Home » Мақалалар » Баланы неше жастан бастап мектепке берген дұрыс?

Баланы неше жастан бастап мектепке берген дұрыс?

Құдайбергенова Айнұр Серікқызы,
Астана қаласы әкімдігінің
№ 76 «Әдемі» балабақшасының тәрбиешісі

     Әдетте баланы мектепке берерде әрбір ата-ана «Балам мектепке баруға дайын ба?» деп ойланады. Бір бала зерек болады, енді бірінің қабылдау қабілеті нашарлау болады. Денсаулығында кінәрат болса, баланың оқуына, ойлау қабілетіне әсер етеді. Осы орайда балалар психологына тексерілу мүмкіндігі болмаса, психолог Жеральдина Чейни әзірлеген мынандай сұрақтарға жауап алу арқылы балаңыздың дайындығын анықтай аласыз.
1. Бала негізгі ұғымдарды пайдалана ма? (Мысалы: оң-сол, үлкен-кіші, жоғары-төмен)
2.Бала жіктей ала ма? (Мысалы: кез –келген затты бір сөзбен айтып беру)
3.Түстерді айыра ала ма?
Бала кем дегенде осы 3 нұсқауды біліп, ажырата алуы қажет. Осы сұрақтарды қоя отыра, білмегенін үйрете беру керек.
Mектеп жасына дейінгі балаларды мектепке дайындау  қазіргі таңда психология мен педагогика ғылымдарында өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Оқыту мен тәрбие мазмұны терең ғылыми негізде бола отырып, көп қырлы дәстүр мен халықтың ұлттық психологиясын бейнелеуі қажет.   Бұл көптеген жұмысты талап ететін өте  ауқымды мәселе. Яғни балабақша мен мектеп арасында өзара байланысты орнату қажет. Себебі мектеп жасына дейінгі балаларды психологиялық тұрғыда дайындап, мектепті алдын ала экскурсия жасау арқылы көрсету керек.  Алайда, психолог мамандар бұрынғы бала мен бүгінгі баланың айырмашылығы көп дейді. Қазіргі уақытта балалардың ерте жетілу акселирация синдромдарын балалардың бойынан көріп отырмыз. Өйткені, балалар өте алғыр, өте жетік біледі. Қазіргі уақытта сандық дәуір дейміз ғой, электронды технология, гаджеттер арқылы әріпті танымай жатып соларды біліп алады.Тараптардың тартысы таразының басын шайқалта береді. Әр адамның өз ұстанымы, шешімі бар. Бірақ, заң бәріне ортақ. Бұйрық негізінде бала мектепке 6 жастан бару керек немесе сол күнтізбелік жылдың соңына дейін 6-ға толса баланы 1-класқа берген абзал. Ата-аналар көп жағдайда айтады бала психологиялық тұрғыда дайын емес, дамуында ақау бар деп жатса әрине 7 жастан беруге құқығы бар. Демек, заң бойынша бала 6 жасқа дейін балабақшада және басқа да орталықтарда тәрбиеленеді. 6 жастан мектепке барады. Дегенмен, 7 жастан мектепке қабылданбайды деген нақты шектеу жоқ. Сондықтан, бұл тек ата-ананың жауапкершіндегі іс болып қала бермек.
Көптеген ата-аналар балаларының мектепке баруы үшін тек әріптерді танып, санай алса болғаны деп тұжырымдайды, әрине бұл да маңызды фактор.   Алайда, баланың мектепке психологиялық жағынан дайындығына назар аудармайды. Бұл кезең балалар үшін өте ауыр. Сондықтан балабақшада мектепалды даярлық топ тәрбиеленушілеріне өзіндік әдіс-тәсілдерін  қолданады. Барлық оқу ұйымдастырылатын қызмет барынша мектепке дайындалуға бағытталып, педагог-психолог балалармен жұмыс жүргізеді. Баланың жан-жақты дамуына, мектепке бейімделуіне ата- аналардың да қосар үлесі мол. Балаға әрдайым екі жақты көмек қажет. Мектепке алғаш бару бала өміріне үлкен   жаңалық, өзгеріс енгізеді, қоғамдағы жаңа орынға бейімделуі мен өсіп-жетілуінің алғашқы бастамасы болады.

14 комментариев

  1. Арайлым

    Айнұр Серіковна жұмысыңыздың жемісін көріңіз. ТЕК сәттілік

  2. Жұмысыңыздың жемісін көріңіз

  3. Бөле сәттілік тілеймін!

  4. Айнұр Серікқызы сәттілік 👍🏻😘

  5. сәттілік 🤗

  6. Сәттілік 👍🏻

  7. Толқын Ғалымжанқызы

    Керемет Айнұр Серікқызы жұмысыңызға тек сәттілік👍🏻

  8. Оте кушти, керемет жазылган макала

  9. Керемет

    Керемет жазылган

  10. Керемет

    Оте кушти жазылган

  11. Кушти саттилик оте жаксы

  12. Сәттілік Сары))

  13. Сәттілік!🤩👍

  14. Арайлым

    Өте пайдалы мақала, тек алға.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.