуы керек екенін елестете алмайды. Мұндай қарамақайшылық орта жастағы ата-аналарда немесе егер олар отбасында жалғыз бала болса немесе отбасының кенжесі болған жағдайда туындайды. Ата анасына бұл бала басқа балаларынан ерекше болып көрінеді, оған жоғары талаптар қоя бастайды, ал балада мен бәрін дұрыс жасап жатқан жоқпын деген ой қалыптасады. Әкелер жиі ұлдарын басқа балалармен салыстырады, оларға ұлдары белгілі бір критерийлерге (әлсіз, әлжуаз, сенімсіз және т.б.) сәйкес келмейтіндей болып көрінеді, оларға шағымдарын айтады, ренжітетін балалардың барлығын ұруға кеңес береді, осындай жағдайда бала қарама-қайшылыққа тап болады. Мектеп жасына дейінгі баланы ересектермен диалогқа қатысуға ынталандыру қажет. Егер ата-аналар баласына күмән келтіретін болса, психологке, тәжірибелі педагогке, тәжірибелі анаға жүгінуіне болады.
5. қателік – баланы еңбек әрекетінен шектеу. Ата-аналар үйде баланы қауіпсіз жағдайлардан қорғау үшін бір іспен айналысуына рұқсат етпейді, бірақ баланың қимыл жасап, қоршаған ортаны тануы қажет. Балаларға шамасы келетін жұмыспен айналысуына мүмкіндік беріп, өзіне деген сенімділігін қалыптастыру, еңбек сүйгіштікке баулу маңызды, нәтижесінде баланың өзіне-өзі баға беруі артады.
«Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі»- дейді Әл — Фараби. Сонымен қорыта келе, жас ұрпаққа тәлім тәрбие беруді қоғам болып, ұстаздар қауымы болып, ең бастысы ата — аналар болып қолға алсақ болашағымыз жарқын болмақ. Балаларымызды отансүйгіштікке, ата — баба салт — дәстүрін құрметтейтін ұрпақ етіп тәрбиелеу баршаға бірдей міндет.
Макаланыз мағыналы жазылған керемет
Сәттілік тілеймін! Өз ісінің шебері.
Өте керемет
Өте керемет жазылған мақала. Сәттілік!
Әйгерім Абзалқызы керемет білікті тәрбиеші.Өз ісіне аса жауапкершілікпен қарайды . Балаларға махаббаты мен мейрімділігі сүйсіндіреді.
Оте Жаксы жазылган макала! Рахмет пайдасы мол👍 саттилик тилеймиз🌷
Керемет ! Мықты мамандардын бірі ! Сәттілік.
Айгерім, жарайсың тамаша бастау, сәттілік серігің болсын.
Өте мағналы
өз ісінің мықты маманы, сәттілік тілеймін!
Макала унады. Накты жане магыналы акпарат.👍
Айгерім Абзалқызы керемет ,
Сәттілік , еңбегіңнің жемісін көр ! 👍
Сіздің ойыңызбен 100% келісемін. Бала тәрбиесі жағынан үлкен үлестерін қосатын осындай тәрбиешілеріміз көбейе берсін.
Мақала мағыналы жазылған.Айгерім Абзалқызы өз ісінің маманы.Сәттілік тілеймін.
Өз ісінің шебер
Керемет мақала, тек алға, сәттілік.
Айгерим Абзалоовнаа вы же луччшая кому я доверяю своего ребенка. Макаланыздан коринип тур сиздин профессионал екениниз!!!
Өз ісінің маманы. Көрініп ақ тұр. Мақала өте керемет жоғары деңгейде жазылған. Балаңды тәрбиелегің келсе алдымен өзіңді тәрбиеле дегендей ата-аналарға осындай маңызды ақпараттарды көп білу керек. Келешек болашақ жастардың қолында. Мына сіз бен біздің балаларымыздың.