Home » Мақалалар » «Киберпедагог және оқу процесінің заманауй цифорлық өнімдері»

«Киберпедагог және оқу процесінің заманауй цифорлық өнімдері»

5 Сәуір Алматы қаласы білім басқармасына қарасты № 174 мектеп-гимназиясында «Киберпедагог және оқу процесінің заманауй цифорлық өнімдері» тақырыбында семинар өтті.

Семинар шымылдығы Наурызбай аудандық Білім бөлімінің басшысы Құсаинова Салтанат Амангелдіқызының алғы сөзімен ашылды.


-IT SMART SCHOOL Алматы қаласы бойынша бірнеше орталықтар құрылған, әр бағыттағы мектепттер бір-бірімен кәсіби түрде тәжрибе алмасуда. 11 құзіреттілік орталық бар, бүгінгі семинар жаңа техналогияларды пайдалана отырып, даму тәжрибе алмасу болып саналады.

Қала бойынша сегіз ауданан тәжрибе алмсу үшін Информатика саласы бойынша мамандар келіп жатыр. Алға қойған мақсаттарыңызға жетіңіздер, дамыңыздар, өсе беріңіздер деп тілек білдірді аудандық білім бөлімінің басшысы Салтанат Құсаинова.

Семинарда мектептің іс-әрекет жоспарын оңтайландыру мақсатында цикылды түрде жүзеге асырылатын 4 кезең бойынша кеңінен талқыланып, әр бағыт бойынша әр спикер жобаларымен таныстырды. Мысалы; Heyzine бағдарламасы- электронды журналдар, буклеттер, түрлі презентациялар жасауға қолайлы және бір бағдарламаның ішінде бірнеше бағдарламаны алып жүруімен ерекшеленеді екен. Бұл бағдарлама бойынша бастауыш сынып оқушыларының ойын түрінде математика пәнінен сабақ өткізгендігі қызызықты болды. Олар экранда берілген тапсырманы есептеп шығарып көпшіліккіе түсіндіріп берді. Одан әрі әр туындының авторы өз жұмыстарымен таныстырып жатты. Бірі өрмекші, енді бірі робат адам, дрон, жасапты, енді бірі Смарт бала жобасын жиналғандар назарына ұсынды. Қарыштап дамыған техника заманнан қалыс қалмаған оқушылардың әр жұмысн тамашалау барысында бұдан артық қандай даму керек екен? деген сұрақ туындайды екен.


— «Мектебімізде ауқымды шара өтіп жатыр, оқушыларымыздың дамуы ғылым мен технологияның дамыған заманында қалыс қалмай іздемпаз болғандары қуантады. Түлектеріміздің одан әрі дами түсуіне демеу бола білсек біздің кішкене болсада қосқан үлесіміз дер едім. Интерактивті режимде өтетін шарада барлық қатысушылар бір-бірімен байланыс орнатып, педагогикалық үдерістің негізгі элементтерін, киберпедагогикадағы сан қырлы әдістер жайлы өзара пікір алмасады» деді № 174 мектеп-гимназия директоры Маликова Арнагүл Мусразовна.

Аталмыш мектп қабырғасында директор кубогы үшін «SCHOOL TECH CUP» қалалық спартакиыда өтті. Мұндағы басты мақсат мектеп оқушыларын ғылым мен технологияға шабыттандыру және балалар арасында инжинерлік мамандықтардың маңыздылығын насихаттау болып табылады. Сайысқа сегіз аудан бойынша 100 оқушы қатысып бақ сынады. Робототехника жарысында командалар робо-Сумо, сызық бойымен жарыс, кегельринг категориялары бойынша сызыққа түсіп, «IT-STURTUP» санатында жоба қорғалды. Сайыс соңында жүлделі орын алғандар мараппатталды. Бірінші орын алғандар директор кубогына ие болды. Осылайша аталмыш мектеп-гимназиясы қабырғасында өткен семинар да спартакияда өз мәресіне жетті. Жиналғандар жанкүйер болып, жаңаша серпіліспен өз ризашылықтарын айтып тарқасты.

«BILIM AYNASY»
Жұлдыз Елеукен
Алматы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.