Home » Мақалалар » Дамыту ойындары арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың  танымдық әрекетін арттыру

Дамыту ойындары арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың  танымдық әрекетін арттыру

Садуақас Жадра Қуанышбайқызы,
Астана қаласы әкімдігінің
№36″Балапан» балабақшасы тәрбиешісі


        Бүгінгі мектепке дейінгі жастағы балалардың толық интеллектуалды даму мәселесі әлі де өзекті. Себебі, қазіргі таңдағы балалардың ұялы телефондар мен компьютерге аса көп көңіл аударатындықтан олардың ойлау қабілетінің төмендігі, сөздік қорының аздығы, зейінінің болмауы жиі кездеседі. Ал, интеллектуалды толық дамыған мектеп жасына дейінгі бала сабақты жақсы оқиды, берілген материалды тез қабылдайды, өзінің күшіне сенімді, айналасындағылармен тез тіл табысады. Сол себепті мектепке дейінгі білім беру мекемесінде ұйымдастырылған оқу-тәрбие үдерісінде зейін, есте сақтау, ойлау қабілеті, елестету, сөздік қорын дамытатын және жаттықтыратын жұмыстарға көп көңіл бөлінеді.
 Баланың өмірге қадам басатын алғашқы қимыл-әрекеті-ойын екені сөзсіз, бұл туралы қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбайұлы: «Ойын ойнап ән салмай, өсер бала бола ма?» — деп айтқан. Ойын арқылы бала өмірден көптеген мәліметтер алады, өзінің психологиялық ерекшеліктерін қалыптастырады, яғни ойын арқылы бала білім алады. Бала зейіні қажет ететін, әдейілеп ұйымдастырылған ойындар оның ақылын, дүниетанымын кеңейтеді, мінез-құлқын, ерік-жігерін қалыптастырады. Балалар ойын барысында өздерін еркін сезінеді, ізденімпаздық, тапқырлық әрекеті байқалады (сезіну, қабылдау, зейін қою, ерік арқылы), түрлі психологиялық түсінікпен сезім әрекетіне сүңгиді. Баланың таным –түсінігі, іс-әрекеті ойыннан басталады, оның негізі тіпті болашақ өмірінде жалғасын табады. Ойын түрлерінің ішінде жоғарыда атап өткен дамыту ойындары баланың ақыл-ойын дамытып, оқу іс-әрекетіне қызығушылықтарын арттырады. Осы орайда мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында қолдануға болатын дамыту ойындарының төмендегідей түрлерін атап өтуге болады: есте сақтау мен зейінді дамытатын ойындар; мәдениетін ойлауды жетілдіретін ойындар; шығармашылық қиялды дамытатын ойындар; психогимнастика, мимикалық жаттығулар, сөздік қорды дамыту. Ойын ұйымдастыруда тәрбиеші өзі жетекші бола отырып балаларды ойнай білуге, ойын ережесін сақтауға, әрі оларды ойната отырып ойлануға бағыттайды, заттың атын немесе қасиетін есінде сақтап қалуға жол ашады, ойынға қызықтыра отырып зейінін, қиялын дамытады. Баланың шығармашылығын дамытуға бағытталған имитациялық ойындар, атап айтсақ «Біздің көңіл-күйіміз», «Қоянның көңіл-күйі», т.б мимиканы, әр түрлі эмоцияны білдіретін сөздерді және оларды салып көрсетуге үйретеді.

Ал, сөздік ойын арқылы сөзді орынды қолдана білуге, дұрыс жауап айтуға, сөз мағынасын түсінуге, орынды сөйлеуге үйренеді. Мысалы, «Сөз ойла», «Сөз құра», «Жұмбақ ойла», «Жақсы-жаман», «Жалғастыр», «Үш сөз ата» ойындары. Бұл аталған жаттығу, тапсырмалар балалардың сөздік қорын дамыта отырып, таным белсенділіктерін және саусақ бұлшық етін дамытады. Негізгі кезеңде ауылдағы әженің ауласындағы жан-жаққа қашып кеткен күшіктерін орындарына жинап беру. Бұл жерде түстерді ажырата білуге үйрету. Балалар танымдық, әрі қимыл-қозғалыс ойынын ойнайды. Одан кейін үй жануарлары туралы білімдерін бекіту үшін ТРИЗ технологиясы бойынша ТРИЗ сағаты қолданылатын «Анасын тап» ойыны ойнатылады. Бұл жерде бала сағаттың ұзын тілімен бір үй жануарын таңдап, атын атап, оның үй немесе жабайы жануар екенін әр түрлі айтып, қысқа тілімен төлін көрсетеді. Одан кейін әженің итіне үйшік жасап беру ұсынылады. Бұл жерде «Сиқырлы планшет» тақтайшалары қолданылады. «Сиқырлы планшет» көмегімен баланың қол моторикасы, қиялы, ептілігі дамиды, ұқыптылыққа тәрбиелейді. Қорыту кезеңінде өтілген тақырып бойынша алған білімдерін бекіту үшін және кері байланыс жасау үшін тағы да ТРИЗ технологиясы бойынша «Сиқырлы шеңбер» танымдық ойыны ойнатылды. Жалпы, оқу қызметі барысында неғұрлым ойын технологиясы көп қолданылса, соғұрлым меңгерілген білім жақсы болады. Қорыта келгенде, мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық әрекетін арттыруда дамыту  ойындары маңызды рөл атқарады. Ойындар қолданылған оқу қызметінде балалар өздерін еркін сезініп, ұялшақтықтан арылып, қиялдары дамиды, танымдық қабілеттерінің деңгейі өседі.

7 комментариев

  1. Керемет! Еңбекте табыс тілейміз

  2. Рахметнұр

    Жұмыста табысты болыңыз

  3. Назерке

    Керемет! Сәттілік👍👍👍

  4. Аққанат

    Еңбегіңіз жана берсін😍😍😍

  5. Сәттілік апай!Тек алға,еңбегіңіз биіктерден көріне берсін.Ең мықты ұстаз!

  6. Қуанышбайқызы Жадра керемет мақала

  7. Аққайың

    Жадо құрбым,білікті тәрбиеші.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.